Талдықорған: -1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӨНЕГЕ ӨРНЕКТЕРІ

20.12.2019
ЖАНСАРАЙ
ӨНЕГЕ ӨРНЕКТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Біз бұл кісіні біраздан бері білеміз. Анда-санда редакциямызға келіп-кетіп жүреді. Сексеннің сеңгіріне шықса да санасы сергек. Арғы-бергіден әңгіме қозғағанда арқаланып кетеді. Оқыған-тоқығаны көп екені көрініп тұрады. Баспасөзде жарық көрген жақсы дүниелер туралы тұшымды пікір білдіруді де ұмытпайды. Айтпақшы, ағамыздың өзінің де жазуға бейімі бар. Тереңнен тербеген бір-екі мақаласының «Жетісу» бетінде жарияланғаны есімізде қалып қойыпты.

Жақында онымен емін-еркін отырып сырлы сұхбат құрудың сәті түсті. Өмірбаянын байыппен баяндаған Өмірхан Тілеуберлин ақсақалдың айтқандарын қойын- дәптерімізге қондыра қойдық.
– Қарағым, мен жазиралы Жетісудің шұрайлы бір пұшпағы – Ақсу өңірінде туып-өстім, – деп әңгімесін әріден бастаған ол ойланыңқырап  отырды да сөзін одан әрі сабақтады. – Жуырда ғана ел-жұртымыз болып 125 жылдығын тойлаған Ілияс Жансүгіровтің кіндік қаны тамған Ойтоған ауылының азаматымын. Құлагер ақын жырға қосқан жерұйықта бүкіл өмірім өтіп келе жатқанын мақтан тұтамын. Ілекеңнің көзін көрген қариялардың қасында отырып талай әңгімелеріне қанықтым. Аталас ағайындарымен араластым. Сол қасиетті топырақта шаңырақ көтерген «Қызылтаң» кеңшарында қырық жыл қызмет еттім. Осында отбасын құрып, ұлдарымды ұяға, қыздарымды қияға қондырдым. Жалпы, тағдырыма риза жанмын.
Кейіпкеріміздің айтуына қарағанда, атасы Тілеуберді мен әжесі Қамқаш көркем мінездерімен көпшілік құрметіне бөленген көшелі адамдар болыпты. Ерлі-зайыпты екеуі ашаршылық кезінде қазіргі Қызылағаш ауылында қой бағып, бала-шағасын аштықтан аман алып қалыпты. Кейін туған мекеніне оралып, жаңадан құрылған «Үлгілі» ұжымшарының басқармасына сайланады. Сөйтіп қиын-қыстау шақта жергілікті тұрғындардың басын қосып, шаруашылықтың жұмысын жүргізуге қомақты үлес қосыпты.   
Жоғарыда тілімізге тиек еткен жазбаларында Өмекең өзінің балалық шақтағы көзімен көрген бір оқиғаны баяндайды. Алатау баурайындағы Көктөбе жайлауында отырған малшылардың арасына атақты ақын Қуат Терібаевтың келгенін, киіз үйдің айналасына жиналған көпшіліктің алдында түн ортасы ауғанша қисса-дастандар жырлағанын, алқалаған әлеуметтің арқа қоздырған қолпашымен Қамқаш әжесінің әйгілі айтыс ақтаңгерімен сөз қағыстырғанын нақты деректермен нанымды жеткізеді. Сол кезде ойын баласы болса да әжетке жарап, мәртебелі мейманды көрші колхозға атпен жеткізіп салыпты. Осының бәрі қаршадайынан жақсы-жайсаңдардың қолына су құйып, батасын алған өрелі өреннің кейінгі өміріне өзінің игі әсерін тигізгені анық.
– Өзімнің әкем Бөрібек пен шешем Нұрғайша да ауыл-аймағымызда сыйлы еді. Бірақ мен шал-кемпірдің бауырында өскендіктен оларды онша мойындай қоймадым. Ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін жетік білетіндіктен жарықтықтар маған бәлендей елжіреп тұрмайтын. Әйтеуір отқа күймей, суға түспей аман-сау жүргенімді іштей тілеген шығар деймін.
Бөкең ұзақ жылдар бойы шаруашылық бөлімшелерін басқарды. Өтті-бетті кісі-тұғын. Осыған байланысты бір оқиға еріксіз еске түсіп отыр. 1959 жылы Қазақстанда қыс қатты болып, жұрттың жұтқа ұшырағаны белгілі. Не астыққа жарымай, не шөп шықпай ауылшаруашылық саласы ақсаған ғой. Соның кесірінен қаншама мал қырылған. Ауыр жағдайдың себеп-салдарын білмекке республикалық құрылымдар басшылары уәкіл болып елді аралайды. Біздің «Қызылтаңға» Қазақ ССР-інің Ішкі істер министрі Шырақбек Қабылбаев келеді. Мән-жайды білу мақсатында «Сонда сіздер немене, қысқа шөп дайындамағансыздар ма?» деп төбеден қойғандай төте сұрақ қойса керек. Ешкім үндей алмай кеңсе ішінде өлі тыныштық орнайды. Айтар уәж таппаса жергілікті атқамінерлердің ауыздарына құм құйылмай қайтеді?.. Бәлкім, министрдің мысы басқан шығар. Кенет осы ферманың меңгерушісі Бөрібек Тілеуберлиннің саңқ еткен даусы естіледі: «Дайындауын дайындадық қой. Қалың қардан техникамыз жүре алмай, бар шөпті жеткізуге шамамыз жетпей жатқан жоқ па?.. «Ал, қайда енді сол шөптеріңіз?» – демей ме министр де қарап қалмай. «Жүріңіз, көрсетейін» дейді Бөкең де сасып-салбырамай. Сол сәтте кеңшар директорының түсі бұзылып кетеді. Сан-саққа жүгірген санасында «Мынау завферма не сандырақтап тұр? Шөп болса, бермейміз бе? Өтірігімізді өкімет, сірә, кешірмес. Сотталдық қой енді…» деген суық ой сумаңдап естен танғандай күй кешеді. Содан Бөкең бәрін соңынан ертіп ауылдың шетіне барып, көз ұшында қар басқан бұйрат-бұйрат төбелерді көрсетіп: «Әне, малға жеткізе алмай жатқан маяларымыз» депті. Ол кезде машина-тракторлардың жетіспейтін кезі ғой, министр сөзге сенгендей сыңай танытыпты. Бәлкім, мәселені ушықтырғысы келмеген болар. Әйтеуір, іс насырға шаппай, сәтімен аяқталыпты. Бұл жөнінде жазушы жерлесіміз, бүгінде Шымкент шаһарында тұратын Серік Жанәбілдің жазғаны бар. Айтпақшы, Серіктің «Жұлдыз» журналының 2016 жылғы №5 санында басылған  «Құлагер ақынның құлыны» атты деректі хикаясында да әкей туралы әжептәуір әңгімеленген. Кейбір жерін келтіре кетейін: «…Бөрібек ағай №1 ферманың меңгерушісі. Қызылтаңда тұрады. Таяққа сүйеніп жүреді. Ел ағасы. Сөзі уәлі, аузы дуалы кісі. Жақабыл әкем сол кісіден ғана аяқ тартады. Кеңшар директоры Қанабек Заманов та Бөрібек сөйлегенде үнсіз қалады». Мұндай естеліктерді қызылтаңдықтар әлі күнге дейін жыр қылып айтады.
Шешесі Нұрғайша да текті тұқымнан екен. Нағашы атасы Дана бір басына жетерлік дәулеті бар кісі болыпты. Соған сай мінезі де жібектей есіліп тұрмаған. Керек жерінде кесіп жіберетін көрінеді. Елден естуінше, Мәскеуден жоғары оқу орнын бітіріп келген Ілияс Жансүгіров қасына рухтас әрі туыстас бауыры Шамай Шынәсіловті ертіп Желдіқарағай жайлауына барады. Сонда той өтіп, ат бәйгесі ұйымдастырылыпты. Үлкен қала көрген, талай жарыстарды тамашалаған Ілекең ауылдастарынан аттардың аламанға көз жетпес жерден жіберілмей, ипподромдағыдай биік төбені айнала шапқанын сұрапты. Құйрық тістесіп жүйткитін жүйріктер бәсекесін көпшілік емін-еркін көрсін дегені ғой. Алайда Дана десі жүріп тұрғандықтан болар, аяқастынан қырсығып ақылға құлақ аспапты. «Атымның басы айналады» деп көнбей қойыпты. Ақырында қатты ашуланып «Жансүгірдің ұлы, сен немене, ана Мәскеуіңнен бізді үйретуге келіп пе едің?!» деп ақынды тыйып тастапты. Ел арасында ешкімнің атақ-даңқына қарамай айтқанын істететін осындай орны бөлек тұлғалар қай кезде де болған ғой…
Тегіне тартып туған Өмекең де өз әлінше біраз биіктерді бағындырыпты. Алдымен Талдықорғандағы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын, сосын Алматыдағы Ауылшаруашылығы институтының экономика факультетін бітіріп, Ақсу ауданының бірқатар шаруашылықтарында жемісті жұмыс істепті. 
Енесі Нұрлыхан Ысқақова шаруашылықтың Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденді шопаны еді. Арғы бабасы – ерлігі жұртқа аңыз болған Ұзын оқты Ондан сұлтан, бергі аталары – Баласазда кесенелері бүгінге дейін бұзылмай тұрған Омар-Алқан төрелер. Күйеубаласына сол кісінің де көрсеткен үлгі-өнегесі аз болмағаны анық.
Біздің өтінішімізбен Өмірхан аға өзінің көңіл күнделігінде өшпестей болып жазылып қалған мынандай мазмұндағы естелігімен бөлісті.
Бірде бұлардың ауылына Ауылшаруашылығы министрі Михаил Моторико, академик Асқар Қонаев, Ұлттық Ғылым академиясының президенті Кенжеғали Сағадиев сияқты сыйлы қонақтар келеді. Кеңшар директоры Серікқажы Сәдуақасов сойы бөлек сол кісілерді қарсы алып, күтетін топқа Өмекеңді де қосады. Содан атқа мініп, аң аулап, озат жылқышы Көшербек Бейсенбековтің қырдағы қыстауына тоқтаған мәртебелі меймандар тоқтарын басып, бой жазбаққа далаға шықпай ма. Ауыл азаматтары алматылық ақиықтарды бір-бірден «бөліп» алады. Өмекеңнің «үлесіне» Кенжеғали Сағадиев тиеді. Сонымен қойшы, ол болса академик ағасының жанынан қалмай ананы-мынаны айтып, сұрағандарына жауап беріп көңілін аулап бағады. Кетерінде Кенжекең бұған «Өзің бір тәуір жігіт екенсің, Алматыға барсаң соқпай кетпе» деген сыңайда ризашылығын білдіріпті. 
Арада арбаның дөңгелегіндей айналып жылдар өтеді. Кеңес өкіметі күйреп, егемендік енді туған елең-алаң шақ. Аграрлық институтының орман шаруашылығы факультетінде оқитын кенже ұлы әлде сабаққа дұрыс қатыспай, әлде басқа себептермен оқудан шығарылатын болғандықтан Өмекең дереу Алматыға аттанады. «Суға кеткен тал қармайдының» керімен ректордың қабылдау бөлмесінің табалдырығынан аттайды. Ойы – институтпен қош айтысқалы тұрған баласын аман алып қалу. Аузы жеткенше арман-шерін айтпақ, ойындағысы орындалмаса салы суға кетіп ауылға қайтпақ. Келген бұйымтайын сұраған ректордың көмекшісі оқу орнының басшысы Кенжеғали Сағадиевтің іссапарда екенін, екі-үш күннен кейін ғана оралатынын айтады. Өмекең еріксіз елең етеді. Өйткені ректордың аты-жөні құлағына жылы естіледі. Кенжекеңнің баяғыда ауылдарына келгені, «Алматыға ат басын бұрсаң соқпай кетпе» дегені есіне түседі. Мұндай да сәттілік болады екен-ау. Құдайдың беруін қарашы. Ол кісі осында ректор болып отыр деп кім ойлаған?..
Содан Өмекең сол арада отыра қалып К. Сағадиевтің атына салақұлаш хат жазып тастап кетеді. Мән-жайды түгел түсіндіреді. Ардақты ағаның ертеректе ауылдарына келгенін де еске салып өтеді. Араға апта салып қабылдау бөлмесіне қайта соқса, көмекші жігіт жылыұшырап қарсы алып, ректорға кіргізіпті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, Кенжекең кеңдік жасап, күрмеуі қиындау күрделі мәселені бірден шешіп беріпті.
– Ең бастысы, мені ұмытпапты. Ауыл-аймақтың амандығын сұрады. Бұйырса, баламның оқуы қайта қалпына келетінін айтты. Мен тұғыры биік осынау тұлғаның қарапайымдылығына, кіршіксіз кісілігіне таңғалдым. Абзал жанды теледидардан көрген сайын сол бір оқиға ойыма оралып, ішім жылып қоя береді.
Еңбек ардагері Өмірхан Тілеуберлиннің өнегеге толы өмірбаянын тыңдай отырып, алдымызда жүрген асқар таудай ағамыздың амандығын тіледім.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.