Талдықорған: +16°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Махаббат ол…
WhatsAppTelegramFacebook

Шетсіз, шексіз сезімге толы әлем жөнінде әркімнің өз айтары бар. Махаббат дегенде бәзбіреулердің жүзіне жылылық ұялап, езуі тартып, тамаша естелікті ақтарса, енді бірі терең күрсініп, өзекті өртеген өкінішті әңгімесін баяндар. Бикен Римова атындағы академиялық драма театрында режиссер Бәзіл Сұлтанғазының «Махаббат ол…» концерт-спектаклінің премьерасы өтті. Махаббаттың сан қырын өнер арқылы жеткізген сахналық туынды екі күн, көрерменнің көптігінен қосымша сеанс ашылып, жалпы үш уақыт қойылды. Спектакльде сағыныш, мейірім, үнсіз түсіністік, айтылмаған сөз бен орындалмаған арман сынды тақырып жан-жақты қамтылды. Идея авторы – Ерлік Жуасбек.

«Махаббат ол…» концерт-спектакліндегі сырға толы әндер мен сезімді арқау еткен өлеңдер, оқиғаларды баяндаған монологтар мен айрықша би көрерменнің көңіліндегісін дөп басып, бір қойылымда сан эмоция ұсына білді. Концерт-спектакльдің негізгі идеясы – махаббаттың әр адам үшін өзіндік мәні бар екенін көрсету.

– Жалпы қойылымның дайындығына үш аптадан артық уақыт кетті. Монологтардың барлығы дерлік өмірде болған. Біз соларды өңдеп, ықшамдап, ретімен ұсындық. Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттерінен құрылған бендтің де қосқан үлесі зор. Біз дәл осы концерт-спектакльмен 16 қарашада Алматыға гастрольдік сапармен барамыз. Ал осы айдың соңына қарай талдықорғандық көрерменге тағы бір ұсынсақ деген жоспарымыз бар, – дейді концерт-спектакльдің редакторы Айғаным Айтмұхан.

Ел ықыласына бөленіп, «Ерен еңбегін» алып, өзіне «қазақ театры мен киносы үшін талмай еңбек етемін» деп серт берген актер Жасұлан Көпбергенді көпшілік кейінгі түскен «Қайтадан», «Ғашықпын саған» фильмі арқылы жақсы таниды. «Ғашықпын саған» фильмінен кейін келген толассыз хаттардың арасынан көңілін түртіп, өзіне әсер еткен жазбаны оқып берді. Онда махаббат үшін жаман ауруды жеңіп, бірге болған жандардың оқиғасы айтылды. Артынша «Жалғыз жұлдыз» әнін шырқады.

– Ұсынысты бірден қабылдадым. Өнерде жүрген іні-қарындастарымды, құрдас-достарымды неге қолдамасқа?! Небір таланттылар бар. Ал бұл қойылым мен үшін ерекше, – деді тілшілерге берген сұхбатында Жасұлан Көпберген.

Қоғамда қалыптасқан қасаң ұғым мен түсініктің құрбаны болған тағдыр жөнінде, дәстүрдің атын жамылып «алып қашуды» ақтап алғысы келетіндердің сорақы қылығын, қыздың дене-бітіміне тоқталып, оның ісіне, көңіліне назар аудармайтындар жөнінде де актерлар айтып өтті. Одан бөлек, балалық шақтағы достардың оқиғасы да көрерменге әсер етті. Досының қолында көз жұмып бара жатқан екіншісінің «мені ұмытпа» деген соңғы сөзі ерекше жан тебірентті. Бұл ретте спетакль тек мұңға толы болған жоқ. Онда жарқын естеліктерге, жастық махаббатқа, шынайы қуанышқа, достыққа және адам жадында ғұмыр бойы қалатын жылы сәттер баяндалды. Дәл осы көңіл-күйдің алмасуы қойылымға махаббатты тек романтикалық сезім ретінде ғана емес, бауыр басу, адалдық, қамқорлық және қымбат жандардың естелігін сақтай білу сияқты анағұрлым терең ұғым ретінде қарауға мүмкіндік берді. Көрермен сахнадағы оқиғамен бірге өмір сүрді. Концерт-спектакльдің композиторы Сұлтан Тұрсынбековтің әр әуенді саралап, әбден сүзгіден өткізгені көрініп тұр. Сахнадағы жарықтың ойнақылығы, ретімен түсіріп, әр сәтті ерекшелей түскен Еламан Ахметовтің еңбегі. Актерлердің биіне жауапты – Айжан Құнанбаева.

– Бұл спектакльдің ерекшелігі – ешқандай драматургтің қолтаңбасы жоқ. Әртістер өздері білетін, басынан өткізген оқиғаларды айтты. Соны көркемдеп, халыққа ұсындық. «Махаббат не?» деген сұраққа өзімізше жауап іздедік, – дейді режиссер Бәзіл Сұлтанғазы.

Келушілердің көңілінен шыққаны көрініп тұр. Бұл жай ғана театрлық эпизодтар тізбегі емес, әркім өзіне жақын әрі таныс дүниені таба алатын адам бойындағы сезім жиынтығы іспеттес. «Махаббат ол…» қойылымның басты жеңісі – кеш соңындағы ыстық ықылас пен көрермен жадындағы айрықша сезім.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.