Талдықорған: -0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«АНЫҚТАЛДЫ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛМЕГЕН

17 қаңтар 2020
ӘЛЕУМЕТ
"АНЫҚТАЛДЫ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛМЕГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев Талдықорған қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметіне жүргізілген мониторингінің нәтижелері туралы айтты.

Ж.Жұмабаевтың айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жұмыс әрдайым заң аясында жүргізілмеген және сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтар орын алған.

– Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде 9 фактор анықталды.Тұрғын үйге тіркелген азаматтардың реттік нөмірінің болмауы, тұрғын үй комиссиялары жұмысының бұлыңғырлығы, комиссия құрамында тұрғындар мен ҮЕҰ өкілдерінің болмауы, тәртіптік тергеулер мен мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлемдерін мерзімінен бұрын алып тастау тәжірибесі, тәртіптік жаза қолданылмаған жағдайда департамент пен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерінде мүдделер қақтығысының болуы, басылымдар мен интернет-ресурстарға тұрғындар тізімі жайлы ақпараттың басылмауы, соңғы жиырма төрт айда тұрғын үй алған адамдардың тізбесі және бірыңғай электронды автоматтандырылған жүйенің жұмыс істемеуі және тұрғын үй бойынша бухгалтерлік есептің жасалмағаны белгілі болды, – деп атап өтті Жандос Жұмабаев.

Көп жыл бойы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға кезекке тұрған қала тұрғындарының өздері жоғарыдағы орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты шағымданып келді. Тұрғындар өз кезегін білу үшін қалалық әкімдікке жүгінген. Ал басқалары сот арқылы тұрғын үй комиссияларына кіріп, мәселенің мән-жайын сұрауға тырысқан. Тұрғын үйді заңсыз алған және негізсіз тұрып жатқан адамдарға қатысты тергеу жүргізуді талап етушлердің қарасы көп.

Олардың айтуынша, адамдар өздерінің тұрғын үй құқықтарын қорғау кезінде сыбайлас жемқорлықпен күресушілер селқостық танытып жүрген. Қазіргі таңда құзырлы мекеме өкілдері қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы сыбайлас жемқорлық бойынша іске кірісіп жатыр.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі инспекторлардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде мониторинг жүргізгенін «Ratel.kz» сайты тілшісінен естігенін айтты. Баспасөз хатшысы бұл мәселенің егжей-тегжейін білуге уәде берді.

– Мұндай ақпаратты бірінші рет естіп тұрмын. Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жаңа басшылық қызмет етуде. Бірінші басшысы жұмыстан босатылған. Алдағы уақытта тұрғын үй алуға бірыңғай орталықтандырылған электронды кезек пайда болады. Адам құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырып, ғаламтор арқылы өз кезегін бақылайды. Мұндай жүйе Қазақстанның басқа қалаларында жылжымайтын мүлкі бар ма, жоқ па деген мәселені анықтауға көмектеседі. Енді мұндай жұмыстың бәрі ашық түрде өтеді, –  деді Нұр Қанатұлы.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

Бүгін, 17:30
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

Бүгін, 15:30
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін, 14:26
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

Бүгін, 13:30
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.