Талдықорған: +17°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

БАС ЖҮЛДЕ — 700 МЫҢ ТЕҢГЕ: ОБЛЫС ӘКІМДІГІ «АБАЙҒА АРНАУ» АТТЫ МҮШӘЙРА ЖАРИЯЛАДЫ

20.01.2020
ТҮПСАНА
БАС ЖҮЛДЕ - 700 МЫҢ ТЕҢГЕ: ОБЛЫС ӘКІМДІГІ "АБАЙҒА АРНАУ" АТТЫ МҮШӘЙРА ЖАРИЯЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақынын ардақтаған Алаш жұртының әрқашан маңдайынан бақ, таңдайынан жыр кетпегені әлімсақтан белгілі. Ақындар мен батырлар елі атанған Алматы облысы жыл сайын мерейтойларды абыроймен атқарып келеді. Биыл қазақтың ұлы ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы елімізде кеңінен тойланбақ.

Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  өткізілгелі отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абайды қалай дәріптесек те жарасатынын, оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы қазақ халқына ғана емес, барша жұртқа өнеге екенін баса айтты.

Абай – қазақ халқының ары мен намысын қамшылап, ұлтымыздың ұлылар қатарынан болуы жолында дамылсыз күрескен қажырлы қайраткер. Оның шығармасындағы аса ірі парасаттылық пен қарапайымдылық, философиялық ұстаным әрбір адамның бойында болуы шарт.

Қазақ халқының өмірін негізге ала отырып жазған қара сөздерінің өзі кейінгі ұрпаққа Құран сөзінен кейінгі елдің бағдаршамына айналғалы қашан?! Абайдың ілімі, Абайдың ғылымы, Абайдың кемелдігі, Абайдың кісілігі келер ұрпақ үшін таптырмас олжа.

Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Алматы облысы әкімінің қолдауымен «Абайға арнау» облыстық ақындар мүшәйрасын жариялайды. Жергілікті ақындарымыздың арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтап, арнау өлеңдердің жинағын кітап етіп шығару — бұл шараның басты мақсаты болмақ. Сондай-ақ, Абайды танып, білуге және жаңа қырларын ашуға үлкен мүмкіндіктер бар.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақты жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, – деп бір ауыз сөзбен ойын түйіндеген Абай атамызға бүгінгі ұрпақтан айтылар алғыс, арналар жырдың мол болатынына сенім мол. Тақырыпқа шектеу жоқ. Ұлы Абайдың сегіз қырлы, бір сырлы даналығы мен данышпандығын егеменді еліміздің мұратымен ұштастыра отырып жырлау ақындардың шалқар шабытына байланысты. Асығайық, ақындар! Ендеше жүйріктерімізді аламанның алдынан күтуге дайынбыз!

Бас жүлде – 700 000 теңге.

Бірінші орын – 500 000 теңге.

Екінші орын – 400 000 теңге.

Үшінші орын – 300 000 теңге.

Ынталандыру бәйгесі 3 ақынға 200 мыңнан белгіленіп отыр.

Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген, мағынасы мен көркемдік деңгейі қалыпқа сай топтама өлеңдер, толғаулар 2020 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Қабылдау орны — Талдықорған қаласы, С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Тәуелсіздік көшесі, 61-үй.

Байланыс телефондары: 8-7282-24-11-23, 24-63-45; 8-771-403-76-39; факс: 40-01-46.

Электронды почта: bibseyfull_tald@mail.ru

Мүшәйраның мақсаты:

— Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген сұранысты арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

— Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, Абай Құнанбайұлының философиялық қырына үңіліп, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып-білуге, тани түсуге ынталандыру.

— Ұлы Абайдың жан-жақтылығын  қамти отырып, ақындық шығармалары арқылы Абай мұрасын, өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа ұғындыру, қазақ тілі арқылы олардың санасында қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру және үлгі ету.

— Ел арасындағы таланттарды іздеу, олардың шығармашылық ізденісіне дәнекер болу.

Мүшәйра тақырыбы:

Абай Құнанбаевқа арнау (1 өлең 10-12 шумаққа дейін, поэма 50 шумаққа дейін).

Мүшәйраның шарттары:

Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі. Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана облыстық ақындар мүшәйрасына ұсынылады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің уақыты қосымша хабарланатын болады.  Марапаттау сәтінде жүлделі орындарға ие болған өлең авторлары өз шығармаларын мәнерлеп оқуға және жатқа оқуларына мүмкіндік болады. Мүшәйраға қатысатын өлеңнің бір данасын және автордың жеке суретін, жеке куәлігінің көшірмесін төменде көрсетілген электронды поштаға жіберу қажет.

Автор өзі туралы толық мәліметті қосымшадағы өтінімде көрсетуі керек. Алматы облысы, Талдықорған қаласы, С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Тәуелсіздік көшесі, 61-үй.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «АБАЙҒА АРНАУ» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасына

Ө Т І Н І М

  1. Аты жөні (толық)___________
  2. Білім алған оқу орнының толық атауы__________________
  3. Қатысушының жұмыс орны_____________
  4. Тұратын мекенжайы, байланыс телефоны_______________
  5. Шығармалардың толық атауы, қосымша шығарманың мәтінін тіркеу____________
  6. Мүшәйраға қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жетістіктері:_______
  7. Қатысушының қолы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ» 

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

03.04.2026
2026 жылға мәжбүрлеп таратуға жататын Жетісу облысы салық төлеушілердің алдын-ала тізімі

2026 жылға мәжбүрлеп таратуға жататын Жетісу облысы салық төлеушілердің алдын-ала тізімі

03.04.2026
Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.