Талдықорған: +11°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«СЫН КӨТЕРМЕЙДІ»: ТҰРҒЫНДАР ЖЫЛУ ҚҰБЫРЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАНДЫ

02.02.2020
ӘЛЕУМЕТ
"СЫН КӨТЕРМЕЙДІ": ТҰРҒЫНДАР ЖЫЛУ ҚҰБЫРЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан қаласындағы аудандық Мәдениет үйіне жиналған көпшілік аудан әкімі Марат Разбековтың есепті баяндамасын тыңдап, өңірдің бүгіні мен келешегі жөнінде кең мағлұмат алды. Есепті жиынға облыс әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров қатысты.

Өткен жылы аудан бойынша 1,9 миллиард теңгеге 85 дана әртүрлі ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Негізгі капиталға 8,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Құрылыс саласында 6000 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Жыл басынан 9,4 миллиард теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өсті.

Бүгінгі күні аудандағы 26 елді мекен орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылған, бұл аудан бойынша 72,2 пайызды құрайды. 2020 жылы Еркін және К.Қазыбаев ауылдары орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылып, қамтылу деңгейі жоғарылауы тиіс. Аудандағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 998 шақырым, соның ішінде, 57 шақырымы республикалық маңызы бар, 532 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар, 409 шақырымы аудандық және елді мекендердің көше жолдары. Өкінішке қарай, жол сапасы бүгінгі талапқа толық жауап бермейді. Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге және оны күтіп ұстауға 2019 жылы 800 миллион теңге, аудандық маңызы бар жолдарға 336,6 миллион теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Баяндамашы бұдан әрі мәдениет саласының, жастар ресурстық орталығының  жұмыстарына  көңіл бөлді. Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығы 2019 жылы 15 460 жас қатысқан 519 әлеуметтік маңызы бар шара ұйымдастырды. Олардың арасында республика бойынша тұңғыш рет Жастар жылына орай «Жастар шыңын бағындыру» тақырыбымен 2 күндік туристік жорық жүзеге асырылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері еріктілердің бастамасымен 30-ға жуық ардагер мен қарттарға көмек көрсетіліп, қайырымдылық және тазалық акциялары іс жүзіне асты.

Марат Мелісұлы есепті баяндамасында биыл атқарылатын шараларды саралап берді. Ауылшаруашылық саласы бойынша өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, өнеркәсіп саласын ілгерілету бағытындағы басымдық берілген міндеттерге тоқталды.

Үстіміздегі жылы 9 миллиард теңгеге инвестиция тарту болжануда. Бұл бағытта «МТиК» ЖШС су электр стансысын салу жобасы инвестициялық жоба ретінде танылды. Жобаны іске асыру барысында 20 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру үшін жеке қаржы есебінен 6 млн.960 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат тартылады. «АЗИЯ ГОЛД» ЖШС 2019-2020 жылдары қуаттылығы маусымына 200 тонна дайын өнім болатын дәрілік шөптерді қайта өңдеу зауытын салу, сондай-ақ, салынып жатқан зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін көлемі 400 гектардан кем емес жер учаскесінде дәрілік түймедақ өсіру жобасының іске асырылуын жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру барысында 30 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Аталған жобаны іске асыру үшін жеке қаржы есебінен 442,7 миллион теңге көлемінде қаражат тартылады.

«ВЭС 50 Мвт «Абай 2» ЖШС 2019-2020  жылдары қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр стансысының құрылысы жобасы іске асырылуы жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру үшін жеке қаржы есебінен 19,4 миллиард теңге көлемінде қаражат тарту және 15 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

«Jetisu Beef» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019-2021  жылдары 10 000 бас ірі қара малға арналған 3 бордақылау алаңын салу, етті бағыттағы малдың өсімін көбейту, мал шаруашылығын дамыту жобасын іске асыруды міндетіне алды. Жобаны іске асыру үшін жеке қаражат есебінен 50 млн. АҚШ долларын тарту және 150 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Баяндамадан соң залдан сұрақ қойған тұрғын жұртшылық көкейіндегі пікірді айтты. Жылу құбырлары жүргізілген көшелердің күйі сын көтермейді. Көктемгі, күзгі лайсаң да көпшілікке қолайсыздық туғызуда. Бұл сауалға орай аудан әкімі биыл қала аумағындағы 7 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін жұртшылыққа жеткізді. Есепті баяндаманы талқылауға жиналғандар атынан сөз алған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков әкімнің өткен жылғы жұмысына қанағаттанарлық баға беруді ұсынып, Қарабөгет, Лепсі ауылдық округтерінің ауызсумен толық қамтылмағандығын ескертті.

Жиынды қорытындылаған Бағдат Сайланбайұлы облыста атқарылған жұмыстарға тоқтала келіп, Сарқан ауданының алдағы алар асуларын саралап өтті.

– Ақсу қант зауытының іске қосылуына байланысты қызылша көлемінің арта түсуі заңдылық. Өнімін өткізіп, төлемақысын ала алмай жүрген шаруа қожалықтары болмауы тиіс. Мұндай сылбырлыққа жол берілмейді, – деген облыс әкімінің орынбасары ауданда жүзеге асырылатын ауқымды жобалардың бірқатарына тоқталып, залдан түскен, жарыссөзде көтерілген мәселелердің аяқсыз қалмайтындығына сендірді.

Жомарт ИГІМАН

Сарқан ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.