Талдықорған: +22°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҮЛГІ БОЛДЫ»: ОБЛЫС ӘКІМІ 80 ЖАСТАҒЫ ЕҢБЕК АНАСЫНА ТӨСБЕЛГІ ТАҚТЫ

25.10.2019
КҮНДЕРЕК
"ҮЛГІ БОЛДЫ": ОБЛЫС ӘКІМІ 80 ЖАСТАҒЫ ЕҢБЕК АНАСЫНА ТӨСБЕЛГІ ТАҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шынайы ерлік пен еселі еңбек ескерілмей қалмайды. Оған жазиралы Жаркент өңірінің жұрты тағы көз жеткізді. Аты аңызға айналған атақты жүгеріші, Социалистік Еңбек Ері, Алматы облысы мен Панфилов ауданының Құрметті азаматы Күләш Айтжанованы 80 жасқа толуына орай облыс әкімі Амандық Баталовтың арнайы келіп құттықтауы – соның бір айғағы.

Аудандық әкімдіктің актив жиынында облыс әкімі сөз сөйлеп, Күләш әпкемізді мерейлі жасқа жеткен қуанышымен құттықтады. Ауданға келген сайын ардагер анаға арнайы барып амандасып, хал-жағдайын біліп тұратын облыс басшысы адал еңбегімен биік құрметке ие болған Күләш Айтжанқызы туралы көсіліп сөйледі.

– Өмірге келгеннен тек қиындықтармен тіршілік кешкен ананың қазір жасы сексенге тақаса да, қажыр-қайраты сарқылмағаны қуантады. Ол үш жасқа толғанда Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі Айтжан майданға аттанды. Соғыстан әке оралмады, бұғанасы қатпай шаруашылық жұмысына араласып, анасы екеуі майданда қаза болған асыл азаматтың атына селкеу түсірмей еңбек етті.

Ұжымдық шаруашылықтың барлық науқандық жұмыстарының алдыңғы қатарында жүрді. Қой қырықты, егін суарды, механизаторлық мамандықты меңгеріп, шаруашылық тракторын да жүргізді.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Жаркент өңірінде жүгері өсіріле бастағаннан жеке алқап алып, «дала аруын» баптады. Бір өзі 100 гектар жүгері алқабын күтіп-баптап, жыл сайын одан жоғары дәрежеде сапалы өнім жинап, үнемі өзара жарыстың жеңімпазы атанып жүрді. Соның нәтижесінде Кеңестер одағы оның еңбегін жоғары бағалып, 1971 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын берді.

Күләш апамыз еңбек еткен кеңес кезеңіндегі Еңбек Қызыл Ту орденді С.Киров атындағы ұжымдық шаруашылық өндірістік қуатымен республикада атағы аспандаған өндіріс орындарының бірі еді. Осындай өндірісі өрге домалаған ұжымдық шаруашылықтарда жалпы жетістікке еселеп үлес қосқан атпал азаматтар мен ерен еңбеккерлер аз емес болатын. Солардың арасынан оза шауып, Кеңестер одағының ең жоғары наградасына ие болуының өзі Күләш Айтжанқызының ерен еңбегін айғақтайды.

«Біздің жас кезімізде ерен еңбегі, өнегелі өмірімен үлгі болар аға буын өкілдері көп еді. Мысалға алар болсам, екі мәрте Еңбек Ері атанған майталман Николай Никитч Головацкий, бір шаруашылықта бірге еңбек еткен атақты жүгерішілер Мариям Ниязова, Әбілмәжін Қасымбеков, Әлімжан Бақтаев, басқа да орденді әпке, ағаларымыз жастарды атақ, абыройымен қызықтырып, адал еңбекке баулуда үлгі болды. Солардың қатарында Күләш апамыз да талай жастың кеудесінде жігер отын жалындатқаны анық», – деп бір қайырған Амандық Ғаббасұлы қашанда тыным таппайтын ардагер ананың бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнына ерекше тоқталды.

Облыс басшысы бұл жиынға құрқол келмепті. Ардагер ананың иығына шапан жауып, қолына гүл шоғын ұстатып, кеудесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген «Алтын барыс» төсбелгісін тақты. Мемлекет басшысының Алғыс хатын оқып, тапсырды. Ардагер анаға ұзақ ғұмыр тіледі.

Облыс басшысының ыстық лебізіне толқыған Күләш Айтжанқызы еңбегін елеген ел азаматтарына алғысын жаудырды. Жиында «Құрмет» орденінің иегері, Панфилов ауданының Құрметті азаматы, «Қарасу» өндірістік кооперативінің төрайымы Күлғайша Бердіғұлова, ҚР білім беру ісінің үздігі, ауданның Құрметті азаматы Ахметжан Надыров, «Қамқорлық» ЖШС төрағасы Әлен Жолдасов сөз сөйлеп, ардагер ананы мерейтойымен құттықтады.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Мәжіліс отырысында Ринат Зайыт өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Қымыз ішкен адамды «ішімдік іштің» деп, жүргізуші куәлігінен айыру әділетті ме? – Ринат Зайыт

01.04.2026
Медицинадағы бақылау цифрлық форматқа көшті

Медицинадағы бақылау цифрлық форматқа көшті

01.04.2026
Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады

Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады

01.04.2026
Тыйым салынған кітаптарды сақтаған үшін айыппұл салынады

Тыйым салынған кітаптарды сақтаған үшін айыппұл салынады

01.04.2026
Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды

Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.