Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«КҮНІНЕ БІР ӨЛЕҢ ЖАТТАЙЫҚ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА АБАЙҒА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

24.02.2020
РУХАНИЯТ
"КҮНІНЕ БІР ӨЛЕҢ ЖАТТАЙЫҚ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА АБАЙҒА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Жүректе қайрат болмаса» атты рухани кеш Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде өтті.

Жиынды «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Бақтияр Жақсыкелдінов ұлы ақынның өлеңімен бастады. Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Оспанұлы, Алматы облыстық дін істері басқармасының дінтанушы маманы Қанат Маратұлы қатысты.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан! – деп Абай атамыздың өлеңін оқыған Жұматай Оспанұлы жастармен еркін тақырыпта сырласу әңгімесін бастады.

— Абай атамыздың әр өлеңі сіздердің болашақтарыңызға жарқын жол ашады. Сіздер күніне жоқ дегенде Абай атамыздың бір өлеңін оқуды я жаттауды қолға алсаңыздар, өмірлеріңізге үлкен олжа болатыны анық.

Барлық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге, — деп данышпан ақын өзі айтқандай, ерінбей Абай шығармашылығын оқыңыздар деп кеңес беремін, — деген ол Абайдан адамзаттық ілімді, Мұқағалидан өмірді сүюді үйренгенін жеткізді.

Жастар жайлы тағылымды әңгіме айтқан Қанат Маратұлы ата-ананың қадірі, ұрпақ тәрбиесі оның ішінде қыз бала тәрбиесі турасында дайындаған бейнеүзікті білімгерлерге көрсетіп, ата-ананың қадірі турасына тебіреніп, түрлі мысал келтіріп, кештің мәнін тереңдете түсті.

– Бала – әке-шешенің бауыр еті. Бәріңіздің қарындарыңыз тоқ, көйлектеріңіз көк болуы ата-ананың арқасы екенін ұмытпаңыздар. Олар өздері кимесе де, ішпесе де сіздердің қамдарыңызды ойлайтынына алғыс айтып жүруге міндеттісіздер. Қазір барлығыңыздың мақсатыңыз – білім алу. Бірақ осы мақсат жолында дұрыс талаптанып жүрсіздер ме? Осы тұрғысында ойланып көріңіздерші. Ата-анаңыздың үкілеген үмітін ақтауды ойлап, білім алсаңыздар жаман жолға түспейтіндеріңіз ақиқат. Сіздерді оқудан қалдырмай, киімдеріңізді түгендеп осы араға білім ал деп бағыт беріп отыр. Ал өздері кейде ағайын-туыстың, дос-жаранның қуанышына бара алмай қалады. Неге? Себебі, мәселенің барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Бар тәттіні сіздерге ұсынып, әдемі мен жақсыны үстеріңізге іліп, сіздердің алаңсыз жүрулеріңізге бар жағдайды жасаған ата-ана үшін мәңгі қарыздарсыздар. Анамызды Меккеге үш рет арқалап апарсақ та, қарызынан құтыла алмайтынымызды ұмытпайық. Оларға жақсылық жасау арқылы өзіңіздің де жақсы адам болып ер жетуіңізге кепілдік бар. Анаңызға ең үлкен жақсылық жасаудың ең төте жолын үйретейін сіздерге. Күнде анаңызға хабарласып: «Анашым, маған өмір сыйлағаныңыз үшін рахмет. Сізді жақсы көремін». Міне, осы бір ауыз сөзден артық анаға сый да, құрмет те қажет емес. Перзентінен осындай бір ауыз жылы сөз естіген ананың көңілі көкке бір елі жетпей қалатыны шындық, – деген Қанат Маратұлының ғибратты әңгімесін жастар үнсіз тыңдап, кейбірінің жанарына жас үйірілді.

Жақсылықты ата-анаға жасаудан бастау керектігін айтқан дінтанушы маман ата-ананы қадірлеуде Жұматай Оспанұлын үлгі тұтатындығын айтты. Өмір сыйлаған жандарға «уф» деп ауыр сөз айтпаған қаламгерге «Анаңды қадірлей біл тірісінде» өлеңін оқуға қолқа салды. Жұматай Оспанұлы көпшілікке өз туындысын нақышына келтіріп, оқып, жастарға ата-ананы сыйлау арқылы бақытты болатындықтарын айтты.

Жиында «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамбльінің әншісі Әліби Бекайдар әсем әннен шашу шашса, білім ошағының ұстаздары жастарға рухани кеш сыйлап, тағылымды әңгіме айтқан қонақтарына алғыс білдірді. Оқушылар сырлы сөздің қасиетін, бабалардың өміршең өсиетін, Абай Құнанбайұлы мен жастар тәрбиесін сабақтастырған кештен мол әсер алды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Фото – автор

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.