Талдықорған: +17°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

КИІК КИЕЛІ АҢ

03.04.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
КИІК КИЕЛІ АҢ
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл мақаланы жазуыма Арқадағы өкінішті оқиға түрткі болды. Сондай-ақ, бұған сол өлкедегі «Охотопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің ұмытылмайтын ерлігі ықпал етті. Ол табиғатты қорғауда ел байлығы саналатын жануарлар мен аңдарды қатыгез адамдардан арашалау үшін өмірін қиды. Азаматтың ерлігі жыл өтсе де әлі күнге теледидар арқылы көрсетілуде. Енді Ұлы Даламызды мекен ететін киік, ақбөкен жайында әңгімелеп, біраз сырыммен бөліссем деймін.

Балалық шағым. Әкем сол кездегі «Гигант» колхозының (қазіргі Таусамал серіктестігі) Жалаңашкөл сүт фермасында меңгеруші қызметін атқарды. Ал мен осы жақтағы мектепте төртінші сыныпта оқитынмын. Ол көрші колхоздың Тереңкөл сүт  фермасында орналасқан, арасы біраз шақырым жер. Әкем ферма көлігімен бізді, яғни оқушыларды әрі-бері таситын. Сол күні  сыныптасым Батырхан екеуміз сабақтан ерте шығып, ат-арбаның келуін күте алмай үйге қарай жаяу тарттық. Мамыр айы болатын. Фермаға жетіп қалғанбыз. Сол сәтте ен даладағы жазықтан салтаттылар көзге ілікті. Алдында бір үйір ұсақ мал бар. Соларды қуып барады. Соңынан мал емес, аң екенін аңғардық. Олар біздің де алдымызды орағытып, біраз айналсоқтады. 
Жақындаған сәтте әлгі аңдардың дала киігі – ақбөкен екенін байқадық. Олар бізден пана іздегендей болып көрінді. Дала ғажайыптарының сұлу бейнесін алғаш көруім осы. Аттардың шабысы бәсеңдемеді. Үрейленген киіктер әлгі аттыларға жеткізер емес. Дала жануарларының қанша уақыт қуғында жүргені белгісіз. Бірақ, қалжырағандары көрініп тұр. Қуғыншылар да шаршаған. Араларында үстінде ескі плащы бар, жасы егде тартқан бейтаныс адамның қоңыр аты төзімді екен. Оза шауып киіктердің үйіріне жетті. Әлгі кісі соңында қалған әлсіз киіктің бірінің үстіне қона кетті. Аттан секірген адамды көрген сыныптасымыз екеумізге бұл жағдай өте қызық көрінді.  Сол жерге жақын келдік. 
Киіктердің әлгі аттылардан қашып құтылғандары  қамыс арасына кіріп, көзден таса болды. Соңында қалған салтаттылар біздің ферманың адамдары екен. Аттарына қамшы басып көтеріңкі көңіл-күймен олар да жетті. Мұртты, беті күнге күйген бейтаныс адамға біз де қарап тұрдық. Денесін тер басқан қоңыр аттың танауы делдиіп, өкпесі өшіп, тыпыршып тұр. Киік те аяқтан тұруға талпынбады. 
Ақбөкеннің өмірі қыл үстінде. Ұсталса да қашып құтылуға әрекет етер емес. Жерде жатқан оның көзі өте аянышты болып көрінді. Дәл бір бесікте жатқан бейкүнә сәбидің жанары іспетті. Осы сәтте жүрегім шымырлап қоя берді. Байғұс бөкен жазмышқа  көнуге мәжбүр болғандай. Сояу тырнағын батырған бүркіттей болған анау кісінің қолы оның мойын тұсына оралып, жыландай жармасты. 
Екі танауы делдиген әлгі аң әлсін-әлсін тыныстайды. Мөлдіреген қос жанары бізге қарай шұқшиып, аянышты күйде өмірмен қоштасқандай болды. Жұдырықтай жүрегіміз дүрсілдеп, бірте-бірте алыстай бердік.  
Әлгінің есімі де есте қалмапты. Ол көршілес «Карл Маркс»   колхозының Үшжал учаскесіндегі жылқышы екен. Көз алдыма  қойын қалтадан шыққан бәкі мен бөкеннің қара көздері елестеп, көңілімнен кетпей  қойды. 
Иен даладағы сол көрініс әлі күнге есімнен кетер емес. Бетбақдаланың ақбөкені бұл жаққа қалай ғана адасып келді екен?! Сірә, Жетісудың жеті өзенінің бірі Лепсіден өтіп, Шілікті өзенінің суын ішіп, шөлін қандыру үшін келген болар. Әйтпесе аяқ басар ма еді?.. 
Оның осындай жерге ауып, мекен етуіне адам баласы себеп болған. Кейбіреулердің қомағайлығы мен тойымсыздығы шектен  шықты ғой. Кейіннен тіпті санасызданып киік атты, мүйізін сатты. Осылайша пайда тапқысы келетіндер көбейді. Баяғыда өріп жүретін мыңдаған бөкен қазір азайды. Бүгінгі ақпаратқа жүгінсек, киіктердің саны миллионға да жетпейді. Оның үстіне 2018 жылы 800 мың киіктің 200 мыңы аяқ астынан жұқпалы дертке шалдығып, қырылды. Үкімет те осы аңға көңіл бөліп,  Қызыл кітапқа енгізіп, атуына мүлде тыйым салып қорғаса да жасырын аулайтын аңшылардың саны азаятын емес.
Осының бәрін бақылайтын инспекторлардың саны қысқаруда. Осы орайда айтатыным, Ерлан Нұрғалиев сияқты отансүйгіш, патриот ер-азаматтарымыз ортамызда әлі бар.

Амангелді БЕЙСЕНБИНОВ 
Қабанбай ауылы,
Алакөл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.