Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«СОҒЫСЫП ҮЛГЕРЕСІЗ»: БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШҚАН ҮШІНШІ МҮМКІНДІК

19.04.2020
ЖАНСАРАЙ
"СОҒЫСЫП ҮЛГЕРЕСІЗ": БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШҚАН ҮШІНШІ МҮМКІНДІК
WhatsAppTelegramFacebook

Аудандық халық ағарту бөлімінің инспекторы Бакрим Зайнудинов әскери комиссариатқа екі мәрте кіріп, майданға жіберуін өтінді. Бірақ екеуінде де әскери комиссар өтінішін қабылдамай тастады.

– Қымбаттым-ау, сіз әлі соғысып үлгересіз, – деді ауданның әскери комиссары шаршаңқы дауыспен. Түрінен, көзінен түні бойы ұйықтамағаны бірден байқалады. – Соғысып үлгересің! Сен осы жерге керексің. Сен сауатты, көп нәрсені білетін, партия мен мемлекеттің саясатын үш тілде тереңінен түсіндіре алатын адамсың! Сен – коммуниссің! Саған аудандық партия комитеті үгіт-насихат жұмысын жүргізуді сеніп тапсырды. Бұл өте маңызды жұмыс.

Аудандық халық ағарту бөлімінің басшысы әскери комиссардың жүзіне мұқият қарап, сөзін аяқтағанша соңына дейін күтті. Содан кейін ғана сыпайылықпен жауап қатты.

– Менің орным бұл жерде емес, майданда. Мен – коммуниспін! 1941 жылдың 3 шілдесінде жолдас Сталин өзінің радиоүндеуінде: «Қызыл әскер, Қызыл флот және барлық Кеңес азаматы әрбір қарға адым жер үшін, қалалар мен ауылдар үшін қасық қаны қалғанша күресуі керек. Біз халқымызға тән қайсарлық пен батылдықты, бастамашылдықты паш етуіміз қажет», – деді. Осы сөзден кейін мен қалай тылда отыра беремін?!

Жас коммунист Зайнудиновтың арманы үшінші мүмкіндікте жүзеге асты. Әскери комиссар Бакримнің табандап тұрып алған өтінішін жерде қалдырмады. Халық ағарту жұмыстарынан бөлек, Сталиннің радиоүндеуін Жаркент қаласының мектептерінде, әртүрлі мекемелерде, ауылдарда қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде түсіндіріп жүрген азамат осылайша қан майданға аттанатын болды. 1941 жылдың қазанында, жау әскері Мәскеу түбіне жақындаған сындарлы шақта Бакрим Зайнудинов әскери комиссариаттан шақырту алады. Барнаул қаласындағы кіші командирлер даярлайтын жеделдетілген курстан өтуге жолдама алады.

Өз ісін жан-жақты меңгерген, ұқыптылық пен жауапкершілікті жақсы сезінетін, талапшылдығы өз алдына бір төбе Бакримдей адал перзент курс аяқталған соң құрылыс батальонына взвод командирі болып тағайындалады. Өзінің қарамағындағылармен талапшыл жігіт күні-түні тынбай еңбек етеді. Қорғаныс саласындағы маңызды нысандардың құрылысына жауапты болады. Сондай-ақ, батыс өңірден тасымалданған құрал-жабдықтарды Алтай аймағына орналастыру жұмыстарымен шұғылданады.

Отан үшін туған азамат әскери салада алғаш «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Сонымен қатар, взвод командирі Зайнудинов партияның Барнаул қалалық комитетінің тапсырмасымен жергілікті гарнизонның әскери қызметшілері арасында дәріс оқиды. Онда ол жиналғандарды фашистерді жеңу Кеңес әскерлерінің қолынан келетінін асқан ерік-жігермен мәлімдеп, барлық жауынгерлердің жүрегіне сенім ұялатты.

Жас коммунист тек сөзбен ғана емес, көпке үлгілі ісімен де патриоттық сезімін паш етті. Сол себепті де қандай істе болсын алдыңғы шепте жүрді. 1942 жылдың қазанында ол Калинин майданында соғысқа кіріседі. Мұнда ол 74-ші жеке атқыштар бригадасы миномет жасағының командирі болады. 1943 жылдың ортасында орталық майданның 56-атқыштар дивизиясының батальон командирі ретінде жауға күйрете соққы беріп жүреді. Осы уақыт аралығында Бакрим Зайнудинов екі рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Кейін кеудесі «Праганы азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен толығады.
Жігерлі жас жау қолында қалған қаншама қала мен ауылдарды азат ету операцияларына белсене атсалысады. Сондай сұрапыл шайқастардың бірінде ауыр жараланады. Көп ұзамай жаркенттік өрен Энгельс атындағы Ленинград әскери-саяси мектебіне оқуға жіберіледі. Содан кейін ол Украина майданы жұмылдыру комиссиясының жетекшісі болып тағайындалады.

Бүкіл әлемді қанға бөктірген Екінші дүниежүзілік соғыс тоқтады. Топырақты аспанға атқан ауыр снарядтар мен от шашқан пулеметтердің үні біржолата өшті. Жұдырықтай жұмылған Кеңес әскері одақтас елдермен бірлесіп, жеңіске жетті. Бірақ жаркенттік жерлесіміз Жеңістен кейін де бір жылдан аса әскери қызметте жүрді. 1946 жылдың 29 тамызында 15-атқыштар дивизиясы батальонында парторг болған кіші лейтенант Бакрим Зайнудинов запасқа шығады. Туған өлкесі – Жаркентке келген ол аудандық халық ағарту бөлімінде жұмысын жалғастыруды ойлайды. Бірақ аудандық партия комитеті офицер майдангерге жергілікті өртке қарсы қызмет бөлімін басқаруды ұсынады. Сөйтіп, Б.Зайнудинов аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы болып тағайындалады. Ол облыстың өртке қарсы қызметін асқан жауапкершілікпен ұйымдастырушылардың бірі болды.

Ол әлі де қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, Панфилов аудандық ішкі істер бөлімі бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметін атқарады. Бакрим Шардинұлының басшылығымен ауданның өртке қарсы қызметінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Сонымен бірге, бастауыш партия ұйымының қызметі де әрдайым үлгі. Оның жауапты жұмысының нәтижесінде партия қатарына көптеген жас тергеушілер мен жедел қызмет өкілдері қабылданды. Олардың көпшілігі қарт майдангерді тәлімгер ретінде таниды.

Тәжірибелі жетекшінің жанқиярлық еңбегі бағасыз қалған жоқ. Бакрим Зайнудиновтың әскери медальдарының қасына тағы да көптеген марапат түрлері, дипломдар және басқа да Алғыс хаттар қосылды. Олардың ішінде үш дәрежелі «Ішкі істер органдарында мінсіз қызметі үшін», «КСРО милициясының үздігі» арнайы төсбелгілері де бар.

Бакрим Шардинұлы өмірлік қосағы ҚазКСР оқу-ағарту ісінің үздігі Айымбүбі Хизметовамен бес бала тәрбиелеп өсірді. Айымбүбі Жақыпқызы Жаркент педагогикалық колледжінде болашақ оқытушыларды даярлау ісіне үлкен үлес қосты. Тарих пәнінен қазақ және ұйғыр тілдерінде оқытатын топтарға сабақ берді. Бүгінде колледждегі бір кабинет Айымбүбі Жақыпқызының есімімен аталады. Бұл мұғалімдер даярлау саласындағы еңбегінің ең биік шыңы болса керек-ті. Тағы бір айта кетер жайт, соғыс кезінде Жаркент өңірінің мұғалімдері қорғаныс қорына 100 мың рубль аударған еді. Олардың арасында Айымбүбі Хизметова да болды.

Жастарға жарқын үлгі болатын ғибратты ғұмыр, міне, осындай.

Қабдрахман НАУРЫЗБАЕВ

Панфилов ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.