Талдықорған: +20°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КЕМПІРҚОСАҚ НЕГЕ ӘДЕМІ?

03.04.2020
РУХАНИЯТ
КЕМПІРҚОСАҚ НЕГЕ ӘДЕМІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Ерте заманда Жер атты алып ғаламшар жаралыпты. Оның үстінде тау, орман, өзендер пайда болыпты. Адамдар да өмір сүріпті.  Олар егін егіп, мал өсіруді үйреніпті. Бірақ қанша егін ексе де мол өнім ала алмапты. Жерге аз шөп өскендіктен малдары да арық болыпты. Адамдардың қарындары әбден ашыпты. Содан көп болып жиналып, «Көп суды қайдан алуға болады?» деп ақылдасады. Өйткені, өзендер тартылып қалған еді.

Сөйтіп адамдар маужырап ұйықтап жатқан тауға келіп; 
– О,  алып тау! Сен бізге бұлақтарыңды ағызып, мөлдір суыңды берші! Өзенімізде су қалмады. Біз егінімізді, малымызды суғарып, молшылыққа кенеліп, бақытты өмір сүрейік, – дейді. 

Сонда тау есінеп:
– Мен сендерге қуана-қуана көмектесер едім, бірақ бұлттар жаныма жақындамай жүр. Қанша биік болсам да бұлттар басымнан асып кете береді. Баурайыма жаңбыр жаумай-ақ қойды. Өзім де сергіп қалар едім, – дейді.
Адамдар атқа мініп, шығыстан батысқа қарай жөңкіліп бара жатқан бұлттарды қуып жетеді де, аспанға қарап:
– Бұлттар-бұлттар, жерге, тауға жаңбыр жаудырыңдаршы, егініміз су іше алмай, күйіп барады. Малымыз қатты шөлдеп, жатып қалды, – дейді. Бұлттар төмендегі адамдардың көңілсіз күйін көріп, жаны ашып кетеді. 

– Біз жаңбыр жаудырар едік, бірақ жел біздің басымызды қоспай, жер бетінде қыдырудан қолы тимей жүр. Егер жел соқса, біз сендердің тілектеріңді орындар едік, – дейді аспандағы будақ бұлттар. Амалы таусылған адамдар желдің соңынан көп күн жүріп, әрең қуып жетеді. 
– О, жүйрік жел! Сен дүниедегі ең қуаттысың! Сен бізге көмектесші! Бұлттарды тауға қарай айдап, жерге жауын жауғызшы. Біздің жағдайымыз қиын. Егін өспей, мал қырылайын деп жатыр. Балаларымыз ашығып қалды, – дейді адамдар жалынып. Сонда жел гуілдеп:

– У-у, мен сендердің тілектеріңді орындар едім, бірақ маған Жаратушының бұйрығы керек. Ол үшін сендер өздерің өмір сүріп жатқан қара жерді жаратқан Ұлы құдірет иесіне ұнайтын амал жасаңдар, – дейді. Адамдар ауылына қайтып, бәрі жиналып, «қандай жақсы амал жасасақ?» деп ойланады. Сонда бір көпті көрген дана қария: «біз өмір сүріп жатқан Жерді, жарық пен жылу беретін Ай мен Күнді жаратқан Жаратушыға сыйынып, тасаттық беріп, бір малды құрбандыққа шалайық» дейді. Бәрі ақсақалдың ақылын жөн санап, айтқанын орындайды. Сол кезде жер бетіне жаңбыр жауа бастайды. Таудан сарқырап егістікке мол су келеді. Мал да суды шөлі қанғанша ішіп, рахатқа батады. Жаңбырдан соң жер бетінде ең алғашқы кемпірқосақ пайда болыпты. Ол өте әдемі еді. Адамдар көпке дейін оны қызықтап, көзін алмапты. Әсіресе, кішкентай балалар қатты қуаныпты. Біреулер мұны аспанға апаратын алтын көпір десе, екіншілері алуан түсті кемпірқосақ Жаратушының бізге сыйлаған қуанышы депті. Сонда кемпірқосақ: 

– Мен – кемпірқосақпын. Менің жеті түрлі түсім бар. Оның әрқайсысында бір белгі бар, – дейді. 
– Сонда ол қандай түстер? – деп балалар қызығып сұрақ қояды.    
– Қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және сиякөк.
– Қызық екен. Ол түстер қандай белгі береді? Біздің білгіміз келеді, – дейді балалар.   
– Жақсы, айтайын, – дейді кемпірқосақ құлпыра күлімдеп.
– Қызыл түс – иман байлығы, қызғылт-сары – денсаулық, сары түс – молшылық, жасыл түс – береке-бірлік, көк түс – қуаныш пен бақыт, ал сия көк түс ұзақ өмірді білдіреді. 

– Ой, бұл деген керемет қой, – деп таңырқайды балалар. Кемпірқосақ, сені көрген сайын жеті түрлі жақсылықты көретін болдық қой. Солай ма?
– Иә, – деп күлімсірейді күнге шағылысып, жарқырап тұрған кемпірқосақ. 
– Онда сен бүгіннен бастап біз үшін әлемдегі ең әдемі, ең көріктісің. Сенің бойыңда бізді жақсылыққа, қуанышқа бөлейтін керемет бір қасиет бар. 
– Балалар, енді бұдан былай жаңбырдан соң күн шыққанда сендерді осылай қуантатын боламын. Ал енді, әзірге қош болыңдар! Мен басқа жақтағы балаларды қуантуға барамын, – дейді кемпірқосақ. 
Үлкендер мен балалар кемпірқосақпен қоштасып, қол бұлғайды. Міне, осыдан бері жаңбыр жауған сайын кемпірқосақ адамдарға әдемі болып көрініп, қуаныш сыйлауда. 

Асхат ӨМІРБАЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.