Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«СНАРЯД ТҮСКЕНДЕЙ»: АБАЙ ЖЫЛЫНДА АБАЙ КӨШЕЛЕРІН ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗЕЙІКШІ

21 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
"СНАРЯД ТҮСКЕНДЕЙ": АБАЙ ЖЫЛЫНДА АБАЙ КӨШЕЛЕРІН ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗЕЙІКШІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл — Абай жылы. Елімізде ақынның есімін ұлықтауда көптеген мәдени шара ұйымдастырылып жатыр. Өлеңдері оқылып, түрлі танымдық мақала жарық көруде. Бұл өте қуанышты жағдай және құптауға да дайынмын. Бірақ бір мәселені қозғай кеткенді жөн санадым. Біз Абайды тек өлеңін оқып қана дәріптемеуіміз керек. Мәселен, Қазақстанда Абай атында қаншама көше бар?! Міне, сол көшеге де көңіл бөлсек. Мен осы жайында аз ғана ой толғайын.

Ертеде бала кезімізде ертегі тыңдаушы едік. Ол ертегі былай басталатын.

«Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеді. Бір жалмауыз кемпір болыпты. Ол ылғи жердің жыртығын жамап отырады екен. Қасына келген батырды алдап, сулап жалмап қоятын болыпты»,
— деп жалғаса беретін.

Сол кезде бала көңіл, қиылға беріліп кемпір қалай жердің жыртығын жамайды. Оның қолында сондай қандай ине, жіп болады деп ойға шомамыз.

Расымен де сол кездегі ертегі шындыққа айналған сыңайлы. Қазір кез келген қалада жердің жыртығын жамап жатқандарды көресің. Көктем айы туысымен қара күзге дейін қолдарына күрек алып, жолдың ойылып кеткен жерлерін бітеп жатқаны.

Осы тұста мен мақаламның басындағы сауалыма оралайын. Талдықорған қаласындағы Абай көшесіне жылда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тіпті, өткен жылы күрделі жөндеуден өтіп, үстіне жаңа асфальт та төселген. Енді сол жыл сайын жыртығы жамалған Абай көшесін қазір барып көрсеңіз ойдым-ойдым. Әуелі, мүлде тас төселмегендей көрінеді. Қабанбай көшесімен қиылыстан ары №2 мектеп пен электронды сауда орталығының алды снаряд түскендей шұрық тесік. Сонда олар өткен жылы қандай жұмыс атқарды? Қалалық әкімдік мүлде істемеді деуге аузым бармайды. Жолды жақсартуға қаражат бөлді емес пе?! Бөлсе, неге сапасына көңіл бөлмейді деген ой қылаң береді.

Сапасыз тас құйылып, ол бір жылға ғана жараса, мемлекеттің қаржысын текке шашқандай боламыз емес пе?! Сондықтан, бұл жерде айтпағым, жолды жөндейтін құрылыс мекемесіне жауапкершілікті қатаң жүктеу керек. Жасаған ісін сапалы және көп жылға төтеп беретіндей етіп істесе деген ниет бар.

Абай жылы деп жатырмыз, ақынның есімін өлеңмен емес, көшелерде көзге көрінетін іспен де ұлықтасақ. Абай атындағы көшелерді 185 жылдығына дейін мызғымастай етіп жөндеп қойсақ, жақсы болар еді.

Айтпақшы, жаңағы ертегімді аяқтайын. Сол ертегіден жалмауыз кемпірдің жамаған жері жыртылып кетіпті дегенді естімедік. Ертегінің соңына дейін оқып та, тыңдап та көрдік. Ондай сөйлем жоқ. Соған қарағанда ертегідегі жалмауыз кемпір жердің жыртығын сапалы жамаса керек. Ал біздің жол жасаушылардың жабындары неге жыртыла береді екен?

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.