Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН

16 наурыз 2020
КҮЛТӨБЕ
ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ ағымдағы жылдың 19 ақпан күні Бикен Римова атындағы драма театры ғимаратында елмен жүздесіп, халық алдында есеп берген болатын. Жетісу жұртшылығымен өткен кездесуде жиналғандар көкейлеріндегі сан түрлі өтініш, тілектері мен сауалдарын жолдап, аймақ басшысы тарапынан мазмұнды жауаптар алды. Көпшілік тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі әлеуметтік және басқа да салаларға қатысты өрбіді.

Амандық Ғаббасұлына көпшілікпен бірге облыстық мәслихаттың депутаты Ызғарбек Бектұрсыновтың да ұсынысы жолданған болатын. Онда мәслихат депутатының талап-тілегі аймақ басшысының назарына алынса деген өтініші білдірілген. Осыған орай айта кетейік, Ызғарбек Бектұрсыновтың талап-тілегі есепті кездесу қарсаңында облыстық «Жетісу» газетінің 18 ақпан күнгі санында «Киіз үй жасау жаңғырса» атты тақырыпта жарыққа шыққан болатын. Мақаланың негізгі мазмұнына қысқаша түрде тоқталып өтейік. 
ДЕПУТАТ САУАЛЫНДА: «Мал шаруашылығының өркендеуіне оң ықпалын тигізетін негізгі факторлардың қатарында малшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселесінің тұрғаны белгілі. Соған орай көп жерде малшылардың еңбекақысының тұрақты төленуі мен олардың зейнеткерлік қорындағы есеп шоттарына төлем аударылуы, шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық жағдайы, шопандардың тұрмыстық ахуалын жақсарту жұмыстарының жүйелі бақылауда болмай тұрғаны алаңдатады. 
Мал шаруашылығын өркендетудің бұрынғы дәстүрлі қағидалары көп жерде ұмыт болып барады. Осының салдарынан шалғайдағы жайылымдарды пайдалану, сол арқылы арзан да сапалы ет, сүт, жүн өндіру ақсап тұрғаны жасырын емес. Тағы бір үлкен мәселенің бірі – шалғайдағы мал жайылымдарында шопандар отыратын киіз үйдің тапшылығы болып тұр. Кезінде Үштөбе қаласында бүкіл Қазақстанды ғана емес, басқа да көрші республикаларды қамтамасыз ететін атақты Үштөбе киіз үй жасау фабрикасының жұмыс істегенін аға буын, яғни біздер жақсы білеміз. Оның өнімі жоғары сұранысқа ие болған. 
Бұл орайда айтпағымыз – тиісті мүмкіндіктер барынша пайдаланылып, сол фабрика өз жұмысын қайта жаңғыртса деген тілегіміз бар. Мұның өзі облыс экономикасының алға жылжуына қосымша серпін беріп қана қоймай, мал шаруашылығы саласында жұмыс істеп жүрген шаруаларға көрсеткен үлкен қолдауымыз болар еді», – делінген. 
Ызғарбек Бектұрсыновтың жоғарыда көрсетілген депутаттық сауалына орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат ТҰРЛАШОВТЫҢ атынан ресми түрде хат жолданып, жауап қайтарылды.  
Депутат сауалына орай жолданған, жазбаша түрде берілген жауаптың нұсқасында: «Қаратал ауданы Үштөбе қаласында орналасқан «Үштөбе киіз үй жасау фабрикасы» өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында құрылған. 2010 жылы «Жүнді өңдеу желісінің құрылысы» жобасы аясында «Отау-Үштөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен фабрикада жандандыру жұмыстары басталған. Қаржылық қиындықтарға байланысты кәсіпорын 2014 жылдан бастап жұмысын тоқтатты. «Үштөбе киіз үй жасау фабрикасын» қайта жаңғыртуға Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басқарма құзыреті шегінде қолдау көрсетуге дайын екендігін хабарлайды» делінген.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.