Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚАЛТАМЫЗ КӨТЕРМЕЙДІ»: МҰҒАЛІМДЕР БАҒА ҚОЮ ҮШІН 120 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖҮРЕДІ

28.02.2020
РУХАНИЯТ
"ҚАЛТАМЫЗ КӨТЕРМЕЙДІ": МҰҒАЛІМДЕР БАҒА ҚОЮ ҮШІН 120 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖҮРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бірнеше жылдан бері мектептерде «Кundelik.kz» жүйесінің жұмыс істеп жатқанын мұғалімдер қауымы мен ата-аналар жақсы біледі. Бірақ бұл жүйенің жұмысын әлі күнге дейін орындай алмай жүрген мұғалімдер қатары көп. Осыны алға тартқан Панфилов ауданы, Ынталы ауылындағы Аманбайұлы атындағы орта мектептің мұғалімдері «Жетісу» газетінің редакциясына көмек сұрап, хат жолдады.

Бірнеше айдан бері электронды журналға баға қоя алмай жүйкесі тозған мұғалімдер жылдамдығы жоғары интернет желісінің ауылда орнатылмағанына наразы.

— Мектептегі 44 компьютердің тек 2-уі ғана интернет жүйесіне тіркелген. Мектеп ұжымы журнал толтыруға әр мұғалімге бір сағаттан уақыт бөліп, кесте орнатқан. Бұл – мәселеден шығатын жол емес. Бір сағаттың жарты сағаты тек құрылғыға телмірумен өтіп кетеді, — дейді ұстаздар.

Егер баға уақытында қойылмаса, мектептің рейтингі түсіп қалады-мыс. Жоғарыда аталған білім ошағы аудан мектептері бойынша жүргізілген рейтингте ең соңғы орында тұрған көрінеді.

— Біздің ауыл шалғайда орналасқандықтан, интернет желісі нашар. Бірақ бізге ұялы байланысы, интернеті бар көш ілгері ауылдармен бірдей талап қойылады. Жалпы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушының бағасы уақытылы қойылуы тиіс. Алайда бізде мұндай мүмкіндік жоқ. Аудандық білім бөлімі жіберген деңгейлік ақпарат бойынша біздің мектеп ең соңғы орында тұр. Мұғалімдер қауымы бұл жүйе жұмысын жандандырып, деңгейімізді жоғарылату үшін өз есебімізден ауданға баруға мәжбүрміз. 120 шақырым қашықтықтағы Жаркент қаласына барып, компьютер клубтарына кіріп, сағатына ақша төлеп, жұмысымызды атқарып жүрміз. Бұл бір рет қана істей салатын шаруа емес. Бірінің мүмкіндігі келсе, екіншісінің қалтасы көтермейді. Егер ауылымызға жоғары жылдамдықтағы интернетті қосса, мұндай проблема болмас еді. Мұғалімдердің мұңына құлақ асып, осы мәселенің шешілуіне атсалыссаңыздар екен, — дейді ауыл мұғалімі Анар Батырбекова (аты-жөні өзгертілді).

Біз өз тарапымыздан Панфилов аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрар Қастеевпен телефон арқылы байланысып, ұстаздардың мұңын жеткіздік.

– Ауданымыздағы барлық мектеп 100 пайыз интернет желісіне қосылған. Ынталы ауылы шалғайда орналасқандықтан интернет желісі бойынша кемшілік жоқ емес. Мектепте 44 компьютер бар. Оның барлығы интернетке тіркелгенімен, жылдамдық күші аз болғандықтан тек екеуі ғана негізгі жұмысқа жарамды. «Қазақтелеком» АҚ басшыларымен кездесіп, мәселенің мәнісін анықтаймын. Бүгінде ақпараттық технологияларды дамытуды, интернет желісімен барынша барлық ауылды қамтуды басты жоспарға енгіздік. Алдағы уақытта жылдамдығы дұрыс және қажетті мөлшердегі серверлерді іске қосатын боламыз. Бұл мәселені өзім қолға алып, жақын арада шешемін уәде беремін, – деді Тұрар Бақышұлы.

Алақандай ауыл мектебінде 125 оқушы білім алады. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың жағдайын жасау кезек күттірмейтін мәселе екені сөзсіз. Қысқасы, интернеттің әлсіздігінен облыстың көптеген ауылындағы мұғалімдер «Кundelik.kz» жүйесін өз деңгейінде пайдалана алмай отырғандығы ащы да болса шындық. Мұндайда жүйеге қойылған бағаны ата-ананың қалай қадағалайтыны туралы әңгіме айтудың өзі артық секілді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Панфилов ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.