Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

21 МАУСЫМ — «ЖЕТІСУ» ГАЗЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ САНЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕН КҮН

21.06.2020
РУХАНИЯТ
21 МАУСЫМ - "ЖЕТІСУ" ГАЗЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ САНЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕН КҮН
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін, яғни, 21 маусым күні Алматы облыстық қоғамдық-саяси «Жетісу» газетінің жарыққа шыққанына 102 жыл толды. Ғасыр асқан абыз басылым бетінде аумалы-төкпелі қазақ тарихының жүзжылдық бір белесі жатыр.

Зұлматты жылдар мен саяси қуғын-сүргіннің, сұрапыл соғыс пен Желтоқсан ызғырығының көне куәгері болған «Жетісу» газеті қай кезде де қоғам мінберінен үн қатып, халық мүддесін бәрінен биік қойды, билік пен бұқара арасына алтын көпір орнатты.

Қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналған басылым талай тағдырға араша түсті, талай мәселеге араласып, әділ шешілуіне ықпал етті. Сондай-ақ, кәсіби журналистердің ұстаханасына айналып, айтары бар қаншама қайраткердің қанаттануына жол ашты. Бүгін де көне басылым осы биігінен түскен жоқ. Аптасына үш рет аймақтың ең өзекті ақпараттарын ұсынатын газет танымдық, сараптамалық зерттеу мақалаларымен де оқырман тарапынан жоғары бағаға ие.

Газет атауы ең алғаш «Жетісу ісші халық мұхбыры» («Жетісу жұмысшыларының жаршысы») деп аталды. Кейіннен басылым атауы әр жылдары «Көмек», «Ұшқын», «Бұқара», «Кедей еркі», «Тілші», «Сталин жолы», «Коммунизм таңы» болып бірнеше мәрте өзгереді. Ал 1963 жылдан бастап газет «Жетісу» деген атпен шығып келеді.

1918 жылдың 21 маусымында алғашқы саны жарық көрген газет бетінде Алаш қайраткерлерінен бастап талай ұлт мақтаныштарының қолтаңбасы қалды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары газеттің таралымы бірнеше есеге өсіп, 55 мың данадан асты. 2018 жылы газеттің 500 миллионыншы данасы жарық көрді.

1918 жылдан бері «Жетісу» газетіне Сабыржан Шәкіржаннан бастап С.Ғаббасов, Қ.Абдуллин, І.Жансүгіров, И.Тайыров, Ш.Шынасылов, Т.Арабайұлы, С.Оспанов, С.Есова, С.Айтқожин, Х.Өзденбаев, О.Жандосов, Ж.Сыздықов, С.Жұмағазиев, Ә.Қарағұлов, П.Бейсенов, М.Жақыпов, Б.Мусин, Ж.Нұрқожаев, Н.Әбдірахым сынды қазақ баспасөзін дамытуға үлес қосқан бірқатар тұлғалар қолтаңба қалдырды, редакторы болды, газеттің мазмұнды шығуына атсалысты.

2015 жылдан бері газеттің бас редакторы – Әміре ӘРІН. Ол — Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы.

«Жетісу» газеті 2012 жылдың маусымында журналистика саласындағы ең жоғары марапат – «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді.

2015 жылы ғасырлық басылым еліміздегі мерзімді баспасөздерден оза шауып, Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы «Алғысын» жеңіп алды.

2018 жылы «Жетісу» газеті «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленді.

Қазіргі таңда ұжым штатында 47 қызметкер бар. Алматы қаласында газеттің тілшілер қосыны, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Алакөл, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қаласында меншікті тілшілер жұмыс істейді. Газеттің шет мемлекеттерде, атап айтқанда, Ресейде, Қытай Халық Республикасында, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түркияда, Иранда және Еуропа елдерінде тұрақты мақалалар жіберіп тұратын авторлары бар.

Басылымда 1 ҚР Президенті грантының иегері, 1 халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, 1 Журналистика академигі, 1 халықаралық «Интерньюс» ұйымының Қазақстандағы сарапшысы, 2 ҚР Мәдениет қайраткері, 3 Қазақстан Жазушылар одағының, 16 Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 3 ғылым магистрі еңбек етеді.

Газет тарихымен танысу үшін мына жерді басыңыз.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.