Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ӨТЕ КӨП»: ЖЕТІСУҒА КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

24 желтоқсан 2019
КҮНДЕРЕК
"ӨТЕ КӨП": ЖЕТІСУҒА КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласында облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен жылды қорытындылаған келелі кеңес өтті. Шараға өңірдің белсенді туроператорлары мен турагенттік өкілдері қатысты.

– Облыстық туризм басқармасы былтырдан бастап, қазіргі таңға дейін туристік өнімінің құнды ұсынысын құрастыру, яғни, бизнеске жаңа мүмкіндіктер ұсыну үшін үлкен жұмыстар атқаруда. Бүгінгі кездесуде туризмнің жаңа бағыттарына енгізілетін геологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамыту жайы талқыланады. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде геологиялық экскурсиялар жүргізу бойынша арнайы институт мамандарымен, профессорлармен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, осы аймақта емдік-сауықтыру туризміне кіретін Алакөл, Балқаштан басқа Рай көлі деп аталатын денсаулыққа пайдалы көлдер өте көп. Солардың бірқатарына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың адам денсаулығына пайдасы мен қандай ауру-сырқауға емдік қасиеті бары зерттеліп, сол жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жандандыру бүгінгі басқосудың басты мақсаты болмақ, – деді облыстық туризм басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Мәдина Атабаева. – Өздеріңізге белгілі, туризмді дамытуға зор көңіл бөлінуде. 2019-2025 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылмақ. Соның ішінде, басым бөлігі Алматы облысында туризмді дамытуға бағытталған. Модератор бүгінде облыста шамамен 100-ге таяу туроператорлар мен турагенттіктер жұмыс істейтіндігін атады.

Биыл Жетісу жерін тамашалауға 2 млн.-нан астам турист келген. Оның ішінде 1 млн.300 мыңнан астам турист Алакөлге барған. Нәтижесінде, ақылы туристік қызметтен қоржынға 12 млрд.теңгеден жоғары қаржы түскен.

Бұл күнде Рай көлінің суы мен батпағының емдік қасиеттері жайында көпшілік біле бермейді. Бұған қоса, Жетісу өңіріндегі басқа да толып жатқан жабайы қалыптағы ыстық су, тұзды көлдердің де емдік қасиеттері мен құрамы зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да, туризмді дамыту бағдарламасы аясында атқарылар жұмыстар аз емес. Жиында инфрақұрылым мен сервистік қызметті жақсартудың да басты назарда екендігі тілге тиек болды.

Басқосуда сөз бастаған «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғылым бөлімінің басшысы Рустам Хабибрахманов «Алтынемелді» ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енгізу бойынша нәтижелі жұмыс атқарылғандығын баяндады. Бүгінде 120-ға жуық геопарк тіркелген аталған ұйымның тізіміне ілінсе, оның әлемдік деңгейде танылуымен қатар туризмнің түрленуіне тигізер пайдасы зор болмақ. Осы мақсатта ЮНЕСКО-ның талаптарына сай жұмыстар жасалғандығын тарқатты.

«Геопарк дегеніміз – бұл уақытты ұтымды пайдалана білу», – деген Қ.Сәтбаев атындағы геология ғылымдары институтының мезозой және кайнозой зертханасының меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Саида Нығматова «Алтынемел» геопаркінің даму мүмкіндігінің мол екендігіне, сондай-ақ, тау ландшафының биологиялық құрамы мен түзілуі, адамзатқа берер пайдасы әлі де жіті зерттеуді қажет ететіндігіне көңіл аударды.

– Шараның бізге берер пайдасы өте мол. Әсіресе, «Алтынемелді» ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктер тізіміне қосу жобалары қызықтыруда. Жетісуда тау жетерлік. Айталық, Әнші шағыл, Қаттытау, Ақтауларды көріп жүрміз. Яғни, таулардың орналасуы, жиналуы туристік маршрутқа қосылмақ. Аймақта емдік көл де өте көп. Осының барлығы шетінен зерттеліп, құпиясы ашылса құба-құп. Осындай іс-шаралардың атқарылып жатқанына қуаныштымыз. Ішкі туризмді дамытуға атсалысқанымызға 13 жыл  болды, – деген «Тұмар-Транс» турагенттігінің басшысы Раушан Ибрагимова эко, этнотуризмді дамытып, оған туристерді тартуда инфрақұрылымды жақсартып, сервистік қызметті жандандыру қажет деген ойымен бөлісті.

Ұлбосын ИСАБЕК

Сурет ғаламтордан алынды

Алматы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.