Талдықорған: +8°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ПАРЛАМЕНТ: «ОРАЛМАН» СӨЗІ «ҚАНДАС» БОЛЫП ӨЗГЕРТІЛДІ

11 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТ
ПАРЛАМЕНТ: "ОРАЛМАН" СӨЗІ "ҚАНДАС" БОЛЫП ӨЗГЕРТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда «оралман» термині «қандас» деп ауыстырылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. Бұл жайында «Қазақпарат» жазды.

«Өздеріңіз білесіздер, Президент өзінің ұстанымын айтып, «оралман» терминінен бас тартып, «қандас» деген дұрыс екенін білдірген еді. Сондықтан, бүгін талқыланған заң жобасында бұл норма келісілген. Егер де алдағы уақытта құжат қабылданса, онда «оралман» түсінігі «қандас» сөзіне алмастырылады», — деді министр Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда министр бұл терминге қатысты қоғам тарапынан да ұсыныстар болғанын еске салды. «Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Жеке өз басым қандас бауырларымыз деп сөйлеймін. Ол маған кішкене жақындау. Сосын барлық жерде пайдаланылған «оралман» термині енді «қандас» термині болып жазылады», — деді Б.Нұрымбетов.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасында Қазақстанға келген этникалық репатрианттар мен қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау ескерілген.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» сөзінен бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болатынын айтқан еді. «Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», — деген болатын Президент.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30
Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін, 13:03
Президент:   «Республика күні –  жалпыұлттық сипаты бар мереке»

Президент құттықтаулар үшін алғыс айтты

Бүгін, 12:43
Өрт қауіпсіздігін еске салды

Өрт қауіпсіздігін еске салды

Бүгін, 11:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.