Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АҚЖОЛТАЙ АЗАМАТ

30.04.2020
ЖАНСАРАЙ
АҚЖОЛТАЙ АЗАМАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Азаматтың абыройын асқақтатып, беделін биіктететін, мерейін өсіретін  ең басты нәрсе – жемісті  еңбегі  арқылы келетін құрмет екендігін жастайынан түсінген Ақжолтай Көлбаев асқақ арманына жету үшін  оқып, білім алып, мамандық  игеруді мұрат тұтты. Сол оймен Талдықорған қаласындағы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын ойдағыдай аяқтап, шаруашылыққа жолдама алды. Гвардия ауданындағы Киров атындағы кеңшарда  мамандығы бойынша зоотехник  болып жұмысқа орналасты. 

Ат жалын тартып мінгеннен еңбекке араласқан балаң жігіт жұмысқа ынталана кірісті. Меңгерген мамандығы бойынша  шаруаға икемділігін бірден аңғартып, біліктілігін арттыруға құлшына кірісті. Содан кейін шаруашылықтың үлкен бөлімшесін басқаруға жіберілді. Көпшіліктің тілін тауып, бірлесіп  жұмыс істеудің нәтижесінде ферманы он төрт жыл басқарып, мал өсіріп, оның өнімдерін молайту жолында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.     
Жұмысты ұтымды жүргізудің тәсілдерін  жете білетін Ақжолтай Көлбаевқа ендігі жерде ірі шаруашылықтың, оның ішінде  экономикалық көрсеткіштері төмендеп, мал өнімдерін өндіруді күрт азайтып  жіберген Көксу ауданындағы Ленин атындағы кеңшардың кері кеткен шаруасын жандандыру міндеті тапсырылды. Іскерлік-ұйымдастырушылық қабілетімен танылған Ақжолтай басшылық тізгінін  қолға алысымен  қарызға батып, қожыраған шаруаны оңалту жолындағы жауапты  іске бар ынтасымен құлшына  кірісті.  Кәсіби мамандармен, бөлімше меңгерушілерімен бірлесіп, күрделі мәселелерді ақылдасып шешіп, алға нақты міндеттер қойды. Осылайша алға қойған мақсатты орындауға жұдырықтай жұмылудың нәтижесінде ілкімді ілгерілеуге күрт бетбұрыс жасалды. 
Сол жылдары социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, алдыңғы қатарлы шаруашылықтармен иық тіресіп, мәртебелері биіктей түсті. Осы кеңшарды басқарған жеті жылдың ішінде шаруашылықтың экономикасы нығайып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қомақты үлес қосты. Бұрын артта қалып келген  кеңшар экономиқалық көрсеткіштері бойынша   аудан ғана емес, облыс бойынша алдыңғы саптан көрініп, жетістіктері басқаларға тәлімді тәжірибе ретінде ұсынылды. 
Іскерлік тәжірибесі толысқан Ақжолтай Көлбаев аудан басшылығының ұйғаруымен Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаева басқарған  «Еңбекші» кеңшарында директордың орынбасары, осы шаруашылықтың Бесқайнар ауылында бөлім басшысы, кейін бас зоотехник болып он бес жыл табан аудармай еңбек етіп, мамандығының сыры мен қырына жете қанықты. Еңбек ете жүріп Семей мал шаруашылығы институтын сырттай оқып бітірді.
Ауылшаруашылығы саласында  тұрақты қызмет атқарған Ақжолтайдың  көп жылғы жемісті еңбегі тиісті  орындар тарапынан лайықты бағасын да алды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерін омырауына жарқыратып тақты. Сонымен бірге Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің үш  мәрте күміс және бір рет қола медальдарымен марапатталуы ерен еңбегінің мәуелі болғандығын дәлелдей түссе керек. 1979 жылы  Талдықорған облысы бойынша қант қызылшасы дақылын өсіріп,  тәтті түбір  өнімін  жинауда жоғары көрсеткішке жеткендігі  үшін ол облыстық ауылшаруашылығы көрмесінің жеңімпазы атанды. Облыстық партия комитеті мен облыстық атқару комитетінің шешімімен оған «Волга» автокөлігінің кілті салтанатты жағдайда  табысталды. Көксу ауданының Құрметті азаматы атанды. 
Есіміне лайықты жолы болғыш ақжолтай азамат деуге әбден лайықты  жаны жайсаңның нақ өзі.  Ол жеке басының іс-әрекетімен, сөйлеген сөзімен, кісілік келбетімен, сыпайы сырбаздығымен, ілтипатты  инабаттылығымен, болмыс-бітімімен, тәлім-тәрбиесімен, адами қасиеттерінің молдығымен де ерекшеленеді. Ерлі-зайыпты Ақжолтай мен Секердің жүректерінің  жомарттығын, алақандарының ашықтығын айналасында жүргендер жақсы сезінеді. Туған-туыстары,  замандастары мен жора-жолдастары арасында беделдері де жоғары. 
Ақжолтай жүрек қалауымен Қожамберліқызы Секер екеуі шаңырақ көтеріп, өмірге үш ұл мен екі қыз әкелді.  Осы  балаларының жоғары білім алуына әкелік қамқорлық жасап, отбасылық тәлім-тәрбиесін ұлттық үрдістер тұрғысында қалыптастырғаны көпке ұнайтын  үрдіс десе болады.  
Әкесін тірегіндей, анасын жүрегіндей сезініп өскен берекелі отбасында әке мен  ананың мейіріне қанып, ыстық құшағында жүректің жылуын сезініп ержеткен ұлдары мен қыздарының да қанаттарын кең жайып, Мәңгілік ел іргесін бекемдеуге білімі мен біліктіліктерін құлшына жұмсап жүргендеріне  әркім-ақ сүйсінеді. Ерлі-зайыптылар тәрбиелеп өсірген осынау  балаларынан бүгінде он екі немере, екі шөбере сүйіп, отбасының шаттығын шалқытып  отырған ақылман ата,   аяулы әже.
«Ананың басқан жерінде пейіш бар» дегендей, Ақжолтайдың құдай қосқан қосағы Секердің келбетінің көріктілігінен  жан дүниесінің сұлулығы қашанда басым түсіп жатады. Ардақты ананың ақ ниеті дариядай шалқар деуге лайық. Сегіз қырлы, бір сырлының өзі. Бармағынан бал тамған кәнігі аспаздығы және бар. Ақжолтай мен Секердің және бір ерекшелігі – екеуі үлкен әулеттің ақылшысы, сүйеуі мен тіреуіндей  жанашырлары әрі шынайы қамқоршылары. Абзал жандардың көпке танымал отбасы екендігін біз әрдайым мақтан етеміз. 

Аманғазы ШЕГІРОВ,
Алматы облысының 
Құрметті азаматы

Марат БАЙҚАНОВ,
Ақсу ауданының 
Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.