Талдықорған: -2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН

26 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТ
ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің өркендеуі қоғамның ортақ мәселелерін бірлесе шешуге, түйткілді тақырыптарды ақылдаса, кеңесе отырып талқылауға тікелей байланысты. «Кеңесті жерде кемдік жоқ» дегенді айтқан бабалар сөзіне сенсек, әрбір істің жақсы нәтижесі алдын ала жасалған пайым, құрылған есеп, дайындалған жоба негізінде шығады. Сондықтан болар, ата-әжелеріміз: «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген мақалды жиі айтып отыратын. Расында бірнеше адамның ақылдасуымен, көпті көрген ақсақалды қарттардың білгенін мысалға алумен көптеген мәселенің шешімін табуға болады. Және оның дұрыс болып шығарына сенім мол.

Қазақстан Республикасында қоғамның өзекті мәселелерін бірлесе талқылау үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, халықтың ішінен шыққан қоғам қайраткерлері мен белсенділер сөз арнайтын мінберге айналды. Осыған дейін екі рет отырыс өткізген Ұлттық кеңесте көпбалалы аналарға  жәрдемақы тағайындау, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, рұқсат етілген митинг ұйымдастыруды ескерту қағидатын қалыптастыру, шетелдерден жұмыс күшін әкелуге қатысты заң нормаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу сынды еліміз үшін аса маңызды мәселелер талқыланды. Сол талқылаулардың нәтижесі бойынша бүгінгі күні көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем­ақы ұлғайып, 4 баласы бар аналар 42 мың теңге, 5 балалы аналар 52500 теңге ала бастады. Бұл сома әр балаға орай өсіп отыр. Өткен жылы ғана 4 балалы ана небары 10500 теңге алып келсе, биыл ол төрт еселенді. Яғни, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде көтерілген мәселенің нәтижесі осылайша көрініс тапқаны анық.
Ұлттық кеңестің екінші отырысында сөз алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақыны дифференциалды, яғни, айлық есептік көрсеткіштің 42,5 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейінгі еселенген өлшемімен беру ұсынылады. Сонымен қатар, жағдайы төмен отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет жасақталады. Мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлікпен және ең қажетті деген құрал-жабдықтармен қамтылады. Оқушылар мектепте ыстық тамақты тегін ішеді, мектепке барып-қайту жолақысы, сондай-ақ, мектеп формасы мен оқу құралдары тегін болады, – деп мәлімдегені күллі жұртшылыққа белгілі.
Міне, халықтың қамын ойлаудан туындаған жаңа бастама – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы елімізде осылай жүріп жатыр. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» деген тәмсілді айтқан бабалар сөзіне сенсек, «Бітер істің басына, жақсы келер қасына».

Мәди АЛЖАНБАЙ

Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.