Талдықорған: 0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘЛ-ФАРАБИ ДЕ, АБАЙ ДА — ИСЛАМ ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТҚАН ҒАЛЫМДАР

13.02.2020
РУХАНИЯТ
ӘЛ-ФАРАБИ ДЕ, АБАЙ ДА - ИСЛАМ ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТҚАН ҒАЛЫМДАР
WhatsAppTelegramFacebook

Әл-Фарабидің кемеңгер тұлға екенін Ақжан Машанов ағамыз ғылыми конференцияларда, өзінің қазақ және орыс тілдеріндегі мақалаларында дәлелдей білді. Нәтижесінде ұлы тұлғамыз еліне оралды. Ал Ақжанды зиялы қауым көзі тірісінде-ақ «бүгінгі күннің Фарабиі» деп атады. Ақжан Жақсыбекұлы туралы сәулетші Төлеубек Қарамен: «Ол өзінің қазақ халқын ерекше сүйді. Өз халқына еңбек сіңіру оның ең басты ұстанымы еді. Әл-Фарабиді ашудың қиындығына қарамай бел буып, ұрпағымен табыстырғандығы осының дәлелі», – деп жазды.

Әл-Фарабидің еңбегі ислам ғылымын дамытушылардың ішіндегі ең үздігі. Астрономия, табиғат, музыка саласындағы ғылыми еңбектер әл-Фарабиден басталады. Ақжан Ма­­шанов ұлы тұлғаның мұраларын іздеп, Ташкент, Мәскеу, Ленинград, Уфаның көне еңбектерін сақтайтын мұрағаттарына барды. Ақжан Машанов жасы елуден асып кетсе де әл-Фараби шығармаларын тұпнұсқадан оқып, білу үшін араб тілін үйренді.

Әл-Фарабиді зерттеуге Ақжан Машанов жарты ғасырлық ғұмырын арнады. Соның нәтижесінде қазақ жерінде дүниеге келгенін дәлелдеді. Әл-Фараби туралы: «Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олар әл-Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей үлес қосып, аса ірі жаңалық ашқан жоқ. Платон, Аристотель, Птолемей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағанын өздері жазып кеткен. Ол ғұмырының соңына дейін әл-Фараби мұрасын зерттеген және осы салада теңдесі жоқ мұра қалдырған. Ақжан Машанов Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи кесенесінің басты мұраларының бірі болып саналатын тайқазанды еліне қайтаруға үлес қосты. Ол Ленинградтағы Эрмитаж ұжымына хат жазып, құнды мұраны қайтадан орнына қойдырды.

Абайдың өмірбаянын тұңғыш рет орыс тілінде жазған тұлға – Нұқ Рамазанов. Ол Кереку уезінің қазағы. Петроград қаласының студенті Абайдың орыс тіліндегі өмірбаянын 1914 жылы «Мәскеу» баспасынан шыққан «Әлшархиат» жинағында жариялады. Автор бұл еңбегінде Әлихан Бөкейханның 1907 жылы жазған мақаласын пайдаланған.

Ал Абай өлеңінің аудармашысы – Сатылған Сабатаев. Ол агроном, ғалым. Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Үлкен Алматы болысында дүниеге келген. Ол Абай өлеңдерін төңкеріске дейін аударған. Мәскеудегі есеп-кредит институтының студенті Нұқ Рамазановпен бірге Абай мен Міржақыптың өлеңдерін орыс тіліне тәржімалаған. Аударма 1914 жылы «Әлшархиат» жинағында басылған. Абай мен Міржақыпты танытудың басында аталмыш тұлғалар тұр деп айта аламыз.

Ол Абайдың «Жаз», Міржақыптың «Мұң» атты өлеңдерін аударса, Нұқ «Желсіз түнде жарық ай», «Адамның кейбір кездері» және «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?»  деген өлеңдерін қара сөзбен аударған. Екі аудармашы да өлең мазмұнын қара сөзбен пайымдаған. Себебі, екеуі де ақын емес. Ақын, кәсіби аудармашы болмаса да, Абайды танытуды сол кезден-ақ мақсат еткен. Қазақ қыздарының арасынан Абай өлеңдерін алғаш рет орыс тіліне аударған Нәзипа Құлжанова. Оның  «Желсіз түнде жарық ай», «Жазғытұры» деген өлеңдері «Сибирский студент» журналының 1915 жылғы № 3,4 сандарында жарияланды. Орыс жұртшылығы революцияға дейін Абай өлеңдерінің осы бір бөлімдерімен танысқан еді.

Ал Кәкітай Құнанбаев болса, Абай Құнанбайұлының тұңғыш кітабының жарыққа шығуына зор үлес қосты. Абай қайтыс болғаннан кейін Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында ел арасынан Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жинап, түгендеді. Кәкітай сол кезде Жидебайда бала оқытып жүрген молда Мүрсейіт Бікеұлы дегенге ақы беріп, Абай шығармаларын көшіртіп, жазғызған.

Абайдың суретін Павел Лобановский мен Николай Крутильников жариялады. Павелдің негізгі мамандығы – әскери қызметкер. Бірақ ол сурет салумен әуестенетін. Павелдің  Абай жайлы жазғаны, алғашқы лебіз болып саналады. Ол «Халық еркі» тобына қатысқандығы үшін сотталып, 1884 жылдың тамыз айына дейін жазасын Өскемен, содан кейін Семейде өтеген. Сол жылдары Абаймен танысып, жүзбе-жүз кездесіп, пікірлескен. Лобановский Абайдың портретін қарындашпен салады. Абайды өте құрметтегенін өзінің жазған түсініктеме пікірінен де аңғарсақ болады.

Онда: «Ибрагим Құнанбаев Семей уезі, Шыңғыс болысының қазағы. Өзі де жеткілікті мөлшерде әйгілі адам. Өз халқының әдет-ғұрпының білгірі. Қазақтар ортасында үлкен ықпал иесі. Қырық бес жаста» деп жазған. Ал портреттің сырт жағында: «Семей уезі Шыңғыстаудың құрметті қазағы Ибрагим Құнанбаев. Облыстық статистикалық комитеттің мүшесі» деп жазылып, автордың қолы  қойылған. «1887 жыл» деген белгісі де бар. Портреттің көлемі 30-40 сантиметр, жылтыр картон қағазға салынған. Бұл портрет Сібір мен Оралды аралап кетті.

Бұл – 1887 жылдың 7 қарашасында статистикалық комитеттің мәжілісінде қаралып, Абайдың портретін көрмеге жіберу туралы шешімнен кейін орын алған. Абайдың алғашқы портреті Семейдің өлкетану музейінде сақталып, 1940 жылы Семей қаласында жаңадан ашылған Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейіне өткізілген.

Портреттегі Абай бейнесі – дөңгелек бет, селдір мұрт, сақалы қысқа, жинақы. Басында тақиясы, үстінде қазақы шапан. Терең ойға шомып, алыстарға ой жүгіртіп отырғаны байқалады. Суретші нағыз қазақи қалыпты суреттей білген. Абайдың портретін салып, ол туралы жазған Лобановскийдің еңбегі ұшан-теңіз. Лобановкскийді Абайды жақсы танып, зерттеген адам деп айта аламыз.

Абай бейнесін салған келесі қылқалам шебері, кәсіби суретші – Николай Крутильников. Ол 1916 жылы Қазан қаласындағы сурет өнері училищесін тамамдаған. Осы қызметте жүріп, қазақтың зиялы қауым өкілдерімен жақын араласып, тұрақтап қалады.  Мұхтар Әуезовпен жақсы қарым-қатынаста болады. Әуезов Семей қаласындағы географиялық қоғамның мүшесі әрі осы қоғамның төрағасының орынбасары еді. Жиындардың көбі Әуезовтің басшылығымен өтті. Осы жиындарға қатыса жүріп Әуезовтің ақыл-кеңесі арқылы Абайдың портретін салуға кіріседі. 1924 жылы кенепке (Холст) майлы бояумен Абайдың көлемді портретін салып, бітіреді.

Бұл портреттің ұзындығы – 1 м. 10 см., ені – 50 см. Крутильниковтің  туындысын нағыз кәсіби суретші салғаны көрініп тұр. Суретші картинаны «Абай өлең жазу үстінде» деп атаған. Абай портретін жасауда ақынның фотобейнесінен алшақтап кетпеген. Бұған Абайдың М.Әуезов немесе Абайдың ұрпақтары Тұрағұл мен Жағыпар (Мағауияның баласы), Шәкәрімде сақталған Абайдың фотосуретінің әсері болуы мүмкін деген ой бар. Содан көріп салған десек те болады. Себебі, Абайдай ұлы тұлғаның бейнесін салуда оның фотобейнесіне сүйенбей жай ғана ой топшылауымен салу мүмкін емес.

Әл-Фараби мен Абайдай ұлы тұлғаларымыздың мұралары осылайша танылған, жинақталған, көпшілікке ұсынылған. Абайды танытқан тұлғаларды естен шығаруға болмайды. Әл-Фараби мұрасын жаңаша көзқараспен зерттеймін, Абай шығармашылығын әлемге танытамын деген ойлы жастар болса, осы тұлғаларды да ұмытып кетпегені абзал. Тарихты зерделеген сайын көкжиегіміздің ашыла түсетінін ұмытпайық.

Ерден НҰРАХМЕТ

Қарашілік ауылы,

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.