Талдықорған: +14°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«ЗЕЙІНМЕН ОҚИЫҚ»: ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫ ЗЕРТТЕУ ӘЛІ БІР ІЗГЕ ТҮСКЕН ЖОҚ

27.01.2020
ТҮПСАНА
"ЗЕЙІНМЕН ОҚИЫҚ": ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫ ЗЕРТТЕУ ӘЛІ БІР ІЗГЕ ТҮСКЕН ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын оқырманның олжасына айналған ғажайып шығармалар «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кеңінен насихатталады. Биыл алты Алаштың маңдайына біткен қос алып туралы жазылған «Ұстаздың оралуы» мен «Абай жолы» романдары аталмыш акцияның арқауына айналды. Осыған орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында жергілікті зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Рухани шараның шымылдығын аталмыш кітапхана директоры Ғалия Тоқабаева құттықтау сөзімен ашты.

– Әлемнің екінші ұстазы саналған ұлы бабамыз әл-Фарабидің 1150 және хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы биыл аталып өтпек. Осыған орай заманымыздың заңғар жазушылары Ә.Әлімжанов пен М.Әуезовтың қаламынан туған ғажайып шығармалар акцияға арқау болып отыр, – дей келе, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан акцияның мақсатына тоқталды. Сонымен қатар, акцияға орай өткен жылы ұйымдастырылған ел көлеміндегі байқауда облыстық кітапхананың бас жүлдені иеленгенін, биыл да сол шыққан биіктен төмендемеу керектігін атап өтті.

Өз кезегінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі, ҚР Жазушылар Одағы басқармасының Алматы облыстық филиалының директоры, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін сөз алды.

– Әл-Фараби мен Абай зеңгірден салбырап түсе қалған жоқ. Олардың бойындағы қасиет ұлы түркі халықтарының кеудесіндегі асыл қазыналардың жалғасы деп ұғуымыз қажет. Елбасының «Тарих толқынында» кітабында: «Біздің даңқты бабаларымыз мыңдаған жылдар бойына мынау Еуразия кеңістігінде өркениеттің интеграторы болды», — деп жазады. Расында біздің айбарлы да білімді ұлы бабаларымыздың алдында бәрі басын иді. Өйткені, біз өркениетті тараттық, – деген  ақын сол өркениет таратқан елден ұлы ойшылдардың шығуы заңдылық екенін атап өтті. Сонымен қатар, тауанды тарихтан көптеген мысал келтіре отырып, қос алыптың асыл болмысын, тұлға-тұрпатын көркем баяндаған ақын даңқты бабалардың бай мұрасын биліктен бастап қарапайым халыққа дейін зейінмен оқып, ойшылдардың философиялық толғамдарын іске асыру керектігін, сонда ғана Рухани жаңғырған ел болатынымызды қадап айтты.

Абайдың «Масғұт» поэмасын антикалық әдебиеттегі шығармалармен салыстыра отырып, данышпанның білім көкжиегінің кең екенін, хакімдік биікке көтерілуіне ұшан-теңіз білім мен парасаты, ұлы қабілеті алып шыққанын атап өткен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры Мұратбек Иманғазинов қос алыптың беймәлім қырларынан сыр тарқатты. Өз кезегінде философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабеков, филология ғылымдарының докторы Сайлау Қожағұлов сынды ғалымдар қос алыптың шығармасын зерттеу әлі де бір ізге түспегенін, ұлы ойшылдардың мәңгілік мұрасы күллі адамзат баласына ортақ қазына екендігін атап өтті. 

Жиын барысында Абай атындағы №1 орта мектептің оқушылары хакім жырларын оқыса, облыстық Сүйінбай атындағы филармония әншісі Айбол Құдайбергенов пен Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері ұлы ақынның әндерін тамылжыта шырқап, көпшілік ықыласына бөленді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.