Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
КҮНДЕРЕК
Ел құрметіне бөленген
WhatsAppTelegramFacebook

Адам ғұмырының мәні елге жасаған жақсылығымен, айналасына қалдырған өнегесімен өлшенеді. Білімін туған жерінің өркендеуіне, халықтың игілігіне арнаған тұлғалардың орны қашанда бөлек. Осындай ел құрметіне бөленген азаматтардың бірі – Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Ақсу және Сарқан аудандарының Құрметті азаматы Орал Исанова. Биыл 6 қарашада сексеннің сеңгіріне шығып отырған Орал Сердалықызының өмір жолы – адал еңбек пен азаматтық жауапкершілік, елге қызмет етудің жарқын үлгісі.

Орал Сердалықызы 1946 жылы 6 қарашада қазіргі Ақсу ауданына қарасты Матай теміржол стансысында дүниеге келген. Алғашқы білімін №256 орта мектептен алып, Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы Қазақ қыздар педагогикалық училищесін тамамдайды. Кейін Н. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білім алып, Алматы жоғары партия мектебінде кәсіби біліктілігін жетілдіреді.

Еңбек жолын 1969 жылы туған жеріндегі №258 орта мектепте мұғалім болып бастаған жас маман көп ұзамай мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. Ұстаздық қызмет оның бойында жауапкершілік, талапшылдық, адаммен тіл табыса білу қасиеттерін қалыптастырды. Бұл қасиеттер кейінгі басшылық қызметтерінде де айқын көрініс тапты.

1972 жылы Бөрлітөбе ауданының құрылуына байланысты аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, ал 1974 жылы бірінші хатшысы болып сайланады. Жастарды қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру, олардың белсенділігін арттыру бағытында еңбек етеді. Сол жылы аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімін басқарып, 1981 жылға дейін жауапты қызмет атқарады.

Кейін аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары секілді лауазымдарға тағайындалады. Бөрлітөбе ауданындағы қызметі 1997 жылға дейін жалғасады. Талдықорған облыстық партия комитеті еңбегін бағалап, жаңа міндет жүктейді. Ақсу ауданына жіберіп, өңірдің әлеуметтік дамуына еңбек етуді жүктейді. Білікті маман ол қызметті де абыроймен атқарып, ұйымдастырушылық қасиетімен ауданды алға жетелейді. Ол 2004 жылы зейнеткерлікке шығады. Алайда ел қызметінен қол үзбей, тағы 5 жыл аудандық мәслихат аппаратында бас маман болып еңбек етеді. Орал Сердалықызының еңбек жолындағы басты ерекшелік – қай қызметте жүрсе де халықтың мұң-мұқтажын назардан тыс қалдырмауы. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының дамуы, ардагерлер мен көпбалалы аналардың жағдайы, жастар тәрбиесі үнемі назарында болды.

Оның елге сіңірген еңбегі – әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуға бағытталған табанды қызметінде. Ол басқару мен адамгершілікті, талап пен әділдікті ұштастыра білген басшы ретінде танылды. Әріптестері Орал апаны еңбекқор, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, сөзі салмақты, адамға құрметпен қарайтын азамат ретінде бағалайды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қоғамдық өмірден шет қалмай, ұзақ жылдар Ақсу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен аудандық ардагерлер кеңесінің жұмыстарына белсене араласты. Бұл оның елге қызмет етуді лауазыммен шектемейтін азаматтық ұстанымын танытады.

Еңбегі еленіп, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атанды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 және 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Мұхамеджан Тынышпаевтың 130 жылдығына арналған, «Батыр шапағаты», «Сауап» төсбелгілерін иеленді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, «Нұр Отан» партиясының және басқа да мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.

Ал Ақсу және Сарқан аудандарының Құрметті азаматы атануы – туған өлкенің халқы таныған абыройы мен сенімінің, елге сіңірген еңбегінің айқын айғағы.

Орал Сердалықызының адами болмысы әріптестерімен қалыптасқан шынайы сыйластықтан да көрінеді. Бірге қызмет атқарған құрбылары мен сіңлілері оны тек білікті басшы ғана емес, ақылын айтып, бағыт-бағдар көрсеткен аяулы әпке, сырлас жан ретінде қадірлейді. Жылдар бойы сақталған осындай құрмет – адамдық қасиеттің ең биік бағасы.

Заман өзгеріп, қоғам жаңарған кезеңдерде Орал Сердалықызы өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарып, туған жерінің өркендеуіне, елдің әлеуметтік тынысына, халықтың игілігіне үлес қосты. Оның ұстаздықтан басталған еңбек жолы, мемлекеттік және партиялық қызметтері, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі бір мұратқа тоғысты. Ол – елге қызмет ету, халықтың сенімін ақтау, туған жерге адал болу.

Орал Сердалықызы, сіздің өмір жолыңыз – адал еңбек пен азаматтық жауапкершіліктің, парасат пен табандылықтың өнегесі. Талай жыл ел мүддесін биік қойып, халықтың игілігі үшін атқарған еңбегіңіз кейінгі ұрпаққа үлгі. Сіздей елге сыйлы, сөзі салмақты, өнегесі мол жанның ортамызда жүргені – біз үшін үлкен мәртебе.

Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, берекелі ғұмыр тілейміз! Еңбегіңіздің жемісін көріп, елдің алғысы мен құрметіне бөлене беріңіз!

Мариям ДҮЙСЕНБИНА

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.