Талдықорған: +12°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«СӨЗ БЕН ІС»: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

16.11.2019
САЯСАТ
"СӨЗ БЕН ІС": "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің өркендеуі жолында халық пен биліктің арасында алтын көпір қызметін атқарған «Nur Otan» партиясы көптеген игілікті істердің ұйытқысына айналып отыр. Бұған азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуді мақсат еткен партиялық жобалар дәлел. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуын қадағалау да партияның еншісінде. Осыған орай «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар САРЫБАЕВ  бізбен сұхбат барысында Жетісу өңіріндегі жетістіктерді саралады.

– Еліміздегі көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылары мәселесінің өте күрделі екендігі биыл ашық айтылып, мемлекет тарапынан түрлі қолдау мен көмек көрсетіле бастады. Соған орай «Nur Otan» партиясы осынау игілікті істердің талапқа сай атқарылуын қадағалап келеді. Осы бағыттағы жұмыстар қалай жүруде?

– «Nur Otan» партиясы әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешім табуын қадағалаудан танған емес. Тіпті, аса өзекті, түйткілді тақырыптардың шешімін қарапайым халық партияның қоғамдық қабылдауынан сұрап жатады. Соған орай қолдан келген көмегімізді көрсетіп, мәселені заңды жолмен шешу жөнінде кеңес береміз. Одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмсалатын қаржыны біздің партия бақылап отырады. Мысалы, «Бақытты отбасы» бағдарламасымен көпбалалы, толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе осы санаттағы балаларды асырап отырған азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздық қаражат беру мақсатында облысқа республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Бұл қаржы, ең алдымен, өз ісін жүргіземін деген отбасыларға беріледі. Яғни, мұқтаж отбасы шаруашылық, егіншілік, өндіріс саласында нақты бір кәсіпті жүргізуге жұмсауы тиіс.

Елімізде жекелеген азаматтар баспанаға мұқтаж отбасыларға тұрғын үй әперіп, көпшіліктің ықыласына бөленуде. Одан бөлек, облыста «Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі» 676 адамнан өтініш қабылдап, 310 отбасыға жаңадан салынған үйлерден пәтер беріп үлгерді. Бұл республика бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі екінші көрсеткіш. Жалпы жыл басынан бері 714 көпбалалы отбасыға баспана кілттері табысталды. Олардың 160-ы демеушілердің арқасында үйлі болды.

Расында көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар жайы қоғамдағы аса өзекті мәселенің бірі. Осыған орай «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының жанынан көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар ісі жөніндегі тұрақты комиссия құрылып, құрамына білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру департаменттерінің өкілдері, бірқатар басқарма басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, ата-аналар комитеті, Іскер әйелдер қауымдастығы мен Аналар кеңесінің белді мүшелері сынды сан салада қызмет атқарып жүрген 35 адам мүше болып кіргізілді. Комиссия төрайымы облыстық филиал төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева. Олар Жетісу жерінің барлық өңірлерінде атқарылып жатқан істердің дұрыс жүруін қадағалап, кеткен кемшілікті, болған қателікті дәл мерзімінде түзеуге септігін тигізеді.

– «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында өңірлерді дамытудың жолдары қарастырылған болатын. Соның негізінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бекітілген еді. Бұл әрбір ауылдық округ әкімінің жұмысын жандандыруға мол мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар қалай жүруде?

– Иә, рас айтасыз, аталған Жолдаудан бастау алған бағдарламаның жұмысын Үкімет көптеген бағыттар бойынша жүргізуде. Мысалы, биыл осы бағдарлама аясында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қолға алынып, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөлу, ауыл тұрғындарының қабылданған өңірлік стандарттарға сәйкес әлеуметтік игіліктер мен қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіле бастады. Атап айтқанда, облысымыздағы Жансүгіров, Бақанас, Қарабұлақ, Ұзынағаш, Сарыөзек, Балпық би және Шонжы секілді 7 аудан орталығында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның 44 жобасы бойынша нысандар салынып, елдің игілігіне жаратылуда. Бұл, ең алдымен, жергілікті халықтың қамын ойлаудан туындаған бастама. Жалпы, мемлекет тарапынан қолға алынған мұндай жобалар мен бағдарламалар облысымызда жанды қолдау тауып отыр. Мәселен, биыл мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мүшелерінің белсенділігін, азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында келер жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Бұл қозғалысқа үлес қосу үшін Жетісу жұртшылығын еріктілер жайлы ұғыммен жіті таныстырып, оның берер мүмкіндігі мен пайдасын саралау мақсатында аудан, қалалар мен ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай облыста «Жетісу еріктілері» жобасы іске қосылып, 928 ерікті белсенді жұмысқа кірісті. Дегенмен, бұл әлі де аздық етеді. Осыған орай еріктілер қатарын ұлғайту алдымызда тұрған өзекті мәселе.

– Еліміздегі саяси күштердің арасында «Nur Otan» партиясының шоқтығы биік көрінеді. Жалпы, партия қандай жұмыстар атқаруда? Іс пен сөздің айырмашылығы бар ма?

– Біздің партия қашанда халықтың мүддесі үшін еңбек етеді. Партия филиалының басшылығы жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудің жолдарын қарастырудан танған емес. Осыған орай биылғы 9 айдың ішінде «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы аудандық, қалалық партия филиалдарында партиялық кеңесші органдарының (саяси кеңес, саяси кеңес бюросы, депутаттық фракция) жұмысы бойынша 183 отырыс өткізіп, 240 ұсыным берді. Олардың бәрін нәтижесіз деп айтуға болмас.

Берілген ұсыныстардың 176-сы толық орындалып, азаматтарды толғандырған мәселелер шешімін тапты. Одан бөлек, 9 айда облыстық партия филиалы мен аудандық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6298 адамнан түскен өтініштің 3397-ы оң шешімін тапты. Сонымен қатар, партияның қоғамдық қабылдауына жазылған 279 адамды әкімдер мен орынбасарлары қабылдап, әр мәселенің дұрыс шешім табуына ықпал етті. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 97 бірыңғай тақырыптық қабылдаулар өткізіліп, нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі 105 азаматтан түскен өтініштің 71-і оң шешімін тапса, 16 өтініш бақылауға алынды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл алғаш жасаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау бойынша облыстық, аудандық және қалалық партия филиалдарында түсіндіру және талқылау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Жолдауды таныстыру, түсіндіру үшін жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған ақпараттық топтардың құрамына 67 адам енді. Олардың қатарында партия белсенділері, депутаттар, Саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, фракция жетекшілері, партия ардагерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бар. Бұл бүгінгі күннің ең өзекті бастамасының бірі. Себебі, Жолдауда айтылған өзекті мәселелердің орындалуы қоғамның белсенді, көзі қарақты саналы азаматтарының ойын дөп басады деп ойлаймын. Осының бәрі халық пен биліктің арасын жалғау, көпшілікпен тіл табысу бағытында қолға алынған жұмыстар. Осыған қарап сөз бен істің қалай қабысқанын бағамдай беріңіз.

Жалпы, «Партия жұмысын қайта жаңғырту» бағыты бойынша партияның барлық аудан, қалалық филиалдары төрағалары мен облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталовтың азаматтарды қабылдау кестесі әзірленіп, бекітілген. Соған орай жыл соңына дейін әр аумақтық филиал төрағасы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындарды мазалаған мәселелерді шешудің жолы қарастырылады.

Қазір көпшілік арасында туындаған бірқатар мәселелер әлеуметтік желілерде тез таралып, көпшілікті дүрліктіріп жатады. Осыған байланысты «Уатсап» желісінде арнайы топ құрып отырмыз. Сондай-ақ, «Телеграмм» желісінде арнайы ашылған арнамыз күнделікті жұмыс істеуде. Онда белсенді жастар, әлеуметтік желіні қолданушы партия мүшелері күнделікті ақпараттық, насихат жұмысын белсенді атқаруда. Топ құрамында «Жетісу-медиа» мекемесінің қызметкерлері, облыстық басылым тілшілері, партияның жастар қанаты бар. Бұл, ең алдымен, теріс таным-түсінікті сейілтіп, мәселенің көпшілікке дұрыс жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынуда. Әйтпесе, кей жағдайда мәселенің оң мен солын ажырату қиындап, дұрысты теріс деп қабылдау көбейіп барады. Ал қоғамның талап-тілегін тап басып, мәселенің мәнісін тез ұғыну – заман талабы. Сондықтан «Nur Otan» партиясы осы бағыттағы жұмысын да жандандырып отыр.

– Сұхбат бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан — Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

24.03.2026
Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

24.03.2026
Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.