Талдықорған: +14°C
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҰСТАЗДАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

17.01.2020
ӘЛЕУМЕТ
ҰСТАЗДАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жыл еліміздің тарихында ұстаздар туралы тұңғыш рет жаңа заң қабылдануымен ерекшеленді. Бұған дейін мемлекет құжаттарында болмаған, педагог мамандардың құқығын қорғап, мәртебесін айқындайтын  «Педагог мәртебесі туралы» Заң қолданысқа енді.

«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы педагогтардың тамыз конференциясында айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген болатын.
Ел болып еңсеміз көтеріліп, дамыған елдің қатарына қосылуға ниет етіп жатқанда олқы тұсымызды толтыруды қолға алдық. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 30 желтоқсанда «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойып, педагог мәртебесін заңмен бекітті. 

Педагогқа тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы жүктемені азайту бойынша жеке нормалар
көзделген.

Жаңа қабылданған заң тек мектеп мұғалімдеріне ғана емес, балабақша тәрбиешілері мен орта кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларына да қатысты. Мектеп мұғалімдеріне қарастырылған барлық жеңілдікке жоғарыда аталған қызметкерлер де ие.
Жаңа заңда қарастырылған басымдықтар мұғалімнің жеке дамуына және оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы орайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің авторлық әдістерін әзірлеу және қолдану, оқу құралдарын таңдау, ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану, біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту формаларын таңдау бойынша кәсіби құқықтары кеңейтілді.
Педагогқа тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы жүктемені азайту бойынша жеке нормалар көзделген. Ол бұзылған жағдайда құқықбұзушылық субъектісіне байланысты 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салынады.
Бұдан бөлек, педагог мамандардың балаларын балабақшаға орналастыруда басымдық беру, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапаты сынды бірқатар материалдық емес ынталандырулар қарастырылған. Бұл ретте әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылдық жерде жұмыс істейтін педагогтарға жоғары жалақы төлеу, денсаулығын сақтау, «Үздік педагог» сынды гранттарға әлеуметтік кепілдіктер сақталған.
Жергілікті атқарушы органдарға педагогтардың еңбегін көтермелеудің қосымша шараларын, оның ішінде жергілікті ерекшелік белгілерімен, құрметті атақтармен марапаттау, біржолғы сыйақы төлеу құқығы берілетін болады.
Көзделген нормалардың маңызды блоктарының бірі – материалдық ынталандыру. Негізгі материалдық ынталандыруларға сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе мөлшерде қосымша ақы, педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы, барлық педагогтар үшін демалыс уақытын 56 күнге дейін ұлғайту, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу және басқа да шаралар жатады. Бұған қоса магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған. Бұл норма өз кезегінде мектепте жұмыс істейтін 5029 педагогқа қатысты және мектептерге академиялық дәрежесі бар жаңа мамандарды тартуды көздейді.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңды Мәжіліс депутаттары да қызу талқылап, өз тарапынан бірқатар ұсыныстар айтып, түзетулер енгізді. Мәселен, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беру ұйымдары педагогтары үшін апталық нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөніндегі норма; 
– педагогтардың педагогикалық этика нормаларын бұзуы бұрын көзделгендей әкімшілік құқықбұзушылыққа емес, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген кәсіби жауапсыздыққа әкеп соғатын теріс қылыққа теңестірілді;
 – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогқа тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен лауазымдық үшайлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленуін көздейтін норма енгізілді; 
– «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған педагогқа 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем белгіленді; 
– мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының және әскери оқу орындарының педагогтарына магистр дәрежесі үшін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы енгізіледі;
– ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін басым тәртіппен беруге кепілдік белгіленді; 
– педагогтың білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өзіне құрметпен қарауды және тиісті мінез-құлықты талап ету құқығы нақтыланды; 
– мұғалімдерді өздеріне тән емес жұмыстарға тарту, оларды қоғамның әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына жәрдемдесуге міндеттейтін нормалар және қайталанатын ережелері бар нормалар алынып тасталды; 
– өзінің лауазымдық міндетін орындау кезінде педагогқа былапыт сөйлеген, мазақ қылған, бейәдеп іс-әрекеттер жасаған, және де бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы басқа да осындай әрекеттерге барған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мысалы, педагогтарға этикаға жат қылық көрсеткен жеке тұлғаға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Егер ол адам осы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған болса, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Осы құқықбұзушылықты он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар жасаса, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Осы әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, бұл айыппұл 10 АЕК-ке өседі. 
– жоғары оқу орындарының педагогтарынан басқа, барлық педагогтарға әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру жөніндегі норма қарастырылды. Бұрын мұндай норма тек ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтарға қатысты еді.
Ұстаздардың құқығы, беделі, әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң, оларға қойылатын кәсіби талап та арта түседі. «Мектептің жаны – мұғалім. Ол қандай болса, мектеп те сондай. Яғни, мұғалім білімді болса, балалар мектептен терең білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», – деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі бүгінгі ұстазға қойылатын талапты дөп басып тұр. 
Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орнында берілетін білім мен тәрбиенің қайнар көзі ұстаздың өресіне, білімділігіне байланысты. 
Көптен күткен заң қабылданып, күшіне енді. Кез келген заң оны сауатты қолданғанда ғана тиімді болады. Оның тиімділігін арттыру заң орындаушы органға ғана емес, сіз бен бізге де байланысты. 

Әбдіманап Бектұрғанов,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
«Nur Otan» партиясының «Білім беру» бағыты бойынша партиялық кураторы

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026
394 мың адамға қатысты мәселе: Сенатта такси мен курьерлердің құқығы көтерілді

394 мың адамға қатысты мәселе: Сенатта такси мен курьерлердің құқығы көтерілді

16.04.2026
Қазақстанда вице-президент қашан тағайындалады?

Қазақстанда вице-президент қашан тағайындалады?

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.