Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлемдік ғылымның айтулы тұлғасы

Бүгін, 12:00
КҮНДЕРЕК
Әлемдік ғылымның айтулы тұлғасы
WhatsAppTelegramFacebook

Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы уақыт өткен сайын жаңа қырынан танылып, әлемдік зерттеушілердің қызығушылығын арттырып келеді. Қазақ ғылымының шоқтығы биік тұлғасының өмірі мен еңбектерін зерделеуге арналған халықаралық «Шоқан форум» өтті. Ғылыми басқосу отандық және шетелдік ғалымдарды, сарапшыларды, мәдениет пен БАҚ өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.

Форумның негізгі мақсаты – ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылыми еңбектерін тереңірек зерттеу, оның әлемдік ғылым мен тарихқа қосқан үлесін кеңінен насихаттау, сондай-ақ шоқантану саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды. Басқосу барысында зерттеушілер Шоқан мұрасының әлі де толық зерделенбеген тұстарына назар аударып, ғылыми айналымға енгізуді қажет ететін тың деректер мен бағыттарды сөз етті.

Шара аясында форумға қатысушылар Шанханай ауылының маңындағы Көшен тоған қорымына барды. Мұнда ұлы ғалымның мәңгілік мекені мен мемориалдық кешені орналасқан. Олар қазақ ғылымының көрнекті өкіліне тағзым етіп, құрбан шалып, Құран бағыштады. Бұл сапар ғылыми жиынның мазмұнын тереңдете түсіп, қатысушыларға тарихи тұлғаның өмір жолы мен рухани мұрасын тағылымды тұрғыдан тануға мүмкіндік берді.

Шоқан мұрасын зерттеудің әлі де ашылмаған қырлары бар. Бұл ретте оның суретшілік өнері де назар аударуға тұрарлық. Шоқантанушы Бағдат Ақылбеков ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар көркемдік мұрасы да жүйелі зерттеуді қажет ететінін атап өтті.

Шоқан Уәлиханов ғылымның аса көрнекті өкілі ретінде артында мол ғылыми мұра қалдырды. Алайда оның еңбектері бүгінге дейін толық зерттеліп, ғылыми айналымға түгелдей енгізілген жоқ. Соның бірі суретшілік өнеріне қатысты. Шоқан қазақ халқынан шыққан алғашқы суретшілердің бірі. Қазіргі таңда оның 150-ге жуық суреті белгілі. Бұл туындыларды тек өнер шығармасы ретінде ғана емес, сол дәуірдің тыныс-тіршілігін, тарихы мен мәдениетін танытатын құнды дерек ретінде де қарастыруымыз керек, – дейді Бағдат Ақылбеков.

Бұдан кейін форумға қатысушылар Шоқан Уәлихановтың мемориалдық музейіне барды. Музей экспозициясы ағартушының балалық шағынан бастап, қалыптасу кезеңін, ғылыми ізденістерін, сапарларын және қоғамдық қызметін қамтиды. Мұндағы мұрағат материалдары мен тарихи жәдігерлер ғалымның өмір сүрген дәуірінен сыр шертіп, оның Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесін тереңірек түсінуге жол ашады.

Шара шеңберінде шоқантанушы Бағдат Ақылбеков «Алтынемел» мемориалдық музейіне Шоқан салған «Аға сұлтанның портреті» атты туындының көшірмесін табыстады. Қонақтар бұл игі іске айрықша қошемет көрсетті.

Алматы менеджмент университетінің негізін қалаушы Асылбек Қожахметов Шоқан мұрасын зерттеу мен насихаттау ісінің маңызына тоқталып, халықаралық форумның ғылыми байланыстарды нығайтудағы рөлін атап өтті.

Алматы менеджмент университетінде біз Шоқан Уәлихановтың мұрасын белсенді түрде зерттеп, оның еңбектерін зерделеп, тарихи материалдарды жинақтап келеміз. Екінші халықаралық форум осы бағыттағы білім мен тәжірибе алмасуға, ұлы ағартушының өмірі мен қызметіне қатысты жаңа зерттеулерді талқылауға мүмкіндік берген маңызды ғылыми алаң болды. Мұндай кездесулер зерттеушілер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, Шоқан мұрасын келер ұрпаққа жеткізуге де қызмет етеді, – дейді ол.

Халықаралық форум аясындағы «Шоқан рухына тағзым» атты еске алу бағдарламасы да тағылымды мазмұнымен ерекшеленді. Оған отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері қатысты. Мемориалдық кешен мен музейге ұйымдастырылған сапарлар арқылы қатысушылар ұлы тұлғаның рухына құрмет көрсетіп қана қоймай, оның өмірі мен еңбектеріне қатысты тарихи танымдарын толықтырды.
Шоқан Уәлихановтың есімі қазақ тарихында ғана емес, әлемдік ғылым кеңістігінде де айрықша орын алады. Оның зерттеулері өз дәуірінің шекарасынан асып, кейінгі ұрпақ үшін құнды ғылыми мұраға айналды. Сондықтан ғалым еңбектерін жаңаша зерделеу, әлі де беймәлім қырларын ашу және халықаралық деңгейде насихаттау бүгінгі зерттеушілердің маңызды міндеттерінің бірі. Жетісуда өткен халықаралық форум осы бағыттағы ғылыми ізденістерге серпін беріп, Шоқан мұрасының ұлттың рухани қазынасы ғана емес, адамзатқа ортақ құндылық екенін тағы бір айқындады.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Бүгін, 12:00
Әлемдік ғылымның айтулы тұлғасы

Әлемдік ғылымның айтулы тұлғасы

Бүгін, 12:00
Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 40-тан астам адамды аман алып қалды

Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 40-тан астам адамды аман алып қалды

Бүгін, 11:36
Талдықорғанда дәрігерлер науқастың жалғыз аяғын ампутациядан сақтап қалды

Талдықорғанда дәрігерлер науқастың жалғыз аяғын ампутациядан сақтап қалды

Бүгін, 11:33
Елімізде отандық фермерлерге арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қайта іске қосылды

Елімізде отандық фермерлерге арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қайта іске қосылды

Бүгін, 11:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.