Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАҺАРМАН ҚАНАТАЙ АТА

03.04.2020
ЖАНСАРАЙ
ҚАҺАРМАН ҚАНАТАЙ АТА
WhatsAppTelegramFacebook

Қан майданның өтінде қас дұшпанға қарсы атой салған сарбаздардың қатарында болған Қанатай Қамыров қазіргі Райымбек ауданы Қарасаз ауылында орта шаруаның отбасында 1924 жылдың маусым айында дүниеге келген. 

Ауыл арасында ағаштан түйін түйетін шеберлігімен танылған әкесі Қамыр Абиыров пен анасы Жұмакүл ел-жұртына сыйлы, мейірімді жандар болған екен. Туған ауылының өркендеуіне, мектеп іргесінің қалануына үлесін қосқан әкесі Қамыр 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, бір жылдан соң хабарсыз кеткені жайлы қаралы қағаз келген. Қайғыдан қабырғасы қайысқан анасына сүйеніш бола білген Қанатай Қамырұлы 1942 жылы 9-сыныпты аяқтап, ұжымшар жұмысына араласып, майданға ауылшаруашылық өнімдерін даярлауға білек сыбана кіріседі. Еңбекқорлығымен қатар  білімге құштар жас сол жылы мұғалімдер даярлайтын 2 айлық курсты тамамдап, Сүмбе ауылындағы жеті жылдық мектепте физика-математика пәні бойынша балаларды оқытады. Көп ұзамай Кеңес әскерінің қатарына алынған ол 1168 атқыштар полкінде бөлім командирінің көмекшісі болады. Кеудесі жалын жас сарбаз әскерлерге идеологиялық шараны жүргізу үшін орталық радиодан берілетін жаңалықтарды тыңдап, ертелі-кеш жауынгерлерге таратып отыру міндетін мінсіз атқарады.

–    1943 жылы әскери дайындықтан өткеннен соң 1-Белорус майданында полктың құрамында зеңбірек көздеушісі болып соғысқа қатыстым. Осы жылдары Балтық жағалауы мемлекеттері және Польша арқылы жауды өкшелей қуып, 1945 жылы Германияның Грабов қаласында жеңісті қарсы алдық. Сұрапыл соғыстың қиындығы, қайғы-қасіреті миллиондаған шаңырақтың отын өшіріп, талай жасты қыршынынан қиды ғой. Ондай қасіретті қайтып көрсетпесін, – дейді 90-ды орталаған соғыс ардагері. 

Ұлы Жеңісті жат жерде қарсы алған Қанатай Қамыров соғыстан қираған қала мен даланы қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, 1946 жылы ғана Кеңес әскері қатарынан босап, туған жер топырағына оралып, ұстаздық еңбегін жалғастырады. Сол кездегі Нарынқол ауданының бірқатар ауылдық мектебінде, атап айтсақ, қазіргі Шалкөде, Сарыжаз, Текес мектептерінде 1954 жылға дейін еңбек етеді. Осы жылы ауылшар-     уашылығын өркендету туралы Үкімет қаулысына байланысты ұстаздықтан аталған саланың жұмысына ауысады. Ұжымшарда зоотехник болған Қанатай Қамыров үш жыл Шымкент партия мектебінде оқып, саяси сауатын дамытады. Сөйтіп, 1961-1963 жылдар аралығында таулы өңірдің Қарасаз, Сарыжаз ауылдарында партия ұйымының хатшысы, ұжымшар басшысының орынбасары қызметіне тағайындалады. Еңбек даласында жүріп, Алматыдағы ауылшаруашылық институтын сырттай оқып, бітіреді. Уақыт өте келе тәжірибесі толысқан ауылшаруашылық саласының білгір маманы 20 жылға жуық қазіргі Қақпақ, Шалкөде атындағы ұжымшарлардың директоры болып  табанды еңбек етеді. Таулы аймаққа төзімді мал басын асылдандыру мен көбейту шараларына бар білім-білігін арнайды. Әсіресе, мал шаруашылығын өркендетуге бағытталған жұмыстарды ғылыммен ұштастырып, толағай табысқа жетуге күш салады.

Сұрапыл соғыстың қиындығынан өткен атпал азамат туған жерін түлетуге бар қажыр-қайратын жұмсайды. Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, сондай-ақ, шалғай ауданның ауыларалық жолдарын жасауға білек сыбана кіріскендігі де күні кешегідей еске түсетіндігін айтады.

– Малшылар қыстауына қатынауда қиындық тудыратын жолдарды жөндеуге баса көңіл бөлдім. Соның бірі сол кездегі «Киров» ұжымшарында мал қыстауға апаратын Талас жолы жасалынды. Қақпақ ауылындағы Сулысай шатқалында жайлау-қыстауға қатынайтын он жеті шақырымдық жол салынды. Сол қиын-қыстау шақта пайда болған жолдарды ауыл тұрғындары әлі күнге пайдаланады екен, – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Қанатай Қамырұлы.

«Ерлік – ел есінде». Отанды жаудан қорғауда қайсарлық, ержүректік танытқан Қанатай Қамырұлы 2 рет «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Бірнеше мәрте облыстық, аудандық кеңестің депутаты болып сайланып, ел аманатын қалтқысыз атқарғандығы да мақтанышпен аталады.

Өмірлік серігі, марқұм Нұрипа апа Күшманова екеуі 11 баланы өсіріп, сапалы білім мен саналы тәрбие берді. Еліміздің әр саласында жоғары білімді маман ретінде еңбек етіп жүрген ұрпақтарын әркез мақтан етіп отыратын Қанатай ата бүгінде 120-дан аса немере-шөбере мен 2 шөпшек сүйген бақытты жан. Тау мүсінді, асыл сүйекті Ұлы Отан соғысының ардагеріне Талғар ауданының жұртшылығы да айрықша құрмет көрсетіп келеді.

Ұлбосын ИСАБЕКОВА
Талғар ауданы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.