Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУ ЖӘНЕ СИВЕРС АЛМАСЫ

12 қараша 2019
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУ ЖӘНЕ СИВЕРС АЛМАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алтай мен Жетісу жері ежелден тұмса табиғаты мен бай тарихымен әйгілі. Бұл аймақ – бағзы заманнан бері адамдардың қоныстану орталығы, Қытай империясы мен жоңғарларға тойтарыс берген жер. Ғаламдағы бар алма бастау алатын Сиверс алмасының да осы өңірде өсетіні көпті таңдандырмай қоймайды. Ол туралы көптеген фильм түсіріліп, жазылды да. Әлем ғалымдары алманың 2500 түрінің АНК (ДНК) тексеруден өткізді. Нәтижесінде Жетісу Алатауының бөктерінде өсетін алма ағашынан бар алманың тарау алатыны дәлелденді. Неге табиғат Жетісу жерін таңдап алды деген сауалға жауап іздей бастады. 


Сиверс алмасының көп шоғырланған аумағы Алакөл ауданына қарасты Лепсі, Көкжал ауылдары, менің туған жерім. Дәл осы жерде, яғни Қарой мен Ақтас аумағында әкем ұжымшар жылқысын бақты. Дәл осы жерде анам өз сүтін саумалмен алмастырып, омыраудан шығарған еді. Сол себептен туған жерімнің табиғатын зерттеуге ынтам ауа бастады. Мүмкіндігімше төменде келтірілген ақпараттарды жинастырып, сіздермен бөліскенді жөн көрдім. 

КСРО Ғылым академиясының биологиялық сөздігінде алма осыдан 165 млн. жыл бұрын пайда болған делінген. Жетісу жерінде өсетін Сиверс алмасы алғашқы екендігін ескерсек, сөздіктегі келтірілген сан да соған тиесілі. 

Сиверс алмасы белгілі бір климаттық жағдайда 1200-2000 метр биіктікте өседі. Қазақ- станның оңтүстік-шығысындағы Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауының бөктерінде 165 млн. жылдан астам уақыт өмір сүруде. Осыдан саналы адам (Homo Sapiens) осы жерлерде шамамен 150-200 мың жыл бұрын өмір сүріп келеді деген қорытынды жасауға болады. Шамамен 25 мың жыл бұрын ең соңғы мұз дәуірі басталып, адам таудан ойпатқа, жылы өлкеге, Жерорта теңізіне дейін, мәдениет, тұрмыс, еңбек құралдары, білімін өзімен бірге әкетті. 

Ал Сиверс алмасы мен 1200-2000 метр биіктікте орналасқан басқа да ағаш, өсімдіктер Мәңгілік құрлық аумағында өсіп-өнуін тоқтатпай біздің күнімізге дейін жеткен. Осыдан барып тұқымы жер жүзіне шашыраған. Шығыстан Батысқа қарай. Жеміс ағашы мен бұта тұқымдарын негізгі таратушылары жабайы аңдар мен құстар: аюлар, маралдар, тау ешкілері,  қарға және тағы басқасы екені дәлелденген. Ал марал Көкжар және Лепсі тауларынан бастап Памир тауларына дейінгі аралықты мекендейді. Сондай-ақ, тұқымның таралуының бірден бір себепкері Ұлы Жібек жолы болғаны жасырын емес. Өйткені, оның бір бөлігі жоғарыда аталған жерлерді кесіп өткен. 

Сиверс алмасының ең қалың жабайы алқаптары Көкжар мен Лепсі аймағында өседі. Ал қалған жерлерде олар бірте-бірте жойыла бастаған. Көкжар мен Лепсіде Сиверс алмасын сақтай отырып, көбейту мақсатында екі мемлекеттік қорық құрылған. Басында аталған мекен менің туған өлкем екенін жаздым. Осы жерде туып-өстім, жұмыс істедім. Жер астынан мөлдір сулар ағып, таза тау өзендері, таңқурай, бүлдірген, қарақат, долана мен алманың түрлі сорты кездеседі. Ауасы қандай таза десеңізші?! Щвейцариядан кем емес. Өңірде дәрілік шөптердің молдығына байланысты ара балы эталон болып саналады. Кезінде Лепсі балы емен бөшкесімен хан дастарқанына жөнелтілетін. Жайқалып өскен қызғалдақтары ше? Бүгінде Голландияға қызғалдақтарды Қазақстаннан тасымалдағаны жасырын емес. Бұл – осы жерде жұмақ бақтары өскендігінің тағы бір дәлелі. Қазіргі уақытта де өседі. Алтай мен жақын таулар туралы барлығы Шамбала туралы айтқандай  жырлайды. Мұнда  Н. Рерих пен басқа ғалымдардың ынтызары аууы кездейсоқтық емес.

Камза КУНЕЛЕКОВ,
express-k.kz сайтынан қысқартылып алынды

Қатысты жаңалықтар

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.