Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖЕҢІС МАРАФОНЫ АЯҚТАЛДЫ

23 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖЕҢІС МАРАФОНЫ АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Жеңістің 75 жылдығына арналған «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» мерейтойлық марафоны аяқталды. Патриоттық жобаның басты мақсаты – соғыс тарихындағы нақты бір отбасының тарихын еске алу. Зияткерлік мектептердің оқушысы, мұғалімі және ата-анасы өз отбасыларының тарихын майданнан келген хаттар мен суреттер, сонымен қатар, соғыс және тыл ардагерлерінің естеліктері арқылы ұсынды.

Марафон бойы әлеуметтік желілердегі NIS-тің ресми аккаунттарындағы жарияланымдар Жеңіске арналды. Онлайн форматта шаңырақтарда майдан және тыл ардагерлерімен кездесу, «Жеңіске тағзым» ерлік сабақтары өтіп,  «Менің отбасымның ардагер батыры» зерттеу жобаларының қорытындысы жарияланды.

Қашықтан көрсету форматындағы «Ол күндердің даңқы өшпейді» ән челленджі, «Мен батырдың ұрпағымын» арт челленджі, «Жеңісті жырлаймыз» көркемсөз оқулары көптің қызығушылығын тудырды. Әр мектепте оқушылар отбасы мұрағатында сақталған майдан хаттары мен суреттерін көрсеткен «Соғыс туралы монолог», «Майданнан хат», «Отты жылдар жаңғырығы – отбасымда» деректі фильмдері дайындалды. Дала поштасынан жолданған әрбір сарғайған үшбу хатта бейбіт өмір туралы армандар мен жоспарлар, үй іші және жан достармен хабар алмасу, туған жеріне деген сағыныш көрсетілді.

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дамир Бекеновтің атасы Қадан Бекенов Берлинді алуға қатысқан. Қарағанды қаласындағы НЗМ-нен Мирас Дауытқазының атасы, әскери дәрігер Шәріп Сексенов майдан даласында 15500-ден астам ота жасапты. Өскемендік зияткер Алдияр Аубакировтың атасы Махмет Қайырбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп  мұғалімі Эльмира Акимованың әкесі, ұстаз Тұрсын Акимов сұм соғыс басталысымен өз еркімен майданға аттанған. Алматылық химия-биология бағытындағы мектептен Богдан Мироновтың атасы Григорий Миронов Ладога көлінің әйгілі «Өмір жолымен» Ленинград блокадасына азық-түлік жеткізіпті.

Тегін бүгінде Қостанайдағы Зияткерлік мектеп оқушылары Диар мен Санжар Куставлетовтер алған Абдрахман Куставлетов өзінің ұлы Ахметбекті атқыштар мектебінде кездестірген. Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен Батырхан Сарсеновтың атасы Шамсутдин Сарсенов кеңес барлаушылары құрамында Тегеран конференциясында «Үлкен Үштік» көшбасшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

«Білімге ұмтылыңыздар!» шымкенттік физика-математика бағытындағы мектеп оқушысы Абылай Кеңестің атасы Анас Алимов немерелеріне осындай өсиет қалдырды. Жеңіс марафоны кезінде отбасы мұрағатындағы әсерлі, жан теберінтер жүздеген бірегей оқиға баяндалды.

Соғыс жылдарында Орал қаласының үш аэродромынан әйгілі ұшқыштар Хиуаз Доспанова мен Леонид Беда әуеге көтерілген, бірінің орнында қазір Назарбаев Зияткерлік мектебі орналасқан. Денсаулығына байланысты майдан қатарына алынбаған Әділбек  Демесінов бар мүлкіне әскери ұшақ сатып алып, тылда нағыз ерлігімен танылған. Иван Сусанин атындағы костромалық мұражайда 53-ші Сусанин ретінде Байшыған Бектұрлиев аты тұр, оның ерлігінің арқасында Қазақстанның батысында Гурьев мұнай өңдеу зауытына бара жатқан жау десанты жойылған, аты аңызға айналған ақсақал – оралдық Зияткерлік мектеп оқушылары Әли мен Мерей Есенгелдиндердің атасы. 9 мамыр күні павлодарлық зияткер Аружан Халықованың апасы, тыл ардагері Күлжаупар Қожановаға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірімділік көпірі» волонтерлік клубы жүргізген әлеуметтік-зерттеу қорытындысы бойынша «След войны в истории моей судьбы» атты жинақ шықты. Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Кестелi орамал» акциясы кезінде оқушылар мен мұғалімдер соғыс пен тылда тер төккен ардагер туыстарының атын кестелеп жазды. Жеңіске 75 жыл толғанда Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Светлана Озган әріптестерінің көмегімен атасы Озган Косановтың жерленген жерін тапты, отбасы бұл іздеуді 1943 жылы бастаған екен.   

Жүздеген әңгімелер мен фильмдер, майдан хаттары мен суреттер – барлығы да Ұлы соғыстың және оның майданы мен тылында ерлік көрсеткен ең жақын адамдардың шынайы әрі егжей-тегжейлі келбеті, ал ондағы кейіпкерлердің аты марафонға қатысушылардың мақтан тұтар тегіне айналған. Естеліктер лентасында оқушылар Жеңіс күнін неліктен көзді жасқа толтыра тойлайтын мереке екенін түсінгендерін, майдан хаттары мен суреттер, жерлеу туралы хабарламалар, орден кітапшалары, әскери марапаттар, ардагерлердің қол сағаттары – әрбір қазақстандық отбасы үшін құнды жәдігерлер екеніне көз жеткізгендерін мойындады.

«Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» марафоны Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық оқушылары үшін ерлік пен патриотизмнен сыр шерткен шынайы сабаққа айналды. Қазіргі таңда NIS желісінде электронды «Естеліктер мұрағатын» жасау қолға алынған. Айтулы марафонды дәстүрлі түрде жыл сайын мамырдың бірінші онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.