Талдықорған: +3°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ҚУАНЫШЫМДА ШЕК ЖОҚ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА 100 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

16 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТ
"ҚУАНЫШЫМДА ШЕК ЖОҚ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА 100 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында Тәуелсіздік күніне орай 100 отбасы баспаналы болды. Пәтер иелерін қуанышымен Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ арнайы құттықтады.

Коттедж қалашығындағы жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылар құрайды.

– Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Бүгін талдықорғандықтар үшін қос мереке. Тәуелсіздік күніне орай жаңадан салынған коттедж үйлер пайдалануға берілді. Бүгін, міне, 55 коттедждің құрылысы аяқталып, қаншама отбасы, бала-шаға қуанышқа бөленіп жатыр?! Өз үйі, өз шаңырағында еркін өскен балалардың көзінен қуаныш, жүзінен күлкі көру – бәріміз үшін зор бақыт. Бүгінгі мерекеде шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақ пен берекеге толы болсын, – деген облыс басшысы қалашықта балабақша мен 900 орынды мектеп құрылысы жоспарланғанын жеткізді.

Өз кезегінде көптің атынан сөз алған көпбалалы ана Виктория Брощенских пен Назгүл Молдахметова риза көңіл, ақ алғыстарын ақтарды. «Өз баспанам болғанын 15 жылдан артық күттім. Толық емес отбасы ретінде кезекке тұрған едім. Бүгін, міне, қуанышымда шек жоқ. Ел ағаларына рахмет айтамын. Осындай қуанышты күндер, мереке көп бола берсін», – дейді баспаналы болғандардың бірі Рауза Қазақбайқызы.

Айта кетерлігі, Талдықорғандағы «Коттеджді қалашықта» бекітілген жобаға сәйкес, жалпы алаңы 56,4 мың шаршы метр болатын 606 жеке тұрғын үй (коттедждер) салу жоспарланған. Бүгінде жалпы алаңы 13,9 мың шаршы метр, екі қабатты 155 жеке үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, «Хутор» және Еркін шағын аудандандарында екінші нарықтағы 45 үйдің баспана кілті табысталды. Меценаттар көмегінің нәтижесінде мұнда да кезекте тұрған отбасылар баспаналы болды.

Еңлік ҚАБДЕШ

Фото – Айдын Нұршанов

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.