Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АҚТАСТЫ — МЕНІҢ АУЫЛЫМ

3 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
АҚТАСТЫ - МЕНІҢ АУЫЛЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл – ата-бабамыздың кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай ыстық болса, ауыл да бізге сондайлық қымбат.

Қазақтың қай ауылына барсаң да, ғасырлардың куәсіндей әр жерде мәрмәрдай тау-тастары мен саялы бәйтеректерді кездестіресің. Біздің ауылымыздың да сондай тамырын терең жайған, жапырағы жайқалған бәйтеректері бар. Олар бұтақтарын кең жайып, жанға сая самалымен бауырында өскен балапандарын желпи түсіп, қанатының астына алып отырады.

Менің ауылым өте киелі. Бес батыры шыққан ұлы Аламандар  ұрпағы мекен етеді. Сусынбай Қалмақбаев, Сейдахмет Қорғасбаев, Жұмақан Қорғанбаев, Молдақын Мүсірәлиев, Құрманәлі Төлебаев сияқты  ұрпағына ұран болған, еңбегімен ер атанған  бабаларымыз да біз үшін үлкен мақтаныш.
Ұлы Отан соғысына қатысып, тоғыз жерінен жараланса да зеңбірегінің түбінен кетпей жау танкісін жайратқан майдангер аталарымыздың ерлігі де бүгінгі ұрпақ жадында. Бейбіт заманда да қолына қалам ұстаған ақын-жазушыларымыздың, саналы ғұмырын жас ұрпаққа арнаған ұстаздардың қалдырған ізі мәңгілік! Олардың бәрі де табиғаты көркем, жаз жайлауы, сылдырап аққан мөлдір бұлағы, шашылып жатқан байлығы мол қазыналы мекен Ақтастыға бас иіп өтті емес пе?!

«Үш бұлақ» деп аталатын шипасы зор қасиетті бұлағымызды да айтпай кетуге болмайды. Жер-жерден емдік үшін суын алып кетіп жатқан адамдарда есеп жоқ. Оның жүрегі ауырған, көз жанары нашарлаған, тері ауруларына шалдыққан адамға пайдасы орасан. Мұнымен қатар Арасан, Қурайлы, Сарқырама бұлақтары қысы-жазы  буы бұрқырап ағып тұрады.

Ақтасты ауылым әсем табиғатымен, биік тауларымен, қолмен құйып қойған мүсіндей алыстан көз тартарлық аппақ тастарымен дара мекен.  Оның қасиетін сезініп өсу біз сияқты бақытты жандарға бұйырғаны шексіз бақыт.

Балжан НҰРБОЛҚЫЗЫ,
Ақтасты орта мектебінің оқушысы 
Кеген ауданы
Сурет ғаламтордан алынды

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.