Талдықорған: +19°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗМЕТІНЕ БІР ЖЫЛ: САУД АРАБИЯСЫНАН ЖЕТКЕН ҚҰТТЫҚТАУ

20.06.2020
САЯСАТ
ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗМЕТІНЕ БІР ЖЫЛ: САУД АРАБИЯСЫНАН ЖЕТКЕН ҚҰТТЫҚТАУ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ туралы айтсақ, ең алдымен, саясаттану ғылымдарының докторы атағын алған халықаралық деңгейдегі мықты маман екеніне тоқталғым келеді.

Президенттің алғашқы дипломатиялық жолы сонау Кеңес кезіндегі екінші хатшы қызметінен бастады. Кейіннен бірінші хатшы, кеңесші дәрежелеріне дейін көтерілді. Ол бірнеше елде, атап айтқанда, Қытай және Сингапур мемлекеттерінде қызмет атқарып, Біріккен Ұлттар Ұйымының отырыстарына, халықаралық және аймақтық жиындарға қатысу арқылы дипломатиялық біліктілігін шыңдады.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Ерекше қарым-қабілетінің арқасында қазақ дипломатиясының көшбасшысына айнала білді. Аз уақытта Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Премьер-Министрі, кейін ҚР Парламенті Сенаты төрағасы сынды ең жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Өз елінде және шетелдерде өткен көптеген халықаралық және аймақтық конференциялар мен кездесулерге қатысып, келіссөздер жүргізу мен пікір алмасудың қыр-сырын меңгерді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының атқарған қызметтерін, жетістіктерін бір мақаланың аясында аяқтау мүмкін емес. Сонда да бір парасына арнайы тоқталып өткенді жөн көріп отырмын.

Оның ең біріншісі – 1996 жылы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қол қойғаны. Бұл Қазақстан үшін үлкен әрі маңызды қадамның бірі еді. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің Бас директоры лауазымдарын абыроймен атқаруы бәріміз үшін мақтаныш.

Мемлекет басшысы – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деген атақты сөздің авторы. Ол – өте байсалды, аз сөзді іскер, жақсы оратор. Ол ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өте жақын серігі. Елбасының өмірлік ұстанымдарынан, көшбасшылық және қиындықтардан шешім таба білу сияқты қасиеттерінен өзіне көп тәжірибе жинақтаған мемлекетшіл тұлға.

2019 жылдың 20 наурызында «Нұр Отан» партиясы, Парламент Сенаты пен Мәжілісінің бірауыздан қолдауымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті лауазымына кандидатурасы ұсынылды. Кейін сайлауда жеңіске жетіп, 2019 жылдың маусым айында жер көлемі жағынан Ислам әлеміндегі ең үлкен мемлекет, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт елдің ортасында орналасқан Қазақстан Республикасының Президенті атанды.

Қазақстан Араб елдерімен тамыры тереңде жатқан Ислам діні арқылы да тығыз байланысады. Әсіресе, Қазақстан мен Араб түбегіндегі елдер арасында өте ерекше әрі жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар орнатылғанын баса айтқым келеді.

Қазақстан Президентінің несие қарыздарын кешіру туралы бастамасы да құптарлық дүние. 2019 жылдың 26 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев 500 мыңға жуық қазақстандықтың шамамен 300 мың теңге көлеміндегі банк алдындағы берешегін кешіру туралы Жарлыққа қол қойып, халықтың қолдауына ие болды. Сондай-ақ, Президент мұғалімдердің жал­ақысын көтеру мәселесіне де ден қой­ды. 2019 жылдың Тамыз конферен­циясында Президент мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тап­сырды.

Болашақ – білімділердің қолында. Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді жүктеді. Бұдан бөлек, Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдауға баса көңіл бөлінеді. Осы орайда Президент Үкіметке шағын және орта бизнес саласындағы компанияларды 2020 жылдың басынан бастап табысқа салынатын салықтан 3 жылға босатты. Мұндай игі бастамалардың бәрі ел игілігі үшін екені айтпаса да түсінікті.

Президенттің әр сөзі дәлелді, көпшіліктің қолдауына ие. Оның айқын айғағы ретінде коронавирус пандемиясына қатысты жасаған мәлім­демелерінен аңғаруға болады. Президенттің осындай қиын-қыстау кезеңдегі сөзін халық асыға күтетіні белгілі. Ол көрегенділігі мен жігерінің арқасында Қазақстанды осы пандемия мен оның салдарынан аман алып шықты. Ол әрқашан жастарға қолдау білдіріп, іскерлікке, көшбасшылыққа үндеп жүреді.

Мемлекет басшысының қызметіне бір жыл толып отыр. Осыған орай, Жоғары мәртебелі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаны шын жүректен құттықтаймын. Оған сәттілік пен жетістік, зор денсаулық, мемлекетке бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілеймін. Бауырлас қазақ халқы гүлдене берсін!

Дахир АЛЕНАЗИ,

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы бұрынғы Елшісі

ғылым докторы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

Наурыз – тәлім мен тәрбие өзегі

26.03.2026
Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

26.03.2026
Алимент өндіру жеңілдейді: Сенат маңызды хаттаманы қабылдады

Алимент өндіру жеңілдейді: Сенат маңызды хаттаманы қабылдады

26.03.2026
Ресми қашан тіркеледі? Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер жолы

Ресми қашан тіркеледі? Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер жолы

26.03.2026
Қазақстан криптовалютаға $700 млн салмақ: Ұлттық банк жаңа стратегияны іске қосады

Қазақстан криптовалютаға $700 млн салмақ: Ұлттық банк жаңа стратегияны іске қосады

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.