Талдықорған: +22°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

БАРЫС-КЕЛІС АРТАДЫ: ҚОРҒАСТА БЕЛАРУСЬ ПАВИЛЬОНЫ АШЫЛДЫ

24.10.2019
ЭКОНОМИКА
БАРЫС-КЕЛІС АРТАДЫ: ҚОРҒАСТА БЕЛАРУСЬ ПАВИЛЬОНЫ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шекарадағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы шын мәнінде халықаралық ынтымақтастық алаңына айналды. Бұған дейін арнайы экономикалық аймаққа көрші Ресей Федерациясынан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан, тағы басқа елдерден ресми тұлғалар арнайы келіп, өздерінің сауда-саттық орталықтары мен өндіріс орындарын салуға келісім жасап кеткен болатын.

Солардың қатарында Беларуссиядан да ресми қонақтар келді. Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин өз елінің сауда павильонын салтанатты жағдайда ашты. Ынтымақтас ел Үкіметінің басшысы бұл сапарында Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы көлік-логистикалық кешенінің дамуы мен сауда ынтымақтастығын іске асыру барысымен танысуды мақсат етті.

Құрметті қонақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі «Нұр жолы» өткізу бекетінің жұмысымен танысып, облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» ШЫХО аумағын аралады.

Айта кетейік, «Нұр жолы» өткізу бекеті өткен жылы қолданысқа берілген. Нысан қуаттылығы күніне 2500 жүк көлігін өткізе алады. 25 гектар аумақтағы кеденде көліктің екі тарапқа қауіпсіз кіріп шығуын бақылайтын 8 жолақ орналасқан. Ол тиісінше, мұндағы кептелісті жойып, жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Кеден жұмысы туралы «Нұр жолы» өткізу бекеті басшысының уақытша міндетін атқарушы Тұрсынбек Ермеков баяндады.

Халықаралық өткел қызметкерлері жаңа кеден пункті пайдалануға берілген бір жылға жуық уақытта 40 мыңнан аса жүк көлігін және 16 мынңан аса жолаушы тасымалдаған автобустарды рәсімдеп, сол қызметтен ел қоржынына 27 миллиардтан аса қаржы әкелген.

Әңгіме барысында қонақтар кеден қызметкерлері мен компания басшысынан өткелдің көлік өткізу мүмкіндігін еселей түсетін басқа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жайында сұрап білді. Бұдан соң «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА табан тіреп, мұндағы «Құрғақ порт» айлағының жұмысын көрді. «Құрғақ порт» жұмысын құрметті қонаққа кәсіпорын басшысы Ибрагим Маныбаев таныстырды. Сол қатарда «Құрғақ портқа» іргелес жатқан логистикалық аймаққа да бас сұқты. Осы жерде аймақта жүзеге асырылған басқа да жобалар таныстырылды. Ауқымды жобаның бірі аумағы 11, 4 гектарды алып жатқан «А» класты жүк сақтайтын қойма. Яғни, көрші елден келген немесе өзімізде өнідірілген тауарлар осында сақталып, қажетті бағытқа жөнелтіледі. Шетел инвесторларымен бірлесе іске асырылып жатқан аталмыш жоба жуырда пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, жүгері, басқа да дақыл өнімдерін өңдеумен айналысатын «Заря ЛТД», «Феникс фид миллс» кәсіпорындарының қызметі де қонақтарды қызықтырды.

Қолданысқа берілген өндіріс орындары астық қабылдап, тазалауға, кептіруге, сақтап, сатуға арналған. Бұл кәсіпорындардың жалпы қуаттылығы жылына 100 мың тонна дән қабылдай алады. Биыл шекаралы аймаққа келушілердің саны жылдағыдан арта түспек. Оған арнайы экономикалық өңірде қолға алынған 5 ірі жоба негіз болмақ. Сол қатарда сауда кешендері, әлемдік стандартқа сай цирк, қонақүй, емдеу орталығы сынды халыққа қажетті нысандар бой көтермек. Орталықтағы жаңашылдық бұл ғана емес. Қазір мұнда 6 жүк өткізу терезесі мен арнайы күту залы ашылған. Бұл туристер мен сауда-саттық жасайтын адамдарға қолайлы жеңілдік жасайды.

Сапар барысында қонақтар «Қорғас» ШЫХО біздің ел инвесторлары  пайдалануға берген бірнеше сауда орындарын аралап көрді. Жалпы құны 1 млрд. 700 мың теңге болатын «Қазлюмер» сауда орталығынан туристер отандық өнімдердің небір түрін табады. Қос қабатты нысанда қазірдің өзінде 40-тан аса дүңгіршек жұмыс істейді. Қонақтар орталықтың әкімшілік кеңсесі алдындағы алаңға қарағай көшеттерін екті. Сапар соңында қонақтар қазақ елі шекарасындағы аталмыш орталықта сауда павильонын ашу рәсімін жасады.

Салтанатты сәтте алдымен Александр Турчин сөз сөйлеп, Қазақстан мен Беларусь мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың нығая түскенін баяндады. Сонымен қатар, «Қорғас» ШЫХО Беларусь сауда павильонының ашылу рәсімі Беларусь Республикасы Президенті Александар Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары алдында жүзеге асқалы тұрғанын ынтымақтастық пен өзара достықтың бір көрінісі деп бағалады.

Өз кезегінде Амандық Ғаббасұлы Беларусь мемлекетімен байланыс басқа бағыттарда да кеңінен дамып келе жатқандығы жөнінде әңгімеледі. Әсіресе, Беларуссияның ауылшаруашылығы өндірісінде қолданылатын техникалары қазақ елінің игілігіне ырыс әкелетінін атап көрсетті. Жылы лебіздерден соң лента қиылып, Беларусь сауда павильоны ашылды.

Ресми қонақтар Қазақстанда атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, облыс әкіміне, басқа да лауазымды тұлғаларға алғыстарын білдірді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.