Талдықорған: +1°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ЕЛДОС, БАЛАМ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖАС КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

17 қаңтар 2020
ӘЛЕУМЕТ
"ЕЛДОС, БАЛАМ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖАС КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізге танымал жас кәсіпкер, Талдықорғандағы «Асар» оңалту орталығының директоры, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдаушысы әрі өңірдегі игі істердің бастамашысы болып жүретін Елдос БАЯЛЫШБАЕВ Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВҚА әлеуметтік желі арқылы Үндеу тастады.

Үндеуінде ол мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау шарасы ары қарай жалғасын тауып, Алакөл жағасындағы бизнес-тренингтерге мүгедектердің мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестіктерді көбірек тартса деген ұсыныс білдірген.

Оқырманға түсінікті болу үшін Алакөлдегі бизнес-тренингті тарқатып түсіндірейік. 2019 жылы Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Елдос Баялышбаевтың бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жастарға арнап Алакөл жағалауында жаңа форматта демалыс ұйымдастырды. Көктұма ауылында өткен шараға кәсіби бизнес-жаттықтырушылар, танымал блогерлер шақырылып, кәсіп бастау, әлеуметтік желіде белсенді болу тақырыптарында дәріс тыңдалды. Семинар үш күнге созылған.

Әлеуметтік желідегі Үндеу мәтінімен бірге қызықты демалыстың бейнематериалы да жүктелген.

Елдос Баялышбаев облыс әкіміне жолдаған Үндеуінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жігерін оятып, болашаққа нық қадам басуына түрткі болатын осындай семинардың бір ретпен тоқтап қалмай, биыл да ары қарай жалғасын тапса деген ұсыныс-тілегін жеткізеді. «Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Көл жағасындағы сол демалысты сараптай келе, пікірлерді тыңдап, қорыта отырып, қызықты шара бір ретпен шектеліп қалмаса екен деймін. Себебі, қазіргі таңда мүгедектіктің жасарып бара жатқаны жасырын емес. Оның үстіне, өз кәсібін бастағысы келетін мүмкіндігі шектеулі азаматтар өте көп. Жетісудың інжу-маржаны саналатын Алакөл жағасында біздер үшін семинар өткізуге барлық жағдай қарастырылған. Мұндай жоба басқа ешбір облыста жоқ. Осы аталған жобаға 2020 жылы да қолдау көрсетуіңізді сұраймын», — дейді Е.Баялышбаев.

Сөзінің соңында ол игілікті шараға «Ерлік», «Алпамыс», «Қос», «Мейірім» қоғамдық бірлестіктерін және көпбалалы отбасы мүшелерін де қатысуға шақырды.

Бұл Үндеу Елдос Баялышбаевтың «Facebook» және «Instagram» парақшаларына жарияланды. Әлеуметтік желілерге үнемі назар салып отыратын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Үндеуге тез арада үн қатып, мұндай нәтижелі бастаманы үнемі қолдайтынын, тиісті тапсырма берілгенін жеткізіп, пікір қалдырды. «Елдос, балам. Біз міндетті түрде қолдаймыз! Мен өзімнің орынбасарым Батыржан Байжұмановқа сенімен бірге бұл жұмысты пысықтау бойынша тапсырма беріп қойдым», — деді Амандық Баталов.

Үндеу астына пікір жазушылар қатары толастаған жоқ. Олардың басым көпшілігі облыс әкімінің әлеуметтік желіде жылдам жауап бергеніне ризашылықтарын білдіруде. Пост соңында: «Әрқашан сені қолдаймын», «Керемет, Амандық Ғаббасұлы! Әкімнің халыққа жақын, ашық болуы деп осыны айтар едім», — деген пікірлер бар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

Бүгін, 17:30
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

Бүгін, 15:30
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін, 14:26
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

Бүгін, 13:30
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.