Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«БӘРІНЕ КЕҢДІКПЕН, КЕШІРІММЕН ҚАРАЙТЫН»: ЕНЕ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК

01.06.2020
ЖАНСАРАЙ
"БӘРІНЕ КЕҢДІКПЕН, КЕШІРІММЕН ҚАРАЙТЫН": ЕНЕ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК
WhatsAppTelegramFacebook

Бар-жоқты түгендеп жүріп біраз жасқа да келдік. Кейде өмірдің алашапқынымен қасымыздағы адамдардың қадірін білмей жатамыз. Осындай бір ойға берілгенде, ата-енем есіме түседі. Бүгін сол кісілер жайлы аз-кем қалам тербегім келді. Жаны жаннатта болғыр, ата-енем асыл адамдар еді. Екеуі де момын, қақ-соқпен жұмысы жоқ, сабырлы, барға — қанағат, жоққа — салауат айтып отыратын. Атам жер қозғалса да қозғалмайтын. Көп жағдайда үйдің бар-жоғын енем түгендейтін.

Бір шаңырақтың жетінші баласы болып, алдыңғыларға сеніп, ештеңе істемей өскен мен еркетотайлау болдым. Басында шай құйып, үй жинағансып жүргенмен екінші абысыным түсісімен бірден төрге шығып алдым. Білмеймін, әйтеуір елден жоғары отырғанды ұнататынмын. Ондайда енем: «Гүлжан атүсті жүріп үйреніп кеткен. Шаруаларыңды өздерің істей беріңдер. Барсыңдар ғой», – деп мені жақтайтын.

Мұның не деп қайын әпкелерім де айтпапты. Кейіннен енем дүние салған соң қайын әпкелерім: «Ал кімге арқа сүйер екенсің? Жақтаушың жоқ, енді бізге шай бересің», – деп қалжыңдайтын. Сырт көзге байқатпағанмен жанарым жасқа толып кететін. Өзімнің ақымақтығым мен енемнің кең жүректігіне таңғаламын.

Арасандағы үлкен шаңырақта барлығы он шақты адам тұрамыз. Бізді жұмсағысы келмей ме, жоқ, сендер істеңдер деп айтуға батпай ма, нанды өзі жауып, бір қазан көжені күнде өзі жасайтын.

Бір күні қалаға баратынын айтып, нанды өздерің пісіріңдер деп кетіп қалды. Ол кісі жолаушылап кеткен соң үйдің үлкенімін ғой деген оймен нан илемекші болдым. Иледім. Жақсылап орап қойдым. Ашыды-ау дегенде тегештің бетін ашып қарасам, ашымапты. Тағы бір сағат қойып қойдым. Ашымады. Үйдегілер қарындарының ашқанын айта бастады. Не де болса пісірейін деп табаға салдым. Ашып қарасам көк-аяз, қатып қалған. Содан қайным Жанасыл: «Ашытқы қосып па едің?» – дегенде, қоспағаным есіме түсті. Ол менің бақырайған көзім мен мағынасыз түрімнен нанды дұрыс илемегенімді түсінді. Сөйтіп, бір тегеш қамырды тастадық.

Тоқсаныншы жылғы жоқшылық кез еді. Нан мен көже жасап отырған бар-жоғы екі қап ұнның біразын итке рәсуә қылғаныма жылағым келді. Сол қылығымды енем келгенде жерден жеті қоян тапқандай өзім айтып бердім. «Е, жас кезде не болмайды?! Солай үйренесіңдер ғой», – деді де қойды. Ол кісінің орнында мен болсам, шыққан шығынды айтып, бәрін қырып жіберетін едім. Бірде атамыз кіші абысыным екеумізді көрші ауылдағы қайын әпкем Фарида тәтенің үйіне қыдыртып апармақшы болды.

Қыс кезі еді. Таулы жердің аязы қатты. Алдымен абысыным Гүлжан екеуміз шанаға отырдық. Атам екеумізді қымтап жүр. Аяғымызға өзінің ішігін әкеліп жапты. Атты қашадан жетектеп шығарды да, соңынан алдыңғы жаққа өзі жайғасты. Байқамады ғой деймін, аяғымның үстіне отырып алды. Аяғымды қозғалтайын десем, ұяламын. Айтпайын десем, ұйып барады. Не де болса шыдайын. Сонымен, көрші ауылдағы апайымыздың үйіне жеткенше сирағым сіресіп қалды. Жеткен соң түсейін десем тіземнен төмен қарай ұйып қалған, жан жоқ. Басқалардың демеуімен сүйретіліп жүріп шананы әрең босаттым.

Қазір сол күндердің бәрі – сағыныш. Енем бара қалсам: «Алғаш көрген қуанышымсың ғой. Сен келсең, ел көшіп келгендей қуанамын», – деп отыратын. Қайран біздің аналар қадірді асыратын. Соңғы жылдары Асылхан анамыздың жанары көрмей қалды. Үйге келсе, тамағын берген соң басқаларға:

– Мені мамаша сұраса, осында жүр деп айта салыңдар, – деп құрбыларыммен дүкен аралап, моншаға барып келетінмін. Келген соң аузыма сөз тұрмай, қайда болғанымды айтып қоямын.

Ондайда әдемі ғана күлімдеп:

– Барыңдар, елден қалмай жүріңдер. Қатарыңмен ойнап-күлгенге не жетсін?! – деп ренжімейтінін білдіреді.

Адамның басы – Алланың добы. Бірде өзім де ауруханаға түстім. Қасымда жатқан апа әдемі халат киіп алыпты. Ішімнен аман-есен шықсам, енеме дәл осындай халат әперемін деп ойладым. Ауруханадан шығып, есімді жинаған соң сол киімді іздедім. Бірінші кірген дүкенімде мен іздеген киім тұр. Түсі де, оюы да дәл сол. Қуанып кеттім. Енеме беріп тұрып, игілік-қуанышыңызға киіңіз деудің орнына ауруханаға жатқанда киіңіз деппін. Әлгі апаның емдеу орнында киіп жатқаны көз алдыма келген болу керек. Сол жылы енем сырқаттанып, сауықтыру мекемесіне түсті. Барсам мен әперген әдемі, көк халатты киіп алыпты. Сол кісінің ауырғанына өзім кінәлідей сезіндім. Ойланбай сөйлей салатыныма өкіндім.

Енем алтын адам еді. Мен бара қалсам, ақырын сыбырлап, қалтасында ақша бар екенін айтатын. Бөлмеде екеуміз ғана қалғанда шүберекті ашып, ішінде қанша ақша барын сұрайды. Өзінің көзі көрмейді ғой. Мен қанша барын айтамын. Ол болса біреуін маған ұстатады. Алмаймын деп азарда-безер болсам да, машинаңа жанармай құйып ал деп қоймай, қолыма ұстатып жібереді. Осының барлығы кино лентасындай көз алдымнан өтеді.

Қайтыс болғанда ішім удай ашыды. Пенделікке салынып, ренжітіп алған кездерімді ойладым. Еш уақытта сен дұрыс істемедің деп айтпады. Бәріне кеңдікпен, кешіріммен қарайтын. Өмірден өткен соң бір аптаға жетпей түсіме кірді. Есік алдындағы ұзын жолмен кетіп барады екен. Жап-жас. Дәл мен келін болып түскендегі әдемі қалпы. Басына аппақ орамал тағып алыпты. Маған қарап риза көңілмен қолын бұлғап, басын изеді. Әдемі болып жүргені жұмақтан орын бұйырған екен деп жорыдым. Алтын енем, жатқан жеріңіз жайлы болсын. Атам екеуіңізге біз ризамыз.

Қолымыздан келетіні – Құран бағыштау. Көз алдымызда жылы жүзіңіз және ата-аналық қамқорлықтарыңызбен қалдыңыздар. Жаннатта нұрларыңыз шалқысын!

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Маңызды кезең

10.02.2026
Өңір экономикасының тірегі

Өңір экономикасының тірегі

10.02.2026
Амангелді ән салған Италия: қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

Амангелді ән салған Италия: қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

10.02.2026
1 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Жетісуда күн райы құбылады

10.02.2026
Марат Шибұтов: Жаңа Ата Заң жобасы референдумға шығаруға толық дайын

Марат Шибұтов: Жаңа Ата Заң жобасы референдумға шығаруға толық дайын

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.