Талдықорған: -2°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«ЖАСТАР ТҮСІНСЕ ЕКЕН»: ТІЛІ ЖОҒАЛҒАН ХАЛЫҚТЫ ЖОЙЫП ЖІБЕРУ ОҢАЙ

16.04.2020
ТҮПСАНА
"ЖАСТАР ТҮСІНСЕ ЕКЕН": ТІЛІ ЖОҒАЛҒАН ХАЛЫҚТЫ ЖОЙЫП ЖІБЕРУ ОҢАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Рух – айбыны асқақ алты Алаштың «намыс» ұғымымен біте-қайнасып жатқан ұлттық түсінік. Ал Рухани жаңғыру – бейбіт аспан астында өмір сүретін, қарыштап дамитын бір елдің, ұлттың ұлттық санасының өрлеуі. Ширек ғасырда ширап, шабысы тұлпардың шабысындай жүйткіген еліміздің ендігі өрлеуінің басты кепілі – тіл мен дәстүрдің ұлттық сахнадан жоғалмауы.

Тіл – тәуелсіз тұғырға орнаған егемен елдігіміздің алтын мөрі. Тіл – ғасырлық терең тарихы бар бабалар аманаты. Әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен дарыған ана тіл қашанда біртұтас ұлттың біріктіруші құралы. «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады», — деген екен Алаштың арда азаматы Ахмет Байтұрсынұлы.

Расында да, тілі жоғалған халықты жойып жіберу оңай. Халық болу үшін сол халықтың ана тілі болуы шарт. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — Қадыр ақын. Бұл құдіретті сөздің қадірін, әсіресе, жастар терең түсінсе екен дейміз. Өз тілінде сөйлеуді місе тұтпай, ұят көріп, орыс тілінде шүлдірлеп жүрген қазақ жастарын көзің шалғанда еріксіз бас шайқаймыз.

Иә, неше ұлттың тілін білсек те ешқайсысы артық болмайтыны анық. Орыс, ағылшын, қытай тілдерін білу – заман талабы. Алайда солай екен деп ана тілімізді ұмыт қалдырмауымыз керек. Қазақ тілінің қадірі мен қасиетін арттыру – перзенттік парызымыз, ұлт алдындағы азаматтық міндетіміз.

Салт-дәстүр – халықтың сан мыңжылдық тарихының куәсі. Ұлтымыз үшін ата дәстүрден аттау – ар мен ұяттан безумен пара-пар. Қазақтың қайталанбас қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», —  деген еді.

Міне, ұлт қамын ойлар патриот жауынгерді тәрбиелеуде тал бесіктен бастау алатын дәстүрдің маңызы орасан. «Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан табылсын» демекші, құрсақта жатқан кезден бастап-ақ ұл-қызымызға дәстүрмен жалғасын тапқан ұлттық рухты сіңіру қажет. Сонда ғана елі үшін адал қызмет атқаратын отансүйгіш, жүрегінде жалыны бар жас ұрпақтың саны көбейері хақ. Дәстүр – ұлт айнасы.

«Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс», — дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбав өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Демек, Рухани жаңғырудың баспалдағы жаңа жаһанға ескі тарихпен бейімделуіміз тиіс.

Ана тілдің мөлдірінен қанып ішіп, салт-дәстүрдің тұнығынан рахат алып ер жеткен қазақ қана нағыз «қазақ» деген атқа лайық болмақ. Өз тілінің тарихын білмей, өз тілінде сөйлемей, дәстүрдің бірін танымай, бейхабар болып өскен босбелбеу ұрпақтың меңіреу, мәңгүрттен несі кем?! Намысты өлімнен жоғары қоятын айбынды Алаштың, жер жастанып жатса да, рухы жаншылмаған көкбөрі елдің ұрпағы екендігімізді естен шығармайық.

Ф.ҚОЗЫБАҚОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты

М.МЕРЗОЯНОВА,

Ж.ҚАДЫРҚҰЛОВА,

ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің студенттері

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Елдің үш қаласында жаңа ресейлік мектептер салынады

Елдің үш қаласында жаңа ресейлік мектептер салынады

12.02.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

12.02.2026
Қазақстанда ақылы жолдардағы төлем тәртібі өзгереді

Ақылы автожолдарда сараланған төлем енгізу ұсынылды

12.02.2026
Сарапшылар Қазақстанның жаңа Конституция жобасын талқылады

Сарапшылар Қазақстанның жаңа Конституция жобасын талқылады

12.02.2026
Тоқаев Дубайда үздік нәтижеге қол жеткізген командаларды құттықтады

Тоқаев Дубайда үздік нәтижеге қол жеткізген командаларды құттықтады

12.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.