Талдықорған: +15°C
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЙДЫНЫ ШАЛҚАР АЛАКӨЛ

20.12.2019
ӘЛЕУМЕТ
АЙДЫНЫ ШАЛҚАР АЛАКӨЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Әр түйір тасы мен әр тамшы суына құт қонған киелі Алакөлдің қасиетін айтып тауысу мүмкін емес. Бұл маңғаз далада қазақ ұлысының маңдайына шоқ жұлдыз болып біткен талай азаматтар дүние есігін ашқан. Ел болып етегімізді жинап, еншімізді алу жолында етігімен су кешкен сол бабалардың рухы әлі де Алакөлдің аспанынан ақ батасын беріп тұрғандай. Асқақ таулардың жотасынан Қабанбайдың Қубасы,  Қақал әулиенің Ақбоздарасы кісінеп,  Қасабай батырдың Қаракөгі өң көрсетердей. 
Табиғат-ананың бар таңғажайыптарын төсіне қондырып, толқыны тулаған көлі тауына соғылып, аралында ақ шағаласы шулаған, құмды даласында төрт түліктің төлі өріп, шығыстан шырай көрсеткен күн де батысқа қимай қисаятын құтты мекен  осы жер. Қойнауына құт ұялаған бұл мекен қашанда қараша үйдің түндігіндей жылы көрінері рас. Мидай ашыған мимырт тірліктен босап, рахаттың не екенін сезінгіңіз келсе, бізге ат басын бұрыңыз.

Әлібек ЖАҚАНБАЕВ, Алакөл ауданының әкімі:

ГАЗЕТ – ХАЛЫҚ  ҮНІ

Жоңғар қақпасының тұтқасын ұстап, ықылым замандардан бері талай жаудың сағын сындырып, жігерін мұқалтқан Алакөл ауданы батыр да батыл азаматтарынан бөлек шығармашылықтан да ада емес. Қара тасына қасиет қонған киелі өңірдің топырағында айдай әлемге әйгілі Әнуар Әлімжанов, бір шумақ өлеңінің өзі алты нарға жүк болар Сәкен Иманасов, көмейіне бұлбұл құс ұя салған Зейнеп Қойшыбаева сынды талапты да талантты ұл-қыздар аунап өскен. Бүгінгі таңда Алакөлдің асау толқынында тербеліп, әдебиет айдынында еркін жүзіп жүрген жерлестеріміз баршылық. Бұл халықтың шығармашылыққа деген ынтасының бір көрінісі деп білемін.
Бір қуантарлығы, дидары өзгерген дәуірде ғаламторға байланбай қолына газет-журнал ұстап, әр мақаладан мән іздейтін алакөлдіктердің қатары азайған емес. Соның ішінде облыстың бас басылымы «Жетісу» газетіне жылда жазылып, өркенді өлкенің жаңалықтарын жібермейтіндер де көп. Олардың арасында күмістей сақалын самал жел сипаған қариялар да, болашаққа үмітпен ұмтылған жалынды жастар да баршылық.
Шыны керек, аудан халқы «Жетісу» газетінен өңіріміз жайлы бірауыз сөз оқыса қуанып қалады. «Алакөл» деп басталар әр мақаланы түбегейлі қарап, сақтап қоятындар да жетеді. Бұл, біріншіден, туған жерге деген сүйіспеншілік пен газетке деген құрметтің белгісі.
Өзіміз де баспасөзден қол үзбейміз. Уақыттың тапшылығы мен жұмыстың қарбаластығына байланысты күніне газет ақтармасақ та екі-үш күнде бір қарап қою дағдыға айналған. Әсіресе, облыс аумағындағы бар жаңалықты қамтып, жария ететін «Жетісудың» орны бір төбе. Біздің талай жетістігіміз газет арқылы халыққа жетіп, Алакөлдің аты да асқақтай түскені мәлім.
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, баспасөз мемлекет құрылысында, тіпті, адам баласының жетілуіне, санасының салмақтанып, ой-пікірінің жүйеленуіне өзіндік әсерін береді. Ал бұл жолда еңбектеніп жүрген журналистер қауымы  халықтың мұңын мұңдап, жоғын түгендейтін бірден-бір мамандық иесі. Осы ретте ел дамуы жолында жұмыла еңбек етіп, көптің қамы үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білейік!

АҚ ШАҒАЛА ҚАЛЫҚТАҒАН

Мемлекеттің даму үдерісін жеделдетіп, экономикалық ахуалына оң әсер берген туризм саласы Жетісудың жақұт мекеніне айналған Алакөлде де алға басып келеді.   Ақ айдыны тулап, ақ шағаласы шулаған көл, аңқасы кепкен құм дала, ит тұмсығы батпайтын ну орман, асқары аспан сүйген таулар, шүйгін шөбі ат бауырын сипайтын апайтөс дала, көбікті өзендер, көрікті жазықтар – мұның бәрін аудан аумағынан таба аласыз. Осындай игіліктерді төсіне қондырған өңірдің туризм саласындағы қадамы қарымды болары сөзсіз.
Еске сала кетсек, былтыр көл бойына сапарлай келген туристер саны 1 млн.-нан асып, 5 млрд. 811 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетілсе, биыл бұл көрсеткіш қайта жаңартылып, 1 млн. 340 мың адам келіп, 7 млрд. 951 млн. теңге игерілді. Биыл барлығы 240 нысан қызмет етсе, оның ішінде 2 млрд. 630 мың теңгеге 35 демалыс орны ашылды. Нәтижесінде 263 адам жұмыспен қамтылды. Үшарал әуежайы арқылы ауданымызға 10 мыңға жуық адам сапарлай келді. Мәліметтерге сүйенсек, 2015-2019 жылдар аралығында туристер саны 2,4 есеге, ақылы қызмет көлемі 2,7 есеге, жұмыспен қамтылу мөлшері 1,5 есеге ұлғайған.
Осы бағытта жемісті еңбек етіп жатқан «Alakol resort» демалыс орнын ерекше атауға болады. Бұл нысан отандық туризмнің дамуына, сондай-ақ, ауыл азаматтарын жұмыспен қамтуға өзіндік үлесін қосуда. 
Көл бойындағы көрікті нысанның бірі саналатын «Alakol resort» демалыс орны бар-жоғы бір жарым жылдың ішінде  бой көтерді. Кешен бір мезетте 400 адамға қызмет көрсете алады. Мұнда екіден бес адамға дейін қабылдайтын 119 бөлме бар. Меймандар үшін жаттығу залы, футбол, баскетбол алаңы, үстел теннисі, балалар мен ересектер бассейні және бүлдіршіндерге арналған ойын орталығы қызмет етеді. Бір артықшылығы – аталған орталыққа туристер балаларын қалдырып, демалысын жалғастыра беруге болады. Демалыс орнында бұдан бөлек бильярд, караоке клубы, кинотеатр, сауна, шағын маркет, мейрамхана және көл бойындағы асхана сынды нысандар жұмыс істейді. 
Нысанда 100 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Жалақылары да жоғары. Оның есесіне олар меймандарға кәсіби, сапалы қызмет көрсетуге міндеттелген.
– Біздің басты міндетіміз – келушілерге барынша қолайлы жағдай жасау. Олардың талап-тілегін ескере отырып, мейілінше сапалы қызметпен қуанту. Ол үшін қызметкерлерге арнайы оқыту-түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Әр бөлме заманауи үлгіде безендіріліп, демалушыларға қызметтің барлық түрі ұсынылған. Баға да қолжетімді. Демалыс уақытының нағыз қызған шағында бөлме құны 10-40 мың аралығында болды, – дейді мекеме директоры Досан Елжанұлы.
Бір айта кетерлігі, бұл демалыс орнына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп, жұмыс барысымен танысқан. Тұңғыш Президент өзінің ресми сапарында «Alakol resort»-ке оң бағасын беріп, арғы сапарына сәттілік тілеген болатын.

Баспаналы болды

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында өңірде бұған дейін  6 отбасы баспаналы болса, жуырда тағы 13 шаңыраққа тұрғын үй кілті табысталды.

Барлық баспана көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне берілді.
– Қуанышымда шек жоқ. Талай жылдан бері бала-шағамды сүйреп, қаншама пәтердің табалдырығын тоздырдық. Жалақымыз үй алуға жетпей, біршама машақатты басымыздан өткердік. Енді, міне, арманымыз Алланың құлағына шалынып, мемлекет баспана кілтін табыстады. Не сенерімді, не сенбесімді білмеймін. Осындай бақыт сыйлаған барша жанашыр азаматтарға алғысымды білдіремін. Балаларымның езуіне күлкі ұялатқан жандарға Жаратқан разы болсын, – дейді көз жасын тыя алмаған көпбалалы ана Күлия Мәулетхан.
Қоныстой Үшарал қаласы мен Қабанбай, Ақтүбек, Бескөл, Жайпақ ауылдарында жалғасты. 

Алакөлім

Алакөлім, армысың!  Айна көлім,
Желқайығым сондағы қайда менің?
Жырдан жырақ кете алмай жүргенім-ай,
Жалғыз жатып жағаңды  жайлар едім!
Тұра алмаған торында  далаға ұшпай, 
Жалтақтаймын сен жаққа бала құстай.
Тайраңдап қол босаса жетіп келем, 
Тұз көрмеген түйедей ала қыстай!

Алакөлім, асылым, айна көлім,
Сағынумен суыңның майда демін,
Жел боп ұйтқып жүзейін  деп келіп ем,
Желқайығым жылдағы қайда менің?

Сәкен Иманасов

Былтыр көл бойына сапарлай келген туристер саны 1 млн.-нан асып, 5 млрд. 811 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетілсе, биыл бұл көрсеткіш қайта жаңартылып, 1 млн. 340 мың адам келіп, 7 млрд. 951 млн. теңге игерілді.

Алакөл өңірінде бұған дейін 6 отбасы баспаналы болса, жуырда тағы 13 шаңыраққа тұрғын үй кілті табысталды. 

Картасына қасиет қонған киелі өңірдің топырағында айдай әлемге әйгілі Әнуар Әлімжанов, бір шумақ өлеңінің өзі алты нар­ға жүк болар Сәкен Има­насов, көмейіне бұлбұл құс ұя сал­ған Зейнеп Қой­шыбаева сынды талапты да талантты ұл-қыздар аунап өскен.

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Жуырда 2484 әскери бөлімінде жас сарбаздар ант қабылдап, «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деген ұранмен дала төсін жаңғыртты. Салтанатты шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жауынгерлердің туған-туыстары, ата-аналары жиналып, жауапты да маңызды сәттің куәгері болды.

Сөз алған 2484 әскери бөлімінің командирі, полковник Әділ Абесов көк Туымыздың биікте желбіреп, мемлекетіміздің бейбітшілікте өмір сүруі Отан қорғаушыларға тікелей байланысты екенін жеткізіп, ант қабылдау рәсімін бастады. Бір айлық дайындықтан өткен сарбаздар Отандарын қорғауға серт беріп, сенімнен шығу үшін аянып қалмайтындарын жеткізді. 
Ауданның бас имамы Әнет Молдахметов туған жерінің бір қарысын да жау аяғына таптатпаудың, ел қорғаудың  шариғатта да міндет саналатынын жеткізді. Ата-аналар атынан сөз алған Жасұлан Мендешев: 
–Бүгін балам Бауыржан салтанатты түрде ант қабылдап, шегарашылардың қатарын толықтырып отыр. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, зор мақтаныш. Өйткені ұлым ержетіп, тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтауға үлесін қосқалы отыр, – дей келе барлық сарбаздарға ақ батасын арнады.

Мұнайшылар аллеясы ашылды

Үшарал қаласында «КазТрансойл» акционерлік қоғамы мен аудан әкімдігінің қолдауымен Мұнайшылар аллеясы ашылды.

Ардагерлер үйінің ма­ңы­нан орын тепкен жаңа демалыс нысанының салтанатты ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатов: 
– Мемлекетіміз жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды басты назарға қойып,  жер-жерде халық демалатын орындар көптеп ашылуда. Біздің аудан бұл істе өзгелерден кемшін емес. Оған «Астана», «Талапкер» саябақтары мен «Жастар» аллеясы дәлел бола алады. Бұлардан бөлек ауылдық аймақтарда да осы іспеттес нысандар қалың бұқараның пайдаланылуына берілген. Міне, лентасы қиылған Мұнайшылар аллеясы сол көрікті жерлеріміздің қатарын толықтырып тұр, – дей келе барша жиналған қауымды қуаныштарымен құттықтады.
«КазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының басшысы Бегайдар Маденов мұнай-газ саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құттықтауын жаудырып, ақжарма тілегін ақтарды.
Аллеяның жалпы ауданы 1338 шаршы метрді құрайды. Көгалдандыру мақсатында мұнда 300 текшеметр құнарлы қара топырақ әкелініп, 100-ден астам қылқанжапырақты ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, демалуға арналған арнайы орындықтар, сәндік жарық бағаналары орнатылған. Ал бұл жердің басты нысаны – ел аумағындағы мұнай-газ желілеріндегі шексіз қозғалысты бейнелейтін ескерткіш.
 

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтарға қосымша зейнетақы төленеді

Қазақстандықтарға қосымша зейнетақы төленеді

15.04.2026
Енді камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды

Енді камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды

15.04.2026
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

15.04.2026
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15.04.2026
Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

15.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.