Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛДАҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДА АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ МЕКТЕПТЕР ЖОЙЫЛАДЫ

20.12.2019
ЭКОНОМИКА
АЛДАҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДА АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ МЕКТЕПТЕР ЖОЙЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында барлық мектептер жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жабдықталатыны және 2025 жылға дейін елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп және тірек елді мекендерде 114 интернат салынатыны сөз болды.

Селекторда төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысы 2 есеге кезең-кезеңмен арттырылып, балалар балабақшалармен 100 пайыз қамтамасыз етілетіні, үш ауысымда оқыту және апатты жағдайдағы мектептер толығымен жойылатыны айтылды. Үкімет басшысы 5 жылда салаға 11,5 трлн.теңге бағытталатынын айтты. Жеке инвесторлар есебінен 150 мың орынға қосымша мектептер салуға мүмкіндік берілмекші.

— Ел экономикасы үшін ғылымның нәтижелілігін арттыру үшін ғылыми-зерттеу қызметі жетілдіріліп, ғылымға жұмсалатын қаржы көбейтіледі. Білім беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 7 пайыз деңгейін құрайды, – деді Үкімет басшысы.

Селекторлық жиындағы екінші мәселе денсаулық сақтау саласындағы қолға алынған және алдағы уақытта атқарылатын шаруалар жайында өрбіді. Мұнда денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды.

Жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесі туралы жан-жақты баяндады. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға шамамен 513 млрд.теңге бөлінген. Елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарып, орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа жетті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, алғашқы медициналық көмек көрсету, халықтың өмір сүру жасын ұзарту барысындағы атқарылған шаралар жан-жақты баяндалды. Денсаулық сақтау барысындағы мәселеде Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың басқарма төрағасы Ю. Пя медициналық қауымдастықтың ұстанымы туралы әңгімеледі. 

Атқарылған жұмыстар туралы айтқан Үкімет басшысы Асқар Мамин:

— Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медициналық көмектің сапасын жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын шығыстарды 60 пайызға дейін ұлғайту бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сырқаттанудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдап, медициналық ұйымдардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды, — деді.

Медициналық көмек сапасын арттыру, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құру жұмыстары аяқталып қалды. Емханалар мен ауруханаларды қаржыландыру жүйесі жетілдіріліп, халықты салауатты өмір салтына бейімдеу, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жаңғырту шаралары қолға алынды. Дәрігерлердің дәрежесін арттыру мақсатында медициналық кадрлық ресурстардың ұлттық жүйесі құрылып, дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы орта есеппен екі есе артып, оларды әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілмек.

Премьер-Министр Асқар Мамин осы шаралардың барлығы медициналық инфрақұрылымды жақсартып, ауру-сырқау деңгейін азайтып, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов айтылған мәселелер бойынша салаға жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар беріп, білім, медицина бойынша атқарылатын шараларды пысықтады.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.