Талдықорған: +5°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ҚАУІПСІЗДІГІМІЗ — АШЫҚТЫҚТА»: ОСЫ ҰСТАНЫМ БІЗДІ АДАСТЫРҒАН ЖОҚ

01.12.2019
САЯСАТ
"ҚАУІПСІЗДІГІМІЗ - АШЫҚТЫҚТА": ОСЫ ҰСТАНЫМ БІЗДІ АДАСТЫРҒАН ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шегарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Елбасының стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

Халқымызда «Көшбасшысы батыр болса, сарбаздары батыл болады» деген даналық бар. Қазақ елі өркениетті елу елдің қатарынан лайықты орын алды. Абыройлы да айбынды елді өрге сүйреп, биік белеске көтеру тек ел басқарған басшыға тән қасиет. Міне, осы ретте Нұрсұлтан Әбішұлы іріліктің де, ұлылықтың да үлгісін көрсете білді.

Ашуды ақылға жеңгізіп, күмән мен күдікті үмітке ұластыра білетін бітімгер басшы төрткүл дүниені мәмілегерлігімен, бастамашылдығымен, бейбітшілдігімен тәнті етті. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қайта құрып, ең беделді әлемдік ұйымдардың мүшелігіне қосты. Елде саяси бірлік пен қоғамдық келісім орнатып, мемлекеттігіміздің мызғымастығына кепіл болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды дамыту жолында аянбай еңбек етті. Қазақстанның даму бағдарламалары ең қызықты әрі өршіл екенін көрсетті. Бұған Елбасының халықаралық жиындардың биік мінбелерінен жасаған мәлімдемелері дәлел.

Кезінде облыстық партия комитетінің хатшылық қызметінде жүргенімде Нұрсұлтан Әбішұлымен алғаш рет 1988 жылы жолыққаным әлі есімде. Сол жылдың желтоқсан айында Талдықорған қалалық партия комитетінің конференциясында Қазақстан Компартиялық орталық комитетінің Бюро мүшесі ретінде Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Жиын біткен соң ол кісі музейді аралап, жұмысымен танысты. Араға біраз уақыт сала Арменияның Спитак қаласында табиғи апат болғаны жөнінде суық хабарды естідік. Нұрсұлтан Әбішұлы дереу халықты орталық алаңға жинап, көмек көрсету керектігін айтты. Көпшілік жиналған соң бәрімізге арнайы тапсырма берді. Сол кезде Үштөбе қаласындағы қазақ үй жасайтын фабрика жұмысы қызып тұрған еді.

Содан 150 қазақ үйді тез арада Арменияға жіберу керек деген тапсырма алдық. Қалған қалалардың басшыларымен байланысып, бәріне арнайы тапсырма берді. Аз уақыттың ішінде жұмыс қыза түсті. Әр аудан, қаланы түгелдей көмекке жұмылдырып, іске кіріскені мені тамсандырды. Әсіресе, іскерлігі мен жауапкершілігіне қайран қалдым. Сол кезден-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Республиканы бес саусағындай меңгеріп алғанына тәнті болдым. Содан жер сілкінісінің зардаптарын жоюға КСРО-ның барлық республикасынан әскерилер, дәрігерлер мен құтқарушылар жұмылдырылып, көмек көрсетілгені күні бүгінге дейін ел аузында.

Содан еліміз тәуелсіздік алған соң, яғни, 1992 жылы Тұңғыш Президентпен тағы кездестім. Ол кезде қала әкімі қызметін атқарып жүргенмін. Сол тұста облыс әкімі Сағындық Тұрсыновпен бірге Елбасына қала құрылысын таныстырдық. Қаратал өзенінің оң жағы қазіргі Қабанбай батыр ескерткіші тұсына келгенде көлікті тоқтаттық. Мұндағы мақсат – 1957 жылы салынған Қаратал өзенінің үстіндегі тозығы жеткен көпірді күрделі жөндеуден өткізу. Сөздің емес, істің адамы қашанда нақтылыққа мән беретіндіктен құрылыстың жобасын сұрады. Сарабдал саясаткер, іскер басшы бірден бұл істің қаржылық мәселесі шешілетіндігін айтты. Араға жыл сала І.Жансүгіров көшесінде жаңа көпір салынды. Міне, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың іскерлік қызметі арқылы қол жеткізген жетістіктерін біздің ұрпақ зор мақтанышпен айтуы керек деп ойлаймын.

Бітімгер басшы Нұрсұлтан Назарбаев дала дипломатиясының даналығын жетік білетін, мәмілегерлікті еркін меңгерген, араағайындық миссиясын мінсіз атқаратын сұңғыла саясаткер. Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде: «Күшіміз – жауапкершілікте, бірлігіміз – әралуандықта, еркіндігіміз – келісімде, абыройымыз – игілікте, қауіпсіздігіміз – ашықтықта, тәуелсіздігіміз – серіктестікте. Болашағымыз – бүгінде», – деген болатын. Біз күні бүгінге дейін осы ұстанымды темірқазық тұттық. Себебі осы ұстаным бізді адастырған жоқ.

Аманғазы ШЕГІРОВ,

«Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

24.03.2026
Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

24.03.2026
Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

24.03.2026
Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.