Талдықорған: -0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ҚИЫП ТАСТАДЫ»: ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ АНАЛАР ШУ ШЫҒАРДЫ

9 қаңтар 2020
ӘЛЕУМЕТ
"ҚИЫП ТАСТАДЫ": ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ АНАЛАР ШУ ШЫҒАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының Ескелді ауданында жағдайы төмен отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарын өткізе алмай жатыр. Себебі, Ескелді ауданындағы жұмыспен қамту орталығында отырған қызметкерлер зейнетақы қорынан берілетін анықтаманы сұрап, тұрғындарды әлекке салып қойыпты. Ал тұрақты жұмысы жоқ, жалданып күн көріп отырғандар ондай анықтаманы қайдан аларларын білмей дал.

Ескелді ауданында шешімін таппаған осы мәселеге «31 арнаның» Алматы облысындағы тілшісі Самал Қабышева үңіліп көрді.

Аталмыш ауданның көмекке мұқтаж жандары атаулы әлеуметтік көмектен қағылып, Президенттен көмек сұрап отыр. «Ақшамызды қиып тастады. «Пенсионка» жоқ дейді. Мынандай қыс мезгілінде қайдан тауып беремін?» — дейді 25 жастағы Наргиз Қалиева көзіне жас алып. Ол бес баласымен, мүгедек анасымен қуықтай бөлмені пана етіп өмір сүруде. Жолдасы бала-шаға қамымен әр жерде жалданып жұмыс істейді. Дәл осы жалданып жұмыс істеуі олардың атаулы әлеуметтік көмектен қағылуына себеп болыпты.

Бұл мәселеге түсініктеме берген Қарабұлақ ауылдық округіндегі жұмыспен қамту орталығының маманы Бағлан Алтынбеков: «Ай сайын жұмыс орнынан зейнетақы қорына қаржы бөлінбесе, көмек те берілмейді. Жұмысқа қабілетті болса, жолдасы жұмыс істеуі керек. Если жұмысы жоқ болса, жұмыспен қамту орталығы ұсынған сол жұмысқа бару керек. Ал онсыз «АСП» төленбейді», — дейді.

Бұған дейін атаулы әлеуметтік көмекті 7 жасқа дейінгі баласы бар, бала күтімімен отырған жандар алып келген. Енді ол да өзгертілді. Атаулы әлеуметтік көмек тек 3 жасқа дейінгі балаларымен отыратын аналарға ғана беріледі. Шырылдаған аналар жұмыс сұрап барғанның өзінде айтарлықтай жақсы, табысты жұмыс та жоқ көрінеді. Бұл жайында Ескелді аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлмира Бақтиярова түсініктеме берді.

— Біз enbek.kz арқылы жұмыс істейміз. Организацы туда выставляет вакансий. Согласно этим вакансий я предлагаю. Вот «Жетісу энерготрейд» оператор с потребителями, — деді бос жұмыс орындары қалай ұсынылатынын көрсеткен ол.

Маманның айтуынша, мәселен, аула сыпыратын қоғамдық жұмыстарға 42 мың теңге төленеді. Ол жұмыс алты ай мерзімге ұсынылады. Бірақ сегіз сағат жұмыс істеуі қажет.

«Төрт баласы барларға шығарды. Неге үш бала, екі баласы барларға шығармаған ондайды?! Келіспейміз біз, келіспейміз», — дейді шағымданған аналар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.