Талдықорған: +12°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«ЖЕТІСУ» ГАЗЕТІНІҢ АРУЛАРЫНА ЕҢ ҚЫМБАТ СЫЙЛЫҚ ТАРТУ ЕТІЛДІ

06.03.2020
ТҮПСАНА
"ЖЕТІСУ" ГАЗЕТІНІҢ АРУЛАРЫНА ЕҢ ҚЫМБАТ СЫЙЛЫҚ ТАРТУ ЕТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Нағыз көктем енді келгендей. Ұжымдағы нәзік жандардың қызылды-жасылды көйлектерінен, құлақ қытықтар сыңғырлы күлкілерінен, нұрға толы жанарларынан көктемнің көңіл сергітер жайдары мерекесі менмұндалап тұрды. Әйелдер мерекесінде көңілдегі көктем де бүршік атып, гүлдеп сала береді ғой, шіркін.

8 наурызды «Jetisý» газеті жыл сайын ерекше ықласпен қарсы алады. Нәзік жандарға тарту етер тон емес, жол болатын орамалдың да сыйқы бөлек. Осы жолы газеттің ерлер қауымы ең құнды да қастерлі сыйлықты ұсынды. Ол – Абайдың кітабы.

Бұл жылғы мереке ақын, данышпан Абайдың 175 жылдығымен қатар келді. Әрі адамзаттың алтын тәжіндей Абайдың мұрасы әлемге ортақ. Ал өмірге ұрпақ әкеліп, ұлттың келешегін ұлықтайтын әйелдер қауымы үшін – бұл таптырмас сый.

Сыйға тартылған Абай кітабын бесік тербетер аналар көп оқыса, олардан тараған жас ұрпақ ел қамын жеп өсетін нағыз азамат болатыны айдан анық. Бас ақынның жетінші қара сөзінде айтылатын тән құмарынан жан құмарын биіктетін — әуелі кітап. Содан болу керек, газет арулары бір-бір кітапты құшақтарына қысып, қуаныштан жүздері бал-бұл жанды.

Тәтті тілектің пернесін дәл басқан бас редактор Әміре Әріннің сөзінен ана деген ардақты аттың маңызы менмұндалады.

— Қазақ: «Ер жігіт жерді қорғайды, ал әйел ұлтты қорғайды», — дейді. Неге? Өйткені, ұрпақ әкеледі. Балалардың өсіп-жетілуі, айналып келгенде, сіздерге байланысты. Мәселенки, адамның бойындағы қасиеттердің сексен пайыздан астамы анадан келеді. Табиғат солай. Сондықтан, біздер сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз. Қандай да бір жетістікке жетіп жүрсек, бәрі аналардың, қыздардың, сіздердің арқаларыңыз, — деп шын пейлмен алғыс айтып, мерейлерін тасытты. Ұжымдағы ерлер қауымы кезек-кезек жүрек түкпіріндегі ықыластарын ақтарысып, ілтипат білдірді.

Газет ұжымында ер мен әйел саны тең десек те болады. Сондықтан, әрбір қызметкер жүкті де теңдей арқалап, ата басылымда абыройлы еңбек етіп келеді. Мыңдаған оқырманның көңіл көкжиегін кеңейтер мақалалар мен газет бетін безендіруден бастап қаздай тізілген әріптердің орналасуына шейін осы ұжымдағы барша жанның еселі еңбегі көрініп тұрады. Осы орайда нәзіктіктің, махаббаттың, сезімнің, мерейдің мерекесі құт дарытып, аналарымыздың күндерін шуақты, дендерін қуатты етсін деп тілейміз.

Мереке ары қарай «Jetisý» мен «Огни Алатау» газеттерінің меншік иесі «Өлке тынысы» ЖШС-ның құттықтауымен жалғасты. Қос газеттің нәзік жандарын «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов құттықтап, барлық аруларға ұжым атынан гүл сыйлады. Сондай-ақ, әйелдер қауымын есепшоттарына түскен қаржылай сыйақымен сүйіншіледі.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

01.04.2026
Тыйымның да терең мәні бар…

Тыйымның да терең мәні бар…

31.03.2026
Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31.03.2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.