Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖАБЫҒУДАН САҚТАЙДЫ»: КАРАНТИНДЕ КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

25.04.2020
РУХАНИЯТ
"ЖАБЫҒУДАН САҚТАЙДЫ": КАРАНТИНДЕ КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

«Соңғы оқыған кітабыңыз жайлы айтыңызшы?» «Ұяттымын. Қол тимейді. Студент кезімнен кейін кітап қолға алмаппын». Ал енді қол тимек түгілі, бос уақыттан зеріге бастадық. Кітап оқуға қол тимеген кездің есесін қайтаратын кез келді. Әр нәрсенің  қайырымы бар.

Шынын айту керек, төтенше жағдай басталғалы біраз кітапты парақтадық. Туған ел мен жерді көз алдыға әкелетін Сайын Мұратбековтің шығармаларын қайта қарап шығуды армандап жүр едім. «Басында Үшқараның…» атты кітабын жата-жастана оқыдым.

Мына індет жайлап тұрған қауіпті кезде кітап оқығанның пайдасы көп. Көңіл көкжиегіңді кеңейткен өз алдына, уақытың да тиімді өтеді. Көңіл-күйің күңіренбейді. Кейіпкермен бірге жастықтың бал шағын басыңнан өткізіп, қаланың қым-қуыт тірлігінен алыстап, жусаны көп жерлерге барып-қайтасың. Сайын жазушы ауыл өмірін, бозбала мен бойжеткеннің аңғал да алғаусыз махаббатын қаз-қалпында көз алдыға келтіретін қаламгер. Кей шығармаларда кейіпкерлерді шатастырып аламыз. Ал Сайын Мұратбековтің әңгімелеріндегі кейіпкердің кескін-келбеті көз алдыңда біржолата қалады. Әр адамның мінез-құлқын, болмысын қалыптастырып береді. Тілге жеңіл, жүрекке жылы.

Бүгінгі таңда дәрігерлер де осындай жеңіл кітаптар оқуға кеңес береді.

– Алмағайып, жаның тыным таппай тұрған кезде оқиғалы кітап оқыған дұрыс. Олар сенің жаныңды жабығудан сақтайды. Жүйкеге ауыр тиетін кітапты мұндай елегізіп тұрған шақта оқымау керек. Ол күйзеліске ұшыратуы мүмкін. Лирикалық шығарма, демалдыратын фильм алдағы жарқын күндеріңізге жетелейді, – дейді психолог Мөлдір Болатқызы.

Жақсы кітап – жанға азық! Иә, адамның кейбір кездерін суреттеп, жеткізуде Сайын, Әзілхан, Бердібектерді әркім қайталай алмайды. Мысалы, қыз бен жігіт кездескенде сезім құшағында ештеңе ойлағылары келмей, тек бір-бірінің қасында болғандарына шаттанып тілден қалатын сәт болады.

Оны жазушы: «Басында Үшқараның…» әңгімесінде: «Мең-зең, өң мен түстей халде. Басында түк ой жоқ…» – деп суреттейді. Тамаша жеткізген. Жалын шағыңда бір-екі рет қана бастан өткізетін құдіретті мезет. Түйсініп те үлгермейтін сезім. Соны айна-қатесіз жеткізе алған. Жасты да, жасамысты да елең еткізетін сөз тіркестері.  Басқа шығармаларда осындай сәт дәл осылай суреттелмеген.

Міне, жақсы шығарманың әсері. Осындай кітап ішіне «кіріп» кеткен адам басқа ойдан біраз уақытқа дейін қашықтайды. Карантинде кітап оқудың пайдасы осында емес пе?! Кітаптан үзінді келтіріп, оның ерекшелігін айтуымның себебі де төтенше жағдайда ойды бөлудің артықшылығын түсіндіру еді.

Әр қазақтың тамыры ауылда. Ендеше, жалаң аяқ тау-тасты аралаған балдәурен шаққа саяхаттау кім-кімнің де жанарына жарқыл ойнатады. Екінші мәселе, үйде оқитын кітап болмауы мүмкін. Ондай жағдайда не істейміз? Түк те уайымдамаңыз. Оның да шешімі бар.

Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың электронды сайтына кіріп, қалаған кітапқа сұраныс беруге болады. Кітапханаға қалай кіресіз? Сауалды маманға қойдық. Кітапхана  директоры Ғалия Тоқабаева:

– Бүгінде мекемеде 167 мыңнан аса кітап бар. Кітапхананың сайтына кіріп, сол жерде көрсетілген электронды кітапхана  бөлімшесін ашасыз. Көрсетілген жарияланымдағы шифрланған QR-кодқа телефоныңызды жақындатасыз. Сәйкестендіріп алған соң сілтемені enter арқылы басып, қосасыз. QR-кодты телефонға біржолата жүктеп алған жөн. Телефонда QR қосымшасы болмаса  көрсетілген сілтемені  көшіріп алып, Google арқылы іздеуге болады. Сондай-ақ, кітаптарды www.kazneb.kz электронды онлайн катологы арқылы да оқуға болады. Биыл, әсіресе вирус өршігелі интернет кітапхананың жұмысы жанданды. Кейбір шығармаларға сұраныс артты. Жыл басынан Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Иса Байзақовтың шығармалары, Әйгерім Тұрлықожаның «Тамшылар» атты кітаптарының көп оқылғандығын айта кеткім келеді, – деді ол.

Бүгінде карантин күшейді. Бірақ ол уақытша. Бос уақытты тиімді пайдаланайық. Әйтпесе, қым-қуыт тірлігіміз басталғанда әттеген-ай, ұйқымен өткен қайран уақытымыз-ай деп жүрмейік.

Гүлжан ТҰРСЫН

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Мұзбалақ ақынға 95 жыл

Мұзбалақ ақынға 95 жыл

09.02.2026
67 жылдық сағыныш: Қазақстандық қария TikTok-тың көмегімен бауырын тапты

67 жылдық сағыныш: Қазақстандық қария TikTok-тың көмегімен бауырын тапты

09.02.2026
СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

09.02.2026
102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

09.02.2026
Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.