Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«АРЫЗЫҢДЫ ЖАЗ ДА, БАР»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫН ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРДЫ

19 ақпан 2020
КҮНДЕРЕК
"АРЫЗЫҢДЫ ЖАЗ ДА, БАР": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫН ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровты «демагог» деп атап, жұмыстан шығарды. Бұл жағдай аймақ басшысының халық алдындағы есебі аяқталғаннан кейін болды.

Есептік жиын аяқталуға жақын қалғанда Талдықорған қаласының тұрғыны Ляззат Құдайберген өзінің шағымын тыңдауды облыс әкімінен сұрады. Амандық Баталов жиыннан соң төрт баласы бар жалғыз басты ананы тыңдауға уәде берген еді. Залдың шыға берісінде әкімді күткен Ляззат Амандық Баталовқа болған жайтты баяндап берді.

— Мен сізге қараша айында жолыққан болатынмын. Сіз қала әкімінің орынбасары Асхат Мейрамғалиұлына тапсырма бердіңіз. Бірақ осы уақытқа дейін ешқандай мәселем шешілген жоқ. 21 жылдан астам уақыттан бері ата-анамнан қалған пәтерімнің құжаттарын рәсімдей алмай жүрмін. Мен көпбалалы анамын, жалғыз басты. Қайда барамын енді, білмеймін, — деді Ляззат Құдайберген.

Облыс әкімі Амандық Баталов көпбалалы анадан мәселесінің не себепті шешілмегенін сұрады.

— «Амандық Баталовқа кірсеңіз болды, мәселе шешіледі деп ойлайсыз ба?» — деді маған Асхат Мейрамғалиұлы. «Пәленбай миллион халық бар, бәріне көмектесе берсем нем қалады, ақшаңды шығар да, өзің жаса», — деді. Егер менің ақшам бар болса, мен ондай көмек сұрамас едім. Мен сізден тұрғын-үй, қаражат сұрап тұрған жоқпын. Әке-шешемнен қалған өз үйімнің құжаттарын рәсімдей алмай тұрмын. Базада ол үй жоқ. Үкіметке өтпеген. Құрылыс болып, тапсырылмаған. Сол күйі әркім өз бетінше кіріп алған. Мен ол жерде тіркеуде тұрмын, — деді Ләззат Құдайберген облыс әкіміне.

Амандық Баталов бірден Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровты шақырып, берілген тапсырманы не себепті орындамағанын сұрады.

— Егер баяғыдан бергі осындай уақыты өткен жағдай болатын болса, комиссия құрып, оның құрамына депутат, «Нұр-Отан» партиясының өкілдерін қосып, қарап, шешім шығару керек, — деді Амандық Баталов. Тапсырманы дер кезінде орындамаған шенеуніктің әрекетіне ашуланған Амандық Баталов оның арыз жазып, жұмыстан кетуін сұрады.

— Маған «демагог» керек емес. Арызыңды жаз да, бар, — деді Амандық Баталов Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровқа.

Облыс әкімі Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа Асхат Қалиасқаровтың орнына іскер орынбасар табуды талап етті.

— Мен кеше байқағанмын. Халық маған келгенде, ол жөнді (Асхат Қалиасқаров) жауап та бере алған жоқ. Мұндай адамды «демагог» деп атайды. Демагог керек емес. Арызын жазсын. Содан кейін мына кісінің мәселесін шешіп беріңдер, — деген Амандық Баталов Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа мәселені шешуді тапсырды.

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел: «Мемлекеттік қызметтің абыройын түсіргені және тұрғындар тарапынан келген арыз-шағымдарды өз деңгейінде қарамағаны үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровты жұмыстан шығаруға облыс әкімі тарапынан бұйрық берілді», — деп түсініктеме берді.

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Бүгін, 09:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқына қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқына қолдау білдірді

Бүгін, 09:15
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.