Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚОЛӨНЕРШІ ҚЫЗ: АЯЛАНЫҢ АЛАР АСУЫ ӘЛІ АЛДА

11 наурыз 2020
РУХАНИЯТ
ҚОЛӨНЕРШІ ҚЫЗ: АЯЛАНЫҢ АЛАР АСУЫ ӘЛІ АЛДА
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы». Осы бір әдемі  тіркесті Шелек ауылында тұратын Аяла есімді жас жеткіншекке қаратып айтсақ, жарасып-ақ тұрғандай.

Аяла Абдрахманова №1 орта мектептің 7 «ә» сынып оқушысы. Ол кішкентай кезінен оқуға зерек болды. Әсіресе, әдебиетке деген қызығушылығына мұғалімдері ерекше тәнті. Қаршадай қыз ақын-жазушылардың шығармаларын жай ғана оқымайды. Асыл жырлардың астарына үңіліп, өз бетінше талдау мақала жазады. Тырнақалды туындылары республикалық «Балдырған» және «Балалар әлемі» журналдарында үзбей жарияланып тұрады.

Аяланың тағы бір қыры – ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншілігі. Тоқыма тоқудың шебері. Оның қолынан шыққан бұйымдар сәнді әрі сапалы. Әдебиет пен өнерді жанына серік еткен жас таланттың жұмыстары ешкімді бейжай қалдырмайды. Оқушылар арасындағы жарыста үздік атанып жүргені — соның бір дәлелі.

Мәселен, 2019 жылы Алматыда өткен «Жас жұлдыз», «Жарқын болашақ», «Бойтұмар» атты республикалық байқауларда ол шығарма жазудан және қолөнерден бас жүлдені иеленді. «Ұлы Дала ұрпағы» деген өнер жарысында да топ жарды. Жеңімпаз ретінде Париж қаласына жолдама алды.

Биылғы жыл да Аяла үшін сәтті басталды. Қаңтар айында Талдықорған қаласында ұйымдастырылған «Ақжелең» атты өнер сайысында тағы да үздіктердің қатарынан көрінді. Шығарма жазудан бірінші орын алса, қолөнер бойынша бас жүлдеге қол жеткізді.

– Қызымның осындай жетістіктерге жетуіне атсалысқан мектеп директоры Ардақ Мұхамеджанқызына және ұстаздарға алғысым шексіз. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразгүл Құрбанова мен технология пәнінің мұғалімі Жұпар Кадироваларға деген ықыласым ерекше. Олар Аяланың бойындағы қарым-қабілетті тап басып танып, қанаттандырды, – деп ақтарыла сөйледі Аяланың анасы Анар Абдрахманова.

Анасы дұрыс айтады. Оқушының зейіні мен зердесін ұлағатты ұстаздар ашады. Десек те, бала тәрбиесіне тек мұғалімдер емес, ата-ананың да қосатын үлесі зор. Осындай екі жақты қолдаудың арқасында жас жеткіншектердің талабына нұр жауады. Ақ арманға қанат қағады. Аяланың анасына арнаған мына бір өлең жолдарын оқығанда, осы сөздің растығына көзіміз жетеді:

Гүл бағындай жайнап өмір өрісі,
Мейірім мен шапағаттың кеніші.
Менің әрбір жетістігім өзге емес,
Анам, сенің еңбегіңнің жемісі.

Ана махаббатына, ұстаз мейіріміне бөленген Аяланың алар асуы әлі алда.

Болат МӘЖИТ

Шелек ауылы

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Бүгін, 09:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқына қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқына қолдау білдірді

Бүгін, 09:15
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.