Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«БАСЫН ҚОСУ ҚИЫН»: САЯТ МЕРЕКЕНОВ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ТЕАТР ҚҰРМАҚ

23.11.2019
ЖАНСАРАЙ
"БАСЫН ҚОСУ ҚИЫН": САЯТ МЕРЕКЕНОВ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ТЕАТР ҚҰРМАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда туған жерден түлеп ұшып, таңдап алған саласы бойынша табысқа жеткен танымал жерлестерімізді «Туған елімнің өсіп-өркендеуіне қандай үлес қоса аламын?» деген сауалдың толғандыратыны анық. Бақалы ауылында туып-өсіп, театр-кино саласында ауыз толтырып айтарлықтай танымал рөлдерді сомдаған М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының  актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Саят Мерекеновтің кейінгі жылдары туған жеріне жиі ат басын бұрып, ізбасарларын тәрбиелеуді мақсат тұтып жүргені – осы сөзіміздің айғағы. Көктемде ол аудандық Мәдениет үйінің жанынан драма үйірмесін ашып, Толымбек Әлімбековтің аудармасындағы  Флорид Болековтың «Төрт кемпір, бір шал» спектаклін жұртшылық назарына ұсынған болатын.

Жаңа қойылымды тамашалауға жиналған зал толы көпшілік сол күні өмірмен өзектес тақырыпты аша білген жерлестерінің өнеріне дән риза болды. Шаруашылықтың  жыл он екі ай таусылып бітпейтін қам-қарекетімен қоса жесірлік қамыты қажытқан қарттар үйіндегі төрт кемпірдің тағдырын орталарына келген шал өзгерткісі келеді. Шынайы өмірдің күрсінісі мен күйзелісін көрсетуді нысана тұтқан комедиялық қойылым күлдіре отырып ой салуымен құнды.

Қойылым соңында аудан әкімі Марат Разбеков сахнаға көтеріліп, көрермендердің алғысын әкімнің ықылас гүлімен жеткізіп, көпшілікті сергіткен тамаша спектакльді сахналаған дарынды жерлесіміз Саят Мерекеұлына  алғыс айтып, иығына шапан жапты.

Саят Мерекенов – Москваның Щепкин атындағы жоғары театр училищесін бітірген белгілі театр және кино актері. «1951 жылы наурыздың 9-ы күні таңғы сағат 4-тер шамасында Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, «Алғабас» ұжымшарында дүниеге келіппін. Оны әлденше рет айтып, құлағыма құйған анам Жексенбекова Түшкен. Әкем Тұңғышбаев Мереке зейнетке шыққанша ұстаз болып шәкірт тәрбиеледі. Алдымдағы әпкем Сәуледен кейін дүниеге келген маған азан шақырып Саят деп ат қойыпты. Анамның айтуынша, мен бала болып еңбектемеген екем, бір аяқты бүгіп алып құйрықпен жылжып, ақыры кереге жағалап жүріп кетіппін. Сәуле әпкем екеумізден соң өмірге бауырларым Жанат, Қанат, Марат, Мұрат, қарындасым Анар келді. Бүгінде бәрі балалы-шағалы, жеке-жеке үйлі-баранды болып кетті. Біздің кеңшар Ағарту, Бақалы, Киров дейтін 3 ауылды құрайды. Орталығы – Бақалы. Менің сахнаға деген құштарлығым бала кезімде-ақ оянды. Бірде Кировке театр келіп, ойын қойды. Ауылдың балаларына ілесіп мен де бардым. Ойынды мәшиненің қорабында отырып тамашаладым. Сахнаның төрінде – таудың көрінісі. Басты рөлді ойнаған жігіттің үстіңгі қасқа тістері темірмен қапталған екен, сөйлегенде жарыққа шағылып жалт-жұлт етеді. Осындай болсам-ау деген арман оты тұтанып, өнерге деген сүйіспеншілік менің жүрегіме сол күні келіп ұя салды», — дейді Саят ағамыз.

Саят ағамыз өнері туралы жазбаларында, ауызекі әңгімелерінде бала күнінен өнерге деген құштарлықтың кеудесіне ұялағанын осылайша тартымды етіп жеткізеді.

Мектеп табалдырығын 1957-ші жылы аттап, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыса жүріп, өнер әліппесін игерген ол 1968 жылы Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің театр бөліміне түседі. Арасында әскери борышын өтеп келіп, 1973 жылы осы аталған оқу орнын бітіріп шығады да сол жылы Мәскеудің Щепкин атындағы жоғары театр училищесінің актер факультетінің табалдырығын аттайды.

1978 жылы оқуды аяқтаған соң жолдамамен Торғай облыстық С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа қабылданып, М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Сырым, С.Жүнісовтің «Өліара» пьесасында Жақай Тайшиев, Т.Жойқынбековтің «Егер азамат болсаңында» Хамит, Мирзагитовтың «Боздағын күткен бейбақтарында» Тайфур, Шекспирдің «Ромео-Джульетасында» Тибальт, «Пай-пай, жас жұбайлар-айда» Есет сияқты образдарды сомдайды.

1987 жылы қаңтардың 9-күні көркемдік кеңестің сынынан өтіп, бір жылға келісімшартпен қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық театрға жұмысқа қабылданып, өнердің  қара шаңырағында өзін дәлелдеуге мүмкіндік табады. Академиялық театрда  тынымсыз тірлік, ізденістің нәтижесінде Әзірбайжан Мәмбетов қойған С.Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелерінде» М.Әуезовтің бейнесін көрсетіп, М.Әуезовтің «Абай» пьесасында Абайдың образын көрерменге жеткізеді. Мойнына артылған ауыр жүкті қайыспай көтерген талантты актердің театрдағы жетістіктері кинодағы бейнелері арқылы жалғасын тапқаны көпшілікке белгілі.

Еңбектің, төккен тердің өтеуіндей Саят Мерекенов 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, 2010 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды. Осы жылы Театр қайраткерлері одағы тағайындаған «Еңлікгүл» сыйлығының тұңғыш иегері болды.

– Сарқан ауданында өнерлі жастар аз емес. Алғашқы спектакльде Мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері өз рөлдеріне сай кейіпкерлерді сомдады. Тікелей міндеті болмағандықтан әуесқой актерлердің басын қосу қиын. Сондықтан, аудандық халық театры ұжымын құрып, шығармашыл ортада мәртебесін қорғасам деген талаппен Алматы мен Сарқанның ортасын жол қылып жүрген жайым бар. Жаз айларында гастрольдік сапармен ауданның елді мекендеріндегі көрермендермен қауыштық. Бүгінгі таңда келесі бір комедиялық қойылымды әзірлеу үстіндеміз, – дейді майталман актер бізбен әңгімесінде.

Біз де туған ауданның мәдени-рухани саласын кеңейтуге үлес қосып жүрген өңіріміздің танымал перзентіне деген ризашылығымызды жасыра алмадық.

Жомарт ИГІМАН

Сарқан ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.