Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ӘН-ЖЫРЛАР

3 сәуір 2020
КҮЛТӨБЕ
АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ӘН-ЖЫРЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясының 2 «г» сынып оқушылары Абай атамызға арнайы өлең жолдарын арнап, ұлы ақынның 175 жылдығына үлкен үлес қосуда. Мұнымен қатар  «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған «Көзімнің қарасы» атты фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша Нұрай Сайын,  мәнерлеп оқудан  Жанерке Қанат  бас  жүлдеге ие болды. Қазақстандық-ресейлік мұғалімдер қауымдастығы ұйымдастырған «Абай Құнанбайұлы» Республикалық байқауында мәнерлеп оқудан Нұрай Сайын, Ерке Қажетбекқызы, Қарақат  Ақиық  І-орын иеленсе, «Желсіз түнде жарық ай» әнін сыныптың 16 қызы орындап, жүлделі орын алды. Оқушылардың халықаралық фестиваліне, республикалық байқауға қатысқан дарынды, өнерлі шәкірттерді даярлауда сынып жетекшісі Ләззат Қасымбайқызының қосқан үлесі мол.

ДАРА ТҰЛҒА

Дара  тұлға  Абай  атам.
Мен өзіңді үлгі тұтам.
Өлеңіңді оқығанда
Мен өзімше ойға батам.

Абай атам бәрінен биік,                                                                      
Өлеңдерін оқимын сүйіп. 
Қара сөзін ой-санама
Ұмытылмастай жиям түйіп.          

Ерке ҚАЖЕТБЕКҚЫЗЫ

ҚАЗАҒЫМНЫҢ ЗАҢҒАРЫ

Әр өлеңі, сөзі және аударма,
Жаңғырады әркез менің санамда.
Қара сөзі халық үшін мәңгілік,
Өшпейтіндей  мұра болып қалды ма?

Әр өлеңі шуақ шашқан нұрлы адам,
Жырласа тек ақиқатты жырлаған.
Өнегелі өмірінен ақынның,
«Абай жолы» романы жазылған.

Мұхтар аға қалдырған мұрасына,
Теңеген баға жетпес шын асылға.
Әлемге танытты ғой Абай атын,
Ол қазақта біреу ғана расында. 

Абай сөзі қазақтың бойтұмары,
Оқысаң ашылады ой тұманы.
Қиналсаң ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.

Абайы бар қазақтың арманы жоқ,
Оқымаса болады  арманы көп.
Қанықтырған ақиқат сөз, асыл жырға,
Қалады қазағымның заңғары боп.

Әлихан ОРАЗЖАН

ДАНА АҚЫН

Ата әні бесігімді тербеткен, 
Ата сөзі мақсатыма беттеткен.
Ізгі ниет білдіремін  ақынға,
Қызмет еткен ақ жүрекпен халқына.
Меңгеріп бес асыл іс санамызға, 
Болашаққа беттеп біз барамыз да.
Сол үшін алғыс айтып, бас иеміз
Қазақтың дарасына, данамызға.
 

Ақжан САЙЛАУБЕК

ӨЛЕҢДЕРІ ӨНЕГЕ

Абай атам дарасыз, 
Біз ұрпағың боламыз.
Оқып қара сөзіңді
Сізден үлгі аламыз.

Мақтанамыз өзіңмен,
Ақыл айтар сөзіңмен.
Өлеңдерін оқимыз
Терең ынтық сезіммен.

Аяна БАХТИЯРҚЫЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.