Талдықорған: +15°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖАСТАРҒА АРНАЙМЫН»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

7 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
"ЖАСТАРҒА АРНАЙМЫН": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, ардагер ұстаз Алтыншаш Жақиянованың әдеби шығармашылық кеші өтті.

Мәдени шараны қаламгердің асқаралы 60 жасқа толу құрметіне Қазақстан Жазушылар Одағының қолдауымен Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.

Ақын Алтыншаш Жұманқызы 10 жасынан қолына қалам алып, әр тақырыпта өлең жаза бастаған. Бүгінге дейін  ақынның 20-ға жуық кітабы жарық көріп, 30-дан астам әнге сөз жазған.

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында өткен кештің шымылдығы ақынның өнері мен өмірінен өнегелі сыр шертетін арнайы бейнебаянмен түрілді. Осыдан соң өңір өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әуезді әндерді асқақтата шырқаса, жас дарын иелері жыр-толғауларын жатқа оқып, көптің қошеметіне бөленді.

Өз кезегінде кеш иесі: «Биыл жасым 60-қа толса, шығармашылықпен шұғылданғаныма — 50 жыл. Халқымызда «Елу жылда ел жаңа» деген аталы сөз бар. Бастысы, бұл кеште өлеңді сүйіп, өнерді құрметтейтін кілең жастар жиналыпты. Сондықтан да ел ертеңі – жастар. Мен жарты ғасыр бойы әдебиет саласына сіңірген азды-көпті еңбегімді сол жастарға арнаймын. Әрі Жастар жылындағы осы бір кештің ойдағыдай өтуіне атсалысқан азаматтарға айтар алғысым шексіз», – деді қуанышымен бөлісіп.

Кеш ақын шығармасы негізінде әзірленген поэтикалық композициямен өріліп, көрерменді тамаша әсерге бөледі. ЖМУ жанынан құрылған «Мизам» әдеби клубының жастары, мектеп оқушылары, колледж студенттері өлеңдерін жатқа оқыды.

Кеш соңында қаламгердің «Сезімнің гүлі» атты жаңа кітабының тұсауы кесіліп, облыстық мәдениет басқармасының ықылас гүлі мен Алғыс хаты табыс етілді.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50
Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын төлемесе, не істеу керек?

Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын төлемесе, не істеу керек?

Бүгін, 16:41
Экономика тірегі

Экономика тірегі

Бүгін, 16:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.