Талдықорған: +14°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«МАДИНАҒА ҰҚСАЙДЫ»: ӨНЕР ӘЛЕМІНДЕ ТАҒЫ БІР ЖЕТКІНШЕК ӨСІП КЕЛЕДІ

21 қаңтар 2020
РУХАНИЯТ
"МАДИНАҒА ҰҚСАЙДЫ": ӨНЕР ӘЛЕМІНДЕ ТАҒЫ БІР ЖЕТКІНШЕК ӨСІП КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандық оқушы Сабина Ғалел халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды.

Кең диапазонды, құлаққа жағымды әсем үнді Сабина Ғалел қазақша ән орындағанда бойында ерекше күш пайда болатынын айтады. Кең даладай мол тынысты дауысымен кенен жүректерді түгел баурап, күміс күмбірге, шетсіз, шексіз дария сезім мен сырға кенелткен жас таланттың болашағынан мол үміт күтуге болады. Қазірдің өзінде әртүрлі жанрдағы әндерді орындап, өз тыңдарманын жинап үлгерген.

Сабина Ғалел Талдықорған қаласындағы Абай атындағы №1 мектептің 6-сынып оқушысы. Зерек әрі білімді оқушы әнші болып, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандап қана қоймай сол мақсатқа жету жолында ерінбей еңбек етіп келеді.

– Кішкентай күнімде сахнада ән айтқан кез-келген әншіге қарап қызығатынмын. Көз алдыма елестетіп, өзімнің аты-жөнімді хабарлап, сахнаға шақыратынмын. Үйде ата-анама кішігірім концерт қойып беретінмін. Бұл әдетім әлі күнге дейін жалғасып келеді. Мектепке барған соң мерекелік кештерде ән айтып жүрдім. 10 жасқа келгенде нақты әнші боламын деген шешім қабылдап, алдыма мақсат қойдым. Содан менің арманымның, мақсатымның іске асуына көмектесуді ойлаған ата-анам Талдықорған қалалық музыка және өнер мектебіне баруыма жол ашты. Асылбек Тойлыбеков ұстазымнан сабақ алып жүргенімді ең үлкен жеңісім мен жетістігім деп ойлаймын.

Иә, болар баланың бетін қақпай, белін буып, шәкірт тәрбиелеуді қолға алған талантты әнші Асылбек Болатұлының еңбегін ерекше атап өтуге болады.

– «Айқайлағанның бәрі әнші емес». Расымен де солай. Әнші болу үшін талант, сонымен қоса еңбек те керек. Еңбексіз еш биікті бағындыра алмайсың. Осы қағиданы шәкірттеріме үнемі айтып отырамын. Жалпы, шәкірттерімнің жауапкершілігі мен еңбекқорлығын ерекше атап өткім келеді. Сабинаның мен Мадина Ералиеваның дауыс тембрі ұқсас. Біздің міндет – жас өнерпаздың өнеріне бағыт-бағдар беру арқылы, арманына жеткізу. Үкілеген қызымыз халықаралық байқауға қатысып, вокал номинациясы бойынша І дәрежелі диплом алды. Сабинаның болашағынан мол үміт күтеміз, – дейді шәкірт тәрбиелеп жүрген Асылбек Тойлыбеков.

«Баласы атқа мінсе, анасы үйде тақымын қысар» дегендей, Сабина әр байқауға барған сайын анасы тілеуін тілеп отырады.

– Қызымның жетістігі — менің қуанышым. Баласы үшін ана деген жанын да береді емес пе? Сабинамның бойындағы кішкентай ұшқынды байқаған соң өнер саласына барсын деп шештік. Асылбек Болатұлына аналық жүрегіммен алғыс айтамын. Еш баланы бөлмей, өнер деген әлемде тең ұстап келеді. Әр өнерпазда жұмбақ та сиқырлы дауыс бар. Соны байқайтын Асылбектей ұстаздар көп болса деймін, – деді өнерпаз қыздың анасы Эльмира Қасымбекова.

Қазір дара дарынды жоғары бағалайтын кез келді. Фонограммамен айтатын, көшірме әншілерден жұрт жалықты десек қателеспейміз. Нағыз талант иелері жарқырап жарыққа шығатын, көңілге ой салатын әндерді жұрт іздеп жүріп тыңдайтын уақыт жетті. Жүйрікті шабысынан, талантты талабынан танитын қағілез көрерменнің өзі де мойындайды. Таланттан кенде емес қазақтың ән тарихында жарық жұлдыз болып жарқыраған күміскөмей өнерпаздар жетіп-артылады. Сабина Ғалелдің келешекте шетел сахналарын бағындырып, қазақ өнерін, биіктен көрсететін бірегей жұлдыз болатынынан үміттіміз.

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.