Талдықорған: +16°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҚАТЫСЫҢЫЗ: ӘЛМЕРЕК АБЫЗҒА АРНАЛҒАН АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТЕДІ

25.11.2019
ТҮПСАНА
ҚАТЫСЫҢЫЗ: ӘЛМЕРЕК АБЫЗҒА АРНАЛҒАН АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тарихи тұлға, әулие, абыз Әлмерек Жаншықұлының 360 жылдығына арналған «ҚАРА ДАЛА – ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІМ!» атты Алматы облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтеді.

Мемлекеттік тілді дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлтаралық татулықты нығайту, ұлттымыздың тарихын, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін насихаттау мәселелерімен айналысатын «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігі қазақ халқының данагөй перзенттерінің бірі, тарихи тұлға, әулие-абыз баба Әлмерек Жаншықұлының туғанына 360 жыл толуына орай «Қара дала – қасиетті мекенім» атты Алматы облыстық жас ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Бұл шара Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйраның қорытынды кеші 2019 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 10.00-де, Әлмерек абыздың туған өлкесі – Алматы облысы, Шонжы ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде өтеді.

Мүшәйра мақсаты: Азаттық үшін күрескен бабалар рухын асқақтатып, Ел Тәуелсіздігін ұлықтау, туған жердің қасиетін әспеттеп, өз заманында батыр, әулие-абыз атанған Әлмерек Жаншықұлының өмірі мен оның қазақ елінің бостандығын қорғаудағы сіңірген еңбектерін паш етіп, тарихи тұлғаның қадыр-қасиетін жас ұрпаққа ұғындыру және үлгі ету, ел арасындағы жас таланттарды анықтау, олардың шығармашылық ізденісіне дәнекер болу.

Мүшәйра тақырыбы:

1.  Бүгінгі дәуір: Тәуелсіздікке арнау. (1 өлең:10-15 шумаққа дейін)

2. Тарихи тақырып: Әлмерек абыз туралы жыр: тұлғалық болмысы, дәуірі, туған жері, өскен ортасы.

(1 өлең:10-15 шумаққа дейін)

Мүшәйраны ұйымдастыру: Мүшәйра ашық түрде өткізіледі. Ұсынылған өлеңдер көркемдік тұрғысынан алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі. Сұрыптаудан өткен шығармалар ғана мүшәйраға ұсынылады. Бұрын жарық көрген өлеңдер қарастырылмайды.

Мүшәйраға Алматы облысында тұратын, 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Өлең-жырлар 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін қабылданады.

Мүшәйраның шарттары: Автор өзінің толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, түрлі түсті суреті мен жеке куәлігінің сканерленген көшірмелерін жіберуі тиіс.

Өлеңдер Times New Roman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, Word мәтіндік редакторында теріліп, karadala.tynysy@mail.ru электронды мекенжайына «Қара дала – қасиетті мекенім» атты мүшайраға» деген тақырыппен 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін жолдануы тиіс.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі жүлдегер ақындарға алдын ала хабарланып, Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін салтанатты шарада жүргізіледі. Марапаттау сәтінде жүлделі орындарға ие болған өлең авторлары өз шығармаларын мәнерлеп оқуға және жатқа оқуларына мүмкіндік болады.

Мүшәйра жүлделері: Мүшәйра жеңімпаздары арнайы диплом және сыйақымен марапатталады:

Бас жүлде – Әлмерек абыз атындағы сыйлық: 200 мың теңге

I-орын – Садығожа Мошанұлы атындағы сыйлық: 150 мың теңге

II-орын – Шарғын Алғазыұлы атындағы сыйлық: 100 мың теңге

III-орын – Нүсіпбек Исахметов атындағы сыйлық 75 мың теңге

Ынталандыру сыйлығы 3 ақынға 30 мың теңгеден.

Ескерту: Өткізілу уақыты өзгерген жағдайда қосымша хабарланады. Жол шығындары қатысушылардың өз есебінен. Күтіп алу, қонақ үйлерге орналастыру шығындары ұйымдастырушылар тарапынан қарастырылған.

«Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефондары:

87714507977

87015817775

 

Қатысты жаңалықтар

«Астана – Қорғалжын» тас жолына су жайылды

«Астана – Қорғалжын» тас жолына су жайылды

06.04.2026
Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.