Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАБЫСТЫ ЖАСЫРУҒА ЖОЛ ЖОҚ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР СЕМИНАРЫ

14.11.2019
ЭКОНОМИКА
ТАБЫСТЫ ЖАСЫРУҒА ЖОЛ ЖОҚ: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР СЕМИНАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Open space Taldyqorgan» ғимаратында салық төлеушілердің қатысуымен семинар өтті.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Төлеген Сәрсембаев патенттен басқа салық режиміне көшу және онлайн бақылау-кассалық машинаны қолдану мәселелерінің өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ, аталған тақырып аясында департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы А.Болат баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану жөніндегі талаптарды өзгерту бөлігінде Салық кодексінің нормалары күшіне енеді.

– Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет түрлерінің шектеулі тізбесі енгізіледі (32 түрі). Оларды жүзеге асыру кезінде патентті қолдану құқығы сақталады. Мұндай шектеудің негізгі мақсаты — бейресми еңбек қатынастарын болдырмау және нақты табыстарды жасыру. Тиісті табыстар алуды және жалдамалы қызметкерлерді тартпай жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес қызмет түрлері (тәулік бойы сауда, тамақ өнімдерін сату, базарлардағы сауда және басқалары) патент қолдануымен шектелетін болады. Қызмет түрлерінің тізбесін енгізу, табыс мөлшері және жалдамалы қызметкерлерді пайдалану бойынша шектеулерден басқа, негізінен ұқсас режимдерді ұсақ қолөнершілер қолданатын халықаралық практикаға сәйкес келеді, – деген А.Болат енгізілген норма жалдамалы қызметкерлерді заңдастырумен көлеңкелі айналымды төмендетуге бағытталғанын жеткізді.

Айта кетерлігі, бүгінде Алматы облысында 125826 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде патент негізінде 30643 салық төлеуші арнаулы салық режимін қолданады. Ал бұл жалпы санның 24 пайызын құрайды. 30643 патент иесінің 16483 жеке кәсіпкері (53 пайыз) сауда саласында қызмет атқарады. Сонымен қатар, жиында жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық, жалпыға бірдей декларациялау, электрондық-шот фактура жазып беру тәртібі мен жергілікті салықтарды өндіріп алу бойынша департаменттің жүргізіп жатқан жұмысы талқыланды. Мысалы, қызмет түрі рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген салық төлеушілер салық салудың «оңайлатылған декларация негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимі» не болмаса «салық салудың жалпы белгіленген тәртібі» режимінің біріне көшуі керек.

Жиынға қатысушылар тарапынан басқа арнайы салық режимдеріне көшу үшін не істеу қажет деген сауал қойылды. Оған баяндамашылар:

– Қазір патент режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге патенттен басқа салық режимдеріне көшу үшін салық салу режимін таңдау туралы қамқорлық жасау және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз тасығышта қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама жіберу қажет. Салық кодексіне сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн бақылау-кассалық машинаны (БКМ) қолдану бойынша міндеттемелер патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге және бірыңғай жер салығын төлеушілерге қолданылады. БКМ-ды қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабында реттеледі, – деп жауап берді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026
Жетісу тарихын сөйлеткен

Жетісу тарихын сөйлеткен

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.