Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ЖӘБІРЛЕНУШІ КЕЛМЕДІ»: ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҢ БЕС ЖІГІТІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

20 желтоқсан 2019
САЯСАТ
"ЖӘБІРЛЕНУШІ КЕЛМЕДІ": ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҢ БЕС ЖІГІТІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Ақсу аудандық сотында бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бойынша айып тағылған бес Қызылағаш тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарау процесі басталды. Бұл туралы Ақсу аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталушыларға қолдау көрсету үшін шамамен 80 азамат келді. Алайда аудандық сот ғимаратының залдары көп адам санына арналмағандықтан, екінші бос сот залынан тікелей тарату (трансляция) жүргізу арқылы бақылаушыларға барлық жағдай жасалды. Осы орайда Ақсу аудандық соты қолдау көрсетушілерден сот мәжілісінің талаптарын сақтап, түсіністікпен қарауды өтінді.

«Бүгінгі басты сот талқылауы жәбірленуші тараптың өкілі сот отырысына келмегендіктен және аудармашының болмауынан кейінге қалдырылды», — делінген аудандық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ескерте кетсек, 8 қазан, 2019 жылы Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылының тұрғындары қазақ-қытай азаматтары арасында орын алған жағдайды естігеннен кейін алдын ала сөз байласып, «СITIK Construction» ЖШС-де жұмыс істейтін ҚХР азаматтарының соңына түскен. Олар Алматы-Өскемен тас жолының 322 шақырымында топырақ жолмен жұмыс орнына бағыт алған екі шағын автобустың артынан жүріп, шағын автобустарды тоқтатып алып, оның ішінде ҚХР азаматтары отырғанын біліп, жиырма бір ҚХР азаматы мен үш ҚР азаматына дене жарақаттарын келтірген.

«Жас Алаш» газетінің сайтында жарияланған ақпаратта сот отырысына шағымданушы тарап, яғни, соққыға жығылдық деп арызданған қытайлық азаматтар қатыспаған. Аталған сайт: «Қарашаның 10 күні сот айыпталып отырған азаматтарды кепілдікпен босату туралы шешім шығарған. Алайда не себепті екені белгісіз ол шешім іс жүзінде әлі орындалмай жатыр. Тергеуші кепілдікті өткізу туралы өтінішті қабылдаудан бас тартса, Ақсу аудандық прокуратурасы бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішімізді қабылдамады», — деген қорғаушының сөзін де келтірген. Сондай-ақ, көпшілік назар аударған соттың келесі отырысы желтоқсанның 24-нде жалғасатыны айтылған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.