Талдықорған: +21°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚАЗІРГІ ӘЙЕЛДЕРДЕ АРМАН ЖОҚ»: ТОҚСАНДЫ АЛҚЫМДАҒАН АПАНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

03.05.2020
РУХАНИЯТ
"ҚАЗІРГІ ӘЙЕЛДЕРДЕ АРМАН ЖОҚ": ТОҚСАНДЫ АЛҚЫМДАҒАН АПАНЫҢ ӘҢГІМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемді жайлаған вирус бірімізді шүкіршілікке үндесе, бірі байбалам салып, үрейге бой алдырған. Карантин енгізілген соң таңертең жұмысқа кетіп, кешке шаршап қайтатын ата-ана күндіз-түні бала-шағасының жанында. Балабақша, мектепке баруды қойған ұл-қыз «балалы үй – базар» ұғымын айқындай түскен. Міне, осылайша шағын мемлекеттің ұясына шаттық орнады.

Аштық, соғыс, ұжымдастыру, тың игерудің зардабын көппен көрген қарт тоқсанды алқымдаса да тамақ жасап, дүкенге де өзі барады. «Қартайдым, құлағым естімейді, көзім көрмейді» деп жатқан жоқ. Күндіз-түні тілін кәлимаға келтіріп, ұрпағының амандығын тілейді. Жұмыс барысымен жан-жаққа қоныс тепкен ұл-қызы тек демалыс кездері ғана немере-шөберелерін шулатып, жанына жайлылық сыйлайды.

Елде төтенше жағдай енгізілгелі бері сағынып көрісетін жандар жиі келетін болып жүр. Бірақ көп тұрақтамайды. «Ішім пысты, үйде уай-фай, компьютер жоқ» деген сылтауларын жаудырған соң, ата-анасы қайтып алып кетеді. Осындай көріністің бірінде, шай ішіп шекесі тершіген апам бір әңгіменің шетін шығарды.

– Қазіргі жастарға таңым бар. Қолдарынан телефон тастамай, таң атқанша шұқылайды да жатады. Көздерінен не қалды? Ертең жасына жетпей қарттықтың қамытын киеді-ау. Тым құрыса, біздің бала кезіміздей кетпен алып, жер қазып жатқан жоқ. Қаланың баласы бәрібір әлжуаз болып өседі. Ауыл балалары отын-су тасып, тезек шығарып, өмір сүруге икемделіп өседі. Жұмсасаң болды, қабақтарынан қар жауып, қоқыс шығарудың өзіне ерінеді, – деп жатқанда сөзін бөліп: «Өзіңіздің балалық шағыңыз қалай өтті?» – деген сұрақ қойдым. Немересінің сауалы өткенге көз жүгіртіп, ескірген естелікке қайта оралтқан болу керек, аз үзілістен соң, жанды әңгіменің тиегін ағытты.

– 7 жасымда енем бір сиырды бұзауымен байлап, үкі тағып кетті. Оны «Бата аяқ» дейді. 15 жасқа келгенде ұзатылдым. Қазіргідей ұлан-асыр той жоқ. Бір шәугім шаймен-ақ жасап берді тойымызды. Енемді – апа, қайын атамды – әке, қайын ағамды – Жәке, қайын інілерімді Кенже, Кенжетай, Төрежан, қыздарды – Ақылдас, Көзжақсым дейміз, – деп еңбекпен тапқан наның тәтті екендігін сөз етті. – Ертеден қара кешке дейін емшектегі баламен жұмыс істейміз. Мал бағу, шөп, ши ору, қырманда бидай ұшыру бәрі мойнымызда. Түсте қой жатқанда тамақ пісіріп, киім жуып үлгереміз. Жеті сайын қоныс аударамыз. Шөп орғанда емшектегі баламен қалып қаламыз. Елдер басына шығып алады. «Бесігі бардың белі тынады. Бесігі жоқтын белі сынады» деген содан шыққан. Баласы жоқ әйелдер бізді: «Дем алуға кетті», – деп көре алмайды. Емізіп болған соң солармен бірге бәрібір жолымызды орып бітіреміз. Қазір дайын от, газ. Әйелдер мал бағып, от жағып жатқан жоқ. Қазіргі әйелдерде арман жоқ. Біз ол уақытта тау-тасты кезіп, қаңғып жүретінбіз.

Он бес құрсақ көтеріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, алып бәйтерекке айналған сүйегі асыл ананың айтқаны осы. Күндіз-түні бала-шағасының қасынан табылып, барын солардың алдына тосып, білгендерін үйретіп жеткізді. Ешкімнен кем қылмады, оқытып, тоқытты. «Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деп ешқайсысын бөліп-жармай, бар махаббатын арнады. Бұл тек біздің әжейдің емес, ақынды да, батырды да өмірге алып келген қазақ әйелінің бейнесі.

Біз де бала кезден нағашы апа деп өстік. Шын есімі Сейілхан екенін кейін білдік. Тек біз емес, ауыл балаларының бәрі ол кісіні нағашы апа деп атайтын. Бал жағып қойғандай бәріміз нағашымның үйін айналсоқтап жүреміз. Құдықтан су тасу, табыннан сиыр күтіп алу секілді ұсақ-түйек шаруаларын таласа орындаған соң, есесіне кәмпит, мейізге қарық қылады. Кей құрдастарым сол шақтарды еске алып: «Сендерге қосылып, біз де нағашы апа деуші едік. Сөйтсем біздің нағашы апамыз басқа кісі екен ғой», –  деп күледі.

Кейіннен ауылдағы үйін сатып, қалаға көшіп келді. Сонда да аңсары ауылда. «Төрт қабырғаға қамалып отырғанша, отымды жағып, құрақ құрап, май шайқап отырғанға не жетсін?!», – деп жер үйін сағынады. Бойдан қайрат кеткен соң, істерге амалы қайсы? Бұрынғыдай алып-ұшуға мүмкіндік те, күш-қуат та жоқ. Ертелі-кеш Құдайға құлшылық қылған оның жанына соңынан ерген тұяқтарының бағындырған белестері медет. Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін оқыған сайын ойыма бірінші оралатын кісі осы апам. Қарайып жүргенде: «Неге бар білгенін, асыл қасиеттерін бойымызға сіңіріп алмаймыз?» – деген сұрақ көп мазалайды. Осы кісілердің берген тәрбиесін он университет те бере алмайды емес пе?!

«Әке, мені арқалашы» деп кенже қызы мойнына асылды. Теледидарды сөндіріп, қызының қылығына еліткен әке балалық шағына саяхат жасады. Анасы ұлдарына сабақ оқытып әлек. Осы көрініс күнде қайталанады. Ерлі-зайыпты екеуі «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мағынасын енді сезінгендей, шаңырақ шуағына бой жылытты.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Байланыс аясынан тыс жерде

Байланыс аясынан тыс жерде

14.06.2026
Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.